Материалдар / Мақала мектепке дейінгі ұйым
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала мектепке дейінгі ұйым

Материал туралы қысқаша түсінік
БАЛАЛАР АҚЫНЫ, ПЕДАГОГ ҒАЛЫМ Ә. ТАБЫЛДИЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ Ұлттық тәрбиенің басты құралы ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлер және дала даналарының тәлімдік өнегелері. Қазақ халқының ұлттық әдебиеті (жырлар, ертегілер, шешендік сөздер т.б.) әлемдегі ең бай әдебиет. Ол жастарды ерлікке, бірлікке, еңбекке, адалдыққа, адамгершілікке, көркемдікке тәрбиелейді. .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2021
485
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАЛАЛАР АҚЫНЫ, ПЕДАГОГ ҒАЛЫМ Ә. ТАБЫЛДИЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Автор: Денисбекова Гульмира

МҚК «Қуат» балабақшасы

ds_kuat@mail.ru



Педагогика ғылымдарының докторы, ұстаз-ғалым, ақын, жазушы Әдібай Табылдиев қазақ балалар әдебиетінің керегесін кеңейтіп, шаңырағын биіктетіп, уықтарын түгелдеп шығарған 41 кітабына ертегілер, пьесалар, скетчтер, интермедиялар, қойылымдар, әңгімелер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мазақтамалар, тақпақтар, түрлі айтыстар және т.б ғылыми еңбектері бар. Әдібай Табылдиев 1926 жылы 2 қаңтарда қазіргі Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келді. Педагог-ақынның ұстаздық еңбегі 1944-50 жылдары сол Жаңатұрмыс ауылындағы Қазақ орта мектебінің аға пионер вожатыйы және бастауыш сыныптарының мұғалімі қызметінен басталады. Балаларға арналған бес томдық таңдамалы шығармаларының «Таңғажайып ертегілер» атты бірінші томына автордың жан-жануарлар туралы мысал-ертегілері мен қатар, «Сырлы қала», «Қоян қалай ноян болды», «Бейбітшілік құсы», «Көк байрақ туралы ертегі», «Ғарышқа саяхат» т.б. ғылыми,қиял-ғажайып ертегілрі енген. Педагог ақынның «Алыптардың алыбы», «Бәрекелді Кірпі», «Ғажайып бақ» сияқты ертегі пьесалары республикалық қуыршақ тетрында қойылды.

Көрнекті ұстаз, еңбекқор ғалым негізінен, ұлттық тәрбиенің ғылыми теориялық және практикалық мәселелерін зерттеді, қазақ этнопедагогикасы ғылымының негізін қалап, пәндік мәнін айқындап, ұлттық тәрбиелік мәнін ашып, оқу бағдарламасы мен оқу құралдарын шығарды. Олай болса, Ә. Табылдиевтің 13 томдық ғылыми еңбектерін төмендегі кестеде топтастырдық.


  1. кесте. Ә.Табылдиевтің 13 томдық ғылыми еңбектеріне сипаттама


Томдық еңбектерінің атауы

Мұзмұны

1

Таңғажайып ертегілер – Алматы: «балалар әдебиеті» баспасы. - 2005. - 222 б.


Жинаққа «Сырлы қала» сияқты қиял-ғажайып ертегілер және «Қарға мен қоян», «Қожалақ пен кіркөйлек» сияқты мысал-ертегілер енген. «Ормандағы жаңа жыл» сияқты ертегілер сахнаға қоюға лайықталып жазылған.Жинақтағы 65 ертегі алуан түрлі тақырыпта қызықты оқиғаларды баяндайды.

2

Қасиетті сөз (пьесалар), - Алматы: «Балалар әдебиеті» баспасы. -2005. -296 бет.

Жинаққа «Бәрекелді Кірпі», «Алыптардың алыбы», «Ғарышкер Қоян» сияқты қиял-ғажайып ертегі пьесалар, «Армандастар» сияқты жаңаша өмір толқынын көрсететін пьесалар, «Қозы көрпеш – Баян сұлу, «Елін сүйген Ертарғын» либреттолары (барлығы 18 пьеса, 2 либретто) енген.

3

Мектеп сахнасы: фирма «Орнак», 2013. – 314 б.


Скетчтер атты тарауда «Қыздың жұмысы», «Кербақбай мен Кердеңбай» сияқты сатиралық – юморлық шығарамалар енген.Олар қызықты оқиғаларға құрылған.( 11 скетч)

4

Көңілді балалар. – Алматы:

«Балалар әдебиеті» баспасы - 2006. 230 б.

Жинақтағы «Тақпақтар» атты тарауда бөбектерге арналған «Бекжан – бөбек». «Аңсарым», «Ата, бізге келіңіз», «Ғарышкерлер – жұлдыздар» т.б. 116 тақпақ ендірілген.

1.«Табиғатым – тамаша» деген бөлімде «Алтын таулар», 2.«Дақылдар әні». «Жеміс тойы» т.б.сюжетті тақпақтар ендіріпген. (барлығы 112 тақпақ)

3. «Кім болам?» атты бөлімде «Ұстаз-ана», «Шаңғы жарыс», «Мен – паровоз»,»Кішкентай дәрігер» т.б. тақырыптар мамандықты сүюге тәрбиелейді. (Барлығы 61 тақпақ.)

4. Мысқылдар атты бөлімде «Ана тілі сабағында», «Күлдірген – боксші», «Санат сабақта» т.б. 61 тақпақ енген.

5. «Сын-сықақ» атты бөлімде «Күлдіргеннің модасы», «Тұмардың ойыны», «Ана тілі сабағында» т.б. мысқыл-тақпақтар енген. (Барлығы 78 мысқыл)

6. «Мысалдар» атты бөлімде «Аю мен ара», «Қораз бен балапандар» т.б. 61 мысал енген.

7.Соңында 75 санамақ, 20 жаңылтпаш, 19 мазақтама, 16 жұмбақ енген.

5


Айналайын балалар. – Алматы: «Балалар әдебиеті» баспасы.- 2008. 241 б.

Қойылымдар атты тарауда «Кім болам?», «Біз мектепке барамыз», «Әліппемен қоштасу» т.б. даталық күндерге арналған қойылымдардың мәтіндері берілген. Кітаптың ішінде 24 қойылым бар. Кештер және ертеңгіліктер деген тарауда «Ұшырды ұямыз», «Айналайын ақ мамам», «Білім күні» сияқты ертеңгіліктердің, кештердің мәтіндері берілген.

6

Әдеп әліппесі: Оқу-тәрбие құралы. - Алматы, Білім баспасы 2007- 307 б.

Жинаққа бөбектерге арналған 60 қысқа әңгіме, «Жаңылтпаш әліппе» және «Жетілген жемістер» атты ертегі, жазушы Панзабеков орыс тіліне аударған «Учтивые дети» атты әңгімелер, жалпы 86 әңгіме енген.

7

Этнопедагогикалық оқылымдар - Алматы

«Білім», 2005, - 285 б.


1-тарауда «Қазақ этнопедагогикасы және мәдениеттану» тақырыбы бойынша, қазақтың ұлттық мәдениетінің тәрбиелік мәні, этнопедагогика – педагогикалық ілімнің интегративтік саласы екендігі, қазақ этнопедагогикасының ұлттық мәдени негіздері, ғаламның Екінші ұстазы әл Фарабидің,шежіреші ғалым Жүсіп Баласағұнидың,ұлы тәлімгер Мұхаммед Хайдар Дулаттың, Х1Х ғасырдағы қазақ ағартушылары Абай Құнанбай ұлының, Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, ХХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының ұлттық мәдениет туралы ойлары талданып, ғылыми тұжырымдар берілген.

2-тарауда «Педагогикалық шешендік» тақырыбы бойынша, шешендіктің мәні, түрлері, ұлттық мәдениеттегі орны туралы ғылыми пікірлер тұжырымдалған.

3-тарауда «Ұлттық тәрбие иірімдері» тақырыбы бойынша, тәрбие тағлымдарының мәні мен мазмұны, біртұтас тәрбие тағлымдарының диалектикалық негіздері, тәрбие мазмұнын жүзеге асырудағы заңдылықтар, тәрбие теориялары мен түрлері,жеке тұлғаның қалыптасуына ұжымның ықпалы туралы жазылған.

4- тарауда «Қазақ этнопедагогикасындағы құқықтық тәрбие» туралы талдаулар беріліп,ғылыми-теориялық тұжырымдар жасалып. тәрбиені жүргізу тәсілдері көрсетілген.

8

Ұстаз тәлімі - Алматы «Білім» , 2006. – 163 б.

1-бөлімі «Тәлімдік иірімдер» атауымен 365 тақырыпта педагогтік ойлар, қысқа қайырымдар берілген.

2- бөлімі «Педагогикалық ойлар» деп аталатын 30 тақырыпта ғылыми-педагогикалық мақалалар жинақталып берілген.

9

Қазақ этнопедагоикасы: Оқулық. Алматы: «Білім»,2014,- 316 б.


«Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық, әдіснамалық негіздері туралы баптар енген.

2- бөлімге «Ұлттық тіл мен әдебиеттің этнопедагогикалық мәні» талданып, мінездің түрлері туралы мақал-мәтелдер, тақпақтар,жұмбақтар,мазақтамалар, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні туралы ғылыми-педагогикалық тұжырымдар, ұлттық өнер мен дала мәдениетінің тәрбиелік мәні туралы ғылыми ойлар берілген.

3- бөлімде «Ұлттық мәдениет – тәрбие негіздері» деген атаумен үлттық тіл, ұлттық әдеп,ұлттық сана, ұлттық ар-намыс, ұлттық рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық дағды,үлттық мінез туралы, жеке тұлғалардағы теріс мінездерді тәрбиелеу тәсілдері туралы педагого-психологиялық ойлар тұжырымдалған.

4-бөлімде «Ұлттық тіл тәрбие құралы» қазақ тілінің ерекшеліктері ,тілашар дәстүрі, шешендік сөздер,өсиет сөздедің тәрбиелік мәні талданған.

5-бөлімде «Ұлттық мінез және тәрбие» туралы талдаулар беріліп мінездің 53 түріне талдау берілген.Ұлттық мінез және мінездік әдептер туралы талдаулар берілген, теріс мінездерді тәрбиелеу тәсілдері талданған.

6-бөлімде «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрлерінің тәрбиелік мәні» талданып, ер баланың әдебі, қыз баланың 41 әдебі туралы соны пікірлер тұжырымдалған..

7-бөлімде «Қазақ халқының ежелгі дәуірдегі тәлім-тәрбиелік жәдігерлерінің тәрбиелік мәні» талданып, Күлтегіннің, Қорқыт атаның,ә Фарабидің, Жүсіп Баласағұнидің,Ахмет Яссауидің, ұлы тәлімгер Мұхаммед Хайдар Дулатидің,Өтей бойдақ Тілеуқабыл ұлының этнопедагогикалық ойдары туралы ғылыми тұжырымдар берілген.

8-бөлімде «Қазақстанда Х1Х-ХХ ғасырлардағы этнопедагогикалық ойлардың дамып, қалыптасуы» талданып, ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің, Абай дананың, Шоқан ғалымның, қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының, Мұхтар Әуезовтың, Мағжан Жұмабаевтің, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мыржақып Дулатовтың, Сұлтанмахмұт Торйғыровтың ұлттық тәрбиелік ойлары тұжрымдалып берілген.

10

Ұлттық тәрбие: Оқу-әдістемелік құрал. –Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010. – 252 б.


1 бөлімі «Ұлттық тәрбиенің ғылыми – педагогикалық құралы - халық тәлімі» атты 1-бөлімде халық педагогикасының (этнопедагогиканың) тағлымдары мен теориялары тұжырымдалып, берілген.

2 бөлімі «Ұлттық мәдениет – тәрбие негіздері» атты 2-бөлімде ұлттық әдептің түрлері, ұлттық сана, ар-намыс, рух, мақтаныш, талғам туралы ғылыми тұжырымдар, ұлттық мінез түрлері, олардың тәрбиелік мәні туралы этнопедагогикалық ой тұжырымдары берілген және 25 тақырыпта әдістемелік мақалалар ұсынылған.

3-бөлімде «Ер Тарғын» жырын оқытудың әдіс-тәсілдері берілген.

11

Әзіл-оспақ,сын-сықақ.- Алматы: «Білім», 2006- 333 б.


Мысқылдар» атты 1-бөлімге 217 алты тармақты қысқа мысқылдар ендірілген.

1.«Сықақ өлеңдер» атты екінші бөлімге 33 сықақ өлеңдер және «Билік кімде?» тақырыбында отбасы драмасы, «Бекен мен Бектастың қағытпасы» берілген.

2.«Мысалдар» бөлімінде 11 мысал және 115 алты тармақты қысқа мысалдар, 75 шымшыма шумақтар берілген.

3.«Скетчтер» бөлімінде 40 скетч берілген.

4.«Сықақ әңгімелер» бөлімінде 77 қысқа әңгіме берілген.

12

Рубаһилар мен бәйіттер. Әдібай Табылды, -Алматы:

«Асыл мұра» баспасы, 2014 – 568 б.


Рубаһилары мен бәйіттерінде ақынның философиялық ойлары мен педагогикалық тағлымдары жаңаша поэзиялық тәсілдермен рубаяттық, бәйіттік өрнекте түйінделіп берілген. Анафора,эфифора, ассонанс, аллитерация, ішкі ұйқас айшықтарымен ақын рубаһилар мен бәйіттер нақышына соны әуез кіріктіріп, философиялық поэзияға жаңаша мазмұн мен ұлттық –көркемдік жаңалықтар ендірген. Жаңа туындылардың философиялық астары терең, поэтикалық қарымы берік, тәрбиелік мәні зор. Өнеге өрнектері оқырмандарды қызықтырады, ойландырады, жаттандырады, ең басты мақсаты - тәрбиелейді.

13

Поэзиялық таңдамалар.

Алматы «Білім» 2006.

347 б

Ақын лирикасының әуезділігі, ұйқастарының әсемсаздығы-дара құбылыс. Ақын толғауларында Күлтегін, Қорқыт ата, А.Яссауи, әл-Фараби, Абай, Ыбырай, Мағжан, Сәкен сияқты ұлы адамдардың поэтикалық портреттерін өзінің поэзиялық тәсілдерімен тартымды суреттеген. Қызықты, тарихи оқиғалардың желісіне құрылған балладалары мен толғаулары, шағын поэмалары арқылы ақын сюжеттік поэзияда өз мақамдарын қолдана білген. Әсіресе, ақынның толғаулары мен балладалары – даналық ойдың философиялық астарын тереңдетіп, ақиқат құдіретін айқын бейнелейді. Жинақтың поэтикалық берік қарымын сезінген оқырман, мұндағы шығармаларды қызыға оқып, пайымдап пайдалана алады.


Ұлттық тәрбиенің басты құралы ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлер және дала даналарының тәлімдік өнегелері. Қазақ халқының ұлттық әдебиеті (жырлар, ертегілер, шешендік сөздер т.б.) әлемдегі ең бай әдебиет. Ол жастарды ерлікке, бірлікке, еңбекке, адалдыққа, адамгершілікке, көркемдікке тәрбиелейді. Ұлттық тәлім-тәрбие бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ойды дамытады. Қазақ халқының ұлттық болмысы оның иманды, қонақжай, ержүрек, өнерпаз, шешен, намысты халық екенін көрсетеді. Қазақ халқының имандылығын оның әдебі мен қайырымдылық дәстүрлерінен, кісілік бейнесінен көреміз. Бала тәрбиесінде тілазарлық - тiлалғыштық, инабатсыздық – инабаттылық, қырсықтық – iзеттiлiк, ұятсыздық – имандылық, анайылық – сыпайылық, енжарлық – ықыластық, әдепсіздік - әдептілік т.б. қарама-қайшылықтарды тәрбиешi ұстаз, ата-ана, жеке тұлғаның өзi сергек сезiнiп, сол қарама-қайшылықты жеңу үшiн, өмiр тәжiрибелерiне сүйенiп, түрлi тәрбие тәсiлдерiн, амал-айлаларын, әдiстемелiк тұжырымдарын iске асырады. Жас баланың дүниетанымын, қиялын, тiлiн дамыту үшiн ата-ана және отбасының үйелмендерi тәрбие тәсiлдерiн жан-жақты қолданады: балаға сан үйрету, тiлiн ширату үшiн жаңылтпаштар үйретудiң әдiс-тәсiлдерi, жеке тұлғаны өмiрге бейiмдеу (өзiне өзi қызмет етудi, «тiршiлiк жасауды» үйрету жолдары т.б.) тәжiрибелерi халық педагогикасында сабақтасып, сапалы нәтижелерiн көрсетедi.

Халық тәрбие тәжiрибелерiне сүйенiп «адам болар баланың адамменен iсi бар, адам болмас баланың адамменен несi бар», «сабыр түбi – сары алтын», «жақсылыққа жақсылық - әр кiсiнiң iсi, жамандыққа жақсылық – ер кiсiнiң iсi» деп тұжырымдайды. Халық тәрбие тәжiрибелерiне (ұлттық тәрбиеде) ауыз әдебиетiн, әдептiлiк негiздерiн, салт-дәстүрлердi, салт-сананы пайдаланады. Ол үшiн рәсiмдер жасайды, ырым-тыйымдар қолданады, рәмiздердi, жол-жоралғыларды пайдаланады. Тәрбие тәжiрибелерi балабақшамен, мектеп өмiрiмен сабақтастырылады. Балабақшадағы тәрбие тәжiрибелерi жоспарлы түрде ғылыми-педагогикалық негiзде жүргiзiледi. Бөбектер мен балдырғандардың дүниетанымын, тiлiн, қиялын дамытып, мiнез-құлқына әсер ету үшiн, түрлi ойындар, эстетикалық әсер еткiш тәсiлдер қолданылады. Әрине тәжiрибе жаңаша жаңғырып (инновацияланып) отырады. Ол балабақшадағы әдiскер-тәрбиешi халықаралық, халықтық, педагогикалық тәжiрибелердi жан-жақты игерiп, өз iсiнде жаңаша (жаңғырту) iс-әрекеттерiн ұйымдастыра бiлуге тиiс. Балабақшадағы iс-тәжiрибелерi, көбiнесе, отбасымен тығыз байланыста болуға тиiс екендiгi белгiлi. Қандай тәрбие болса да, белгілі бір ұлттың тілінде, сол ұлттың тәлім-тәрбиелік құндылықтары (әдебиеті мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін, тәрбиелік ой-тұжырымдарын) пайдалану арқылы іске асырылады. Яғни ұлттық тәрбие негізі – халықтық педагогика. Ұлттық салт-дәстүрлер тәрбиелік қолданыста ұлттық әдеп болып қалыптасқан. Ұлттық әдеп – қазақ халқының рухани, мәдени, тәлімдік құндылықтарының алтын арқауы. Ол - игі әдет, әдет – құрыптың ұлттық-мәдени қолданысы. Ұлттық әдеп ұлттың тәлім-тәрбиелік мәдениетін көрсетеді. (Сөз мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, іс-әрекет мәдениеті, мінез мәдениеті, әлеуметтік мәдениет,тұлғалық мәдениет т.б.) Әдеп дәстүрге, дәстүр салттқа, салт салт-санаға айналып, ұлттық тәрбие негіздері қалыптасты.

«Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық әрбір тұлғадан сөйлеу мәдениетін талап етеді. «Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала» деп, халық әдепсіздікті қатаң мінейді. «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын » деп, Абай дана көп сөйлеудің өзі әдепсіз екенін ашық айтады. Мінез-құлық әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, шығармашылық әдебі, қарым-қатынас әдебі ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы мәдениетінің дәрежесін көрсетеді. Жалпы ұлттық әдеп – ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу - әрбір тұлғаның адами және ұлттық борышы.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Табылдиев Ә.Ұлттық тәрбие: Оқу-әдістемелік құрал. –Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010. – 252 б.

  2. Табылдиев Ә. «Өнегелі өмір» сериясының 110 шығарылымы. Алтамы, «Қазақ универсттеді баспасы, 2017-330 б.

  3. Табылдиев Ә Халық тағылымы - Алматы : Қазақ ун-ті, 1992. - 200 б.

  4. Табылды Ә Қазақ этнопедагогикасын оқытудың әдістемесі. Қазақ университеті баспасы, Алматы, 2001 ж. 6,43 б.т.






2


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!