Материалдар / мақала: «Мектепте тәрбие үдерісін жан - жақты ұйымдастыру жолдары»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

мақала: «Мектепте тәрбие үдерісін жан - жақты ұйымдастыру жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаларына негізделген тәрбие жұмысының әдістері бағытында «Мектепте тәрбие үдерісін жан - жақты ұйымдастыру жолдары»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2022
287
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысының,

КММ, О. Жұмабеков атындағы

ЖББМ базасындағы Тірек мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Исатаева Рысты


«Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаларына негізделген тәрбие жұмысының әдістері бағытында

«Мектепте тәрбие үдерісін жан - жақты ұйымдастыру жолдары»


Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан - жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Сондықтан жас ұpпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі мектеп алдына қойылып отыpған басты міндет.

Әбу Насыр Әл - Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деген екен.
Мектеп оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне тоқталайық. Өйткені, мектептен тыс жұмыстар оқушылардың қызығушылығына, танымдылығына, дамуына көп әсер етеді. Танымдық іс - әрекет. Сыныптан тыс тaнымдық іс - әрекет шеңбері оқушылaр сабақта алған білімдерін кеңейтетін, қоршаған өмірге қызығуын дамытатын мәселелерді қозғайды. Танымдық іс - әpекетте ұжымдық және жеке жұмыс формаларын бөліп қарауға болады. Ұжымдық сыныптан тыс танымдық іс - әрекетте балалар ұжымы мүшелерінің алдына жалпы танымдық міндеттер қойылады. Сабақтан тыс уақытта оқушылар жаңа білімдерді бірлесе алады, тәжірибе жұмыстарының, қарапайым модельдер дайындаудың нәтижесіне жетеді, түрлі мамандықтар жөнінде мағлұматтар алады. Өз еркімен түрлі ұжымдық - танымдық іс - әрекеттерге қатынасып, оқушылар іс барысындағы тәуелділікке, жауапкершілікке, өзара көмек қатынасына тартылады. Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруда мұғалім балалардың түрлі жас кезеңдеріне байланысты топтарының танымдық қызығу ерекшеліктерін білуі керек. Мысалға, 5-6 сынып оқушыларын музейлерге апарғанда, көне деректерге, құбылыстарға, олардың мәнін тануға қызығушылығтаpын көруге болaды. Бұған қосымша бұл жастағы балaлар сұрағынан олардың санасына шешімі табылуға тиісті мәселе туындағанын көруге болaды. Олар бұл мәселенi өздігінен шеше алмауы мүмкін, сондықтан олар үлкендерге қарап жауап күтеді. Олардың танымдық қызығуын талдау нәтижесінде В. А. Сухомлинский әр баланың ойы өзіндік жолмен дамиды, олардың әрқайсысы өзінше ақылды да дарынды деген болатын.

Оқу баpысына қарағaнда, оқушылардың сыныптан тыс іс - әрекет формалары көбірек. Балалар байқауларға, викториналарға, әңгімелерге қатынасады, ғылым мен техника жаңалықтары жөнінде баяндамалар тыңдайды, танымдық сипаттағы ойындарға қатынасады, оқылған кітаптар мен көрілген кинофильмдерді талқылайды. Қазір білім алу қашықтықтан болғандықтан жиі ZOOM платформасында көрген фильмдерді, сабаққа дайындалған видео материалдарды талқылап тұрады. Оқушылаpмен жүргізiлетін танымдық іс - әрекет фоpмасы қызығу саласына сай клубтық жұмыстар болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстарда тәрбие барысының ішкі қарама – қайшылықтарын айқын көруге болады. Мұғалімдер, оқушылар ұжымы жетекшілері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ата - аналар балаларға өзін көрсете алатын іс әрекет түрлерін таңдап алу қажет екендігіне кеңес бере алады. Сыныптан тыс жұмыс балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере құрылса, олардың әлеуметтік ортадағы кез келген қарым – қатынасын реттеуге болады. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстарды орындамас бұрын сыныптың құрылымына назар аудару керек.

Сынып жетекшінің рөлі үлкен қызмет атқарады, өйткені, сыныптың толық құрылымын тек сынып жетекшы ғана біледі. Сыныпта отбасы жағдайы әр түрлі оқушылар болады. Мысалға, аке--шешесімен емес, әжесінің қарамағында өсіп жатқан оқушыға өз әкесі мен шешесінің жылуы керек болып тұрады. Ондай оқушылар мектепке келгенде ішіндегі сағыныш, жылуды сезінгісі келіп, өзіне көп көңіл бөлгізгенді қалайды. Барлық қоршаған ортасының өзіне қартудың жолдарын іздейді. Сондықтанда сынып жетекшісі осының барлығын назарынан тыс қалдырмауы тиіс.

Оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып, өткізуге жетекшілік атқаратын рөлі – мұғалімдікі. Ол ата - аналардың, жұртшылықтың, еңбек ұжымдарының, қамқоршы оқушылардың күшін біріктіреді. Сыныптан тыс жұмыстар бұл кезде оқушылар ұйымдарының іс - әрекетімен тығыз бірлікте жүргізіледі. Оқушылардың қоғамдық мәнінің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға, жасампаздық қабілеттері мен дарындарының дамуына мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне үйірме жұмысы жатады. Үйірме жұмысы балаларды пәндік, техникалық, спорттық секцияларға біріктіреді. Үйірме жұмыстарының мақсаты – оқушыны ғылым мен техника әлеміне енгізу, жасампаздық қабілеттері мен дарындарын дамыту, оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйірме жұмыстарында алған білімдерін сабақтарда пайдалануға үйрету. Үйірме жұмыстары оқушылардың әр түрлі және кездейсоқ қызығуына да жауап беруі керек. Үйірме жұмысы жеке пән негізіндегі білім ғана емес, білімнің сан алуан аясын қамтиды.

Үйірмелер арқылы оқушыларды болашақта мамандықтар таңдауларына жағдай жасауға болады.Сол сияқты жоғарғы сынып оқушыларын ата-аналарының жұмыс орындарында жарты күн бірге өткізу арқылы, таңдаған мамандықтың болашаққа қажеттілігін түсіндіруге болады. Оқушының мамандық таңдауына сынып жетекшісінің, пән мұғалімдерінің алар орны жоғары. Өйткені, оқушының қай салаға икемі бар екенін ұстаздары жақсы біледі.

Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тиімділігіне төмендегідей жалпы педагогикалық шарттар бар:
• сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрлерінің саяси – идеялық мазмұны бай болуы керек;
• олардың іс - әрекетінің мақсаты, жұмыс барысы, нәтижесі оқушыларға түсінікті болуы керек;
• кез - келген жұмыс түрі оқушыларға қуаныш әкеліп, олардың танымдық сезімін оятып, олардың қабілеті мен дарынын дамытуы керек;
• мұғалім сыныптан тыс жұмыстың қай түрін пайдаланбасын, оның әр оқушыға тигізетін тәрбиелік ықпалын жобалауы керек;
• жұмыс түрлерін нақты және педагогикалық орынды тізбектестікте пайдалануы керек.
• Бүгінгі таңда ұлттық мәдениет әдебиетінің, тілдің, әдет – ғұрып, дәстүр, салттың тағдыры мен болашағы мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.
• Тәрбиедегі басты бағыт: “
Әрбір адам ең алдымен өз халқының президенті, өз отанының азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс”. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет – ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі. Солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір, ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек.
Тәртіпсіздік істеген балаға қатаң сөз айтып керек емес, жылы сөзбен өзіне тартып, себебін өзіне айтқызып, істеген ісінің дұрыс бағытта еместігіне көзін жеткізу керек, бала деңгейіне дейін өзің
кішірейе білуің керек, әйтпесе ештеңе шығара алмайсың.

Яғни, бар айтылғандардың тобықтай түйіні: қазіргі жас ұрпақ, ертенгі болашақтың иесі. Сондықтанда, дұрыс тәрбие беру, қиялы мен ойының шыңдалуына, өмірге деген қызығушылығын ояту, дарынды жағының ашылуына ықпал етіп, мамандық таңдауға дұрыс бағыт беру ол ұстаздың міндеті деп білемін.

Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!