Материалдар / Мақала "Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс тәсілдерім".

Мақала "Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс тәсілдерім".

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы мамандыққа қалай келдім және сабақта қолданатын әдіс -тәсілдер.Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ,ұлттық музыка туралы оқушылардың ой өрісін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Шілде 2021
414
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс тәсілдерім…» 

«№7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ

музыка пәні мұғалімі: Токенова Анар Сагидоллаевна

Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықтың бірі. 2000 жылы Семей қаласындағы №3 мектепке музыка пән мұғалімі болып жұмысқа орналастым,қазіргі кезде №7 мектеп-лицейінде жұмысымды жалғастырып жатырмын. Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды. Бұл мектеп оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты.«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай,  әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.

Күнделікті таңертең мектеп ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Мектепке кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, оқушыларымның тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын. «Баласыз үй мазар, балалы үй базар»- деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек. Балалардың әр күні біздің көз алдымызда өтіп жатыр.



Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,



Ұстаз болу – жүректің батырлығы.



Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,



Азбайтұғын адамның асылдығы.

Ғафу Қайырбеков ұстаз деген сөздің анықтамасын дәл берген.

Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. Себебі мұғалім қай сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу. Оқушы сабағыңнан ешқашан жалықпау керек. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім - үздіксіз ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа жауап беріп, кез - келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман болу.

Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Халқымыздың осы мақсатын қайта жандандыру мақсатында балаларды қабілетіне қарай, - жыраулық өнерге, терме айтуға , шешендікке тапқырлыққа , айтыс өнеріне үйретуде - ән – саз пәнінің алатын орны орасан зор. Олай болса, оқытумен тәрбиелеудің ой елігінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы арттады. Әр мұғалімнің оқытуға, үйретудегі өз тұғырнамасы болу қажет.

Сол орайда музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлігі жоғарғы деңгейде болу керек деп ойлаймын. Ал ол үшін пән мұғалімі қазіргі таңда қолданысқа берілген жаңа технология әдіс-тәсілдерін, түрлі бағдарламалар элементтерін дұрыс және ұтымды қолдануы қажет.Өйткені ең алдымен музыка шығармашылық, өнер сабағы екенін үнемі жадымызда ұстап, берілген тақырып мазмұнын шеберлікпен ашып көрсетіп, жас шәкірт бойына музыкалық білімді құнарлы сіңдіруіміз абзал. Музыка сабақтарында да электронды оқулықтарды тиімді пайдалануға мүмкіндік бар. Оқушыларға әр түрлі өлеңдердің әнін тыңдауға, оған өзгертулер енгізуге, өздері орындаған өлеңдерді компьютер арқылы тыңдауға мүмкіндік береді.

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Мен сабақ беру барысында  жаңа инновациялық технологияны қолдану арқылы  сабақ қарқынын  жеделдетіп, жеке тұлғамен және топпен  жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқыту мүмкіндігіне қол жеткіздім. Онда сабақты тиімді өткізуге, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, әрбір оқушының өз беттерінше ізденіп білім алуларына көмектестім. Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және   білім жетістіктерін жақсартуына ықпал етті. Оқушылардың өздігінен іздену жəне зерттеу жұмыстарында, бос уақыттарында жəне қарым-қатынаста цифрлық технологияларды сенімді жəне шығармашылықпен қолдана білуге үйретті.

Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. 
Мысалы жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетіп кеткенді жөн көрдім:

- музыка шығару жəне суырыпсалу музыкалық-шығармашылық жұмыс

кезінде виртуалды музыкалық аспаптарды қолдану;

- ғаламтор дерекқордан ақпарат іздеу, табу, өңдеу жəне таңдау (мысалы, оқушылар веб-сайтқа кіріп, мəліметтер оқиды, іздейді, керекті мəліметтерді таңдайды, көшіреді жəне оны сақтайды);

- слайдтік презентацияларды жасау дағдыларын дамыту, нақты аудиторияға көрсету жəне қойылған мақсатқа жету үшін, түрлі дерекқордан материалдарды жинақтау;

- виртуальды ортада оқытуды, электронды байланысты пайдалану арқылы басқа оқушылармен ақпарат алмасу, қатынасу жəне ынтымақтасу;

- белсенді оқытуға техникалық қолдау жасау үшін интерактивті тақтаны  пайдалану.

Əртүрлі ақпараттық құралдарды пайдалана отырып жəне өз ойын сауатты жеткізу   оқыту үдерісінде оқушыларға сыныптастарымен,  көпшілікпен ауызша жəне жазбаша қарым-қатынасқа түсуіне оқушылардың назарын аударуға тырыстым.

Музыка мен бейнелеу өнерін біріктіретін бұл олардың əрқайсысы белгілі

бір коммуникацияның құралы болып табылады. Музыкадағы коммуникация музыкалық дыбыс арқылы жүзеге асырылады, ал бейнелеу өнерінде визуалды жəне тактильді болып табылады. Осы байланысты пайдалану

музыка сабақтарына деген қызығушылықты, назар жəне ойлау қызметін жандандыруға, бекітілген оқу материалдарын тиімді меңгеруге, қабылдауға,сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Музыка сабағының ресурстары  өнер сабағы үшін қажетті белгілі бір эмоциялық кеңістікті жасауға мүмкіндік тудырады. Музыка сабағын сәтті өткізу сапасы мен заманауи дайындығына және ресурстарды тиімді қолдана білуге байланысты. Түрлендіріп өткізуге жаңа инновациялық технологияларды қолдану да орыны орасаң зор.


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ