Мектепте ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ
алушы БАЛАЛАРмен жұмысты
ұйымдастыру
Ибраева Турсынхан
Жанаткановна,
бастауыш сынып
мұғалімі,
директордың оқу-тәрбие
жөніндегі орынбасары
«МДШО бар №9 орта мектеп»
КММ,Талдықорган қаласы
Қазіргі таңда инклюзивті білім
беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі
себептермен ақыл-ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы
тежелген балалар білім алып отыр. Инклюзивті білім алушы әр баланың
өз қабілеті, өзіндік ерекшеліктері бар.
Жалпы білім беретін
мектептерде мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды
оқытып, үйрету үдерісін
педагогикалық, психологиялық қолдау үшін
психологке, логопедке, дефектологқа, әлеуметтік педагог мамандарына
арналған кабинеттерді жабдықтау қажеттігі бар. Мектепте арнайы
мамандар тарапынан инклюзивті білім алушы оқушылар оқып-үйренудегі
қиындықтарын уақытылы анықтап, оларға коррекциялық-педагогикалық
қолдау көрсету үшін, білім игеруге байланысты қол жеткізілген
деңгей туралы психологиялық-педагогикалық мониторинг
жүргізіледі. Негізінен инклюзивті білім
алатын балалардың ерекшілігі шаршағыштығымен, жұмысқа қабілеттілігі
төмендігінен байқалады. Түсініктері фрагментарлық, зейіндері
тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, жалпы психикалық
процестердің дамуында баяушылық байқалады, мұндай жағдайда арнайы
мамандар өз бағыттары бойынша балалар мен ата-аналарға кәсіби
қолдау көрсетіп, нәтижелі жұмыстарды ұйымдастырады. Бұл жұмысты
жүзеге асыру үшін мектепте балаға психологиялық-педогогикалық
қолдау қызметі ұйымдастырылған. Білім алушылармен жан-жақты
жұмысты сынып жетекшісі, психолог, логопед,
дефектолог,әлеуметтік
педагог бір-бірімен тығыз ынтымақта
бірлесе отырып, жұмыстар жүргізу арқылы нәтиже шығарып
отыр.
Сынып жетекшісі немесе пән
мұғалімі ата-аналарға баланы алғашқы
дефектологиялық, логопедттік тексерулерден және психикалық дамуының
динамикасын бақылауға кеңес береді.
Арнайы
мамандар баланың жеке ерекшіліктерін,
танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік
жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеп, жалпы білім беру ұйымдарының
бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтап, бала дамуындағы
ауытқулардың алдын алу жұмыстарын
ұйымдастырады. Ата-аналарға, пән
мұғалімдеріне инклюзивті білім алатын оқушылармен жұмысты
ұйымдастыру барысында ағартушылық бағытында кеңестер
ұсынылады. Атап айтса:
-
баланың жасына, жеке және
типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, ақыл-кеңестер,
ұсыныстар даярлау, дөңгелек үстел,шебер сыныптар, семинарлар
ұйымдастыру;
-
ата-аналарға баланың
тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар
даярлау;
-
балалардың жеке ерекшеліктерін
есепке ала отырып, педагогтың оқу жоспарына түзету жұмыстарын
енгізу;
-
инклюзивті білім алушы баламен
жүргізілген жұмыстардың жалпы қорытындысымен ата-аналарды
таныстырып отыру;
-
педагогтармен жеке кәсіби
шеберлігін көтеру жұмыстарын жүргізу, кәсіби қолдау
көрсету;
-
арнайы мамандардың атқаратын
жұмыстарын айқындау.
Психологиялық-педагогикалық
қолдауды бақылауын және орындалуын мектеп басшысы, инклюзивті білім
беру жұмысына жауапты директордың орынбасары, психологикалық
медицина-педагогикалық консилиумы жүзеге асырады. Мектепте
инклюзивті білім алатын балалар үшін барлық жағдайды ұйымдастыру.
Олар: пандустар, арнайы тұтқалар, арнайы парталар, үстелдер, лифт,
арнайы тазалық бөлмесі, мамандар кабинеттері және оларды таситын
инватаксимен қамтасыз ету қажеттілігі уақытылы шешіліп отырса,
жұмыстың нәтижелі болатыны анық. Инклюзивтік бағыт мүмкіндігі
шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы
өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытта білім
беру барысында, яғни бастауыш сыныптарға енгізу арқылы оқушыны
адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
Бастауыш сыныпта инклюзивтік білім беру-барлық балалардың тең
құқығын анықтайды. Сыныптағы іс-шараларға қатысу, қарым-қатынасқа
қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Барлық балалар
сияқты ол да қоғамның бір мүшесі ретінде өзін еркін
сезінеді.
Мектепте жалпы оқушылармен
бірге сыныпта отыратын инклюзивті білім алушы оқушыларды оқыту
бастауыш сыныптарда білім беру мектеп басшысының бұйрығымен, әр
балаға оқытудың қажеттілігі туралы психологиялық
медициналық-педагогикалық кеңестің отырысында нақтыланады. Сонымен
бірге, психолог, логопед, дефектолог мамандары оқуда қиындықтары
бар балаларды анықтауға диагностикалық жұмыс жүргізіп, оқушыларды
қадағалау мақсатында жеке жоспарға сәйкес сабақтан тыс уақытта
түзету-дамыту сабақтарын ұйымдастырады.
Инклюзивті білім алатын
балалармен жұмыс істеу үшін оқу кабинеттері
құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі қажет. Мектептің
сабақ кестесі жалпы білім беретін нормативтік-құқықтық актілерге
сәйкес келеді. Инклюзивті білім алатын оқушыларға сабақ беретін
ұстаздар күнтізбелік-тақырыптық жоспарларында, қысқа мерзімді
жұмыс жоспарларында берілетін тапсырманы анықтайды. Оқушылардың
үлгерімі мен қабілеттеріне қарай мұғалім тапсырма көлеміне
байланысты уақыт көлемін де өзгертіп отырады. Мектеп директоры
орынбасары мұғалімдердің сапалы білім беруін қадағалап,
мүмкіндігі шектеулі балаларға тиісті жағдайлар жасап отырады.
Дамуында артта қалушылықтары бар балалар үшін олардың
материалды қабылдау ерекшеліктерімен байланысты мән
беріледі. Алайда бұл жалпы білім беру үрдісі мен басқа оқушылардың
білім игеруіне әсер етпейді.
Арнайы сабақ кестесі бойынша
мамандар (дефектолог пен логопед) аптасына екі рет 20-25
минуттан жұмыстар жүргізу ұйымдастырылып, басқа арнаулы пәндерге
кедергі жасамау жағы да
қарастырылады.
Бастауыш сыныпта инклюзивтік
білім беруді ұйымдастыруды тиімді түрде жүзеге асыруда кедергілер
мен қиындықтар да жетерлік. Инклюзивті білім алатын балалар
үшін оқу материалдарын меңгеруде тиімді жеке әдістер мен тәсілдер,
арнайы бағдарлама, арнайы түзету психологиялық, педагогикалық,
әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан қиындықтар да бар.
Мектеп педагогтарының жалпы білім беретін бастауыш
сыныптарында оқытудың нақты тәсілдерін әлі білмейді. Инклюзивті
білім алушылардың оқуға, жазуға, есепке, қарым-қатынасқа, мәдени
тәртіп ережелеріне үйрету ең маңыздысы болып табылады. Олармен
түзету жұмысы неғұрлым ертерек басталса, соғұрлым
қайтарымы жоғары
деңгейде болады.
Қорыта
айтқанда, инклюзивті білім алушы
балаларға көңіл бөліп, оларға қамқорлық көрсетіп, олар үшін
елімізді кедергісіз аймаққа айналдыруға ықпал етуіміз қажет. Барлық
білім беру мекемесінде инклюзивті білім алатын балалардың
қажеттілігіне бейімделуі тиіс, «кедергісіз» болуы керек. Сонымен
қатар, үнемі мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру, оқыту үрдісінде
жаңа педагогикалық әдістерді тиімді қолдану мұғалімнің
интеллектуалдық, кәсіптік, рухани, адамгершілік, азаматтық сияқты
көптеген адами қаблеттерінің қалыптасуына ықпалын
тигізеді.