мақала Музыкалық теориялық пәндермен музыкалық тәжірибелік сабақтардың арасындағы байланыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала Музыкалық теориялық пәндермен музыкалық тәжірибелік сабақтардың арасындағы байланыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыкалық теориялық пәндермен музыкалық тәжірибелік сабақтардың арасындағы байланыс «Табиғат дүниесіндегі сұлулықтың ғажабы аспан шырақтарында, ал жердегі дыбыс сұлулығы-ән, күй сазында» Әбунәсір әль-Фараби Музыка да ғылымның бір саласы екені баршамызға аян. Музыка дегеніміз- өмірдің бір бөлігі. Күнделікті өмірдің өзі әр адамға музыка тілімен жетеді. Жеңіл ескен самал жел, қыр мен ойды қуалаған жел гуілі, бұлбұл үні, тұлпар тұяғының дүбірі бәрі дыбыс, бәрі үн. Дыбыстың ең жоғарғы қызметі адамға эстетикалық ләззат, рухани азық сыйлау. Мұндай қызметті музыкалық дыбыс қана атқарады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

А йтмуханова Хатима Хасанқызы

Дамбы балалар өнер мектебінің жоғарғы

санатты сольфеджио пәні мұғалімі







Музыкалық теориялық пәндермен музыкалық тәжірибелік сабақтардың арасындағы байланыс

«Табиғат дүниесіндегі сұлулықтың ғажабы аспан шырақтарында, ал жердегі дыбыс сұлулығы-ән, күй сазында»

Әбунәсір әль-Фараби

Музыка да ғылымның бір саласы екені баршамызға аян. Музыка дегеніміз- өмірдің бір бөлігі. Күнделікті өмірдің өзі әр адамға музыка тілімен жетеді. Жеңіл ескен самал жел, қыр мен ойды қуалаған жел гуілі, бұлбұл үні, тұлпар тұяғының дүбірі бәрі дыбыс, бәрі үн. Дыбыстың ең жоғарғы қызметі адамға эстетикалық ләззат, рухани азық сыйлау. Мұндай қызметті музыкалық дыбыс қана атқарады. Музыкалық теориялық және музыкалық тәжірибелік білім беру пәндері, ансамбльдер барлығы бірігіп, жалпы да және басты мақсат оқушының музыкалық теориялық сауаттылығын дамытады. Музыкалық талант –музыкалық қабілеттердің ең биік шыңы. Ол әсер,сезім,есту,ырғақ,есте сақтау. Сольфеджио- оқушының есту қабілетін, есте сақтау қабілетін, нотаны беттен оқуға дағдылау, дауыс ырғағын дамытатын пән. Оқушыларды өнерге баулу, жоспарланған бағдарламаны игерту музыка мектебінің мақсаты мен міндеті. Оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, әлемдік және отандық мәдениетте жетістіктерге жету, әлемдік өнердің үздік үлгілері негізінде тәрбиелейді, оқушыларды адамгершілікке, дүниетанымын тәрбиелеуге жағдай жасайды.

МShape4 Shape3 Shape2 Shape1 ақсаты

Баланың жеке тұлғасын Оқушының кәсіби қалыптастыру тұрғыда өзін анықтауы

Эстетикалық талғамын Адамгершілік мәдениетін қалыптастыру тәрбиелеу



МShape8 Shape7 Shape6 Shape5 індеті

Көркемдік эстетикалық Сана сезімін дамыту білім беру

Рухани мәдениетті кәсіби Оқушының жеке қабілеттерін білім алу дамыту



Сабақтың тақырыбы: Тоникалық үшдыбыстылық және оның айналымы.

Сабақтың мақсаты: Өтілген секунда, терция, кварта, квинта, секста интервалдарының үндік мөлшерін, дыбыс биіктігін білу арқылы орындау және есту. Осы арқылы үшдыбыстылық құру.

Білімділігі: Интервалдардың үндік мөлшерін, дыбыс биіктігін, айналымын интервалдық мөлшерін, үн беруін, әуенін ажырата білуге үйрету арқылы оқушылардың теориялық білімін жетілдіру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Дауыс ырғағының жаттығулары, тыңдағанды ажырату, сольфеджиолау, диктант жазу. Бұл әдістер оқушының есту, есте сақтау, лад сезімін, жазу дағдыларының қалыптасуына ықпал жасайды.

Көрнекілік құралдары: Интервал сөз жұмбағы, интервалдық лото, фортепиано аспабы.

Сабақтың жүру барысы:

1. Ұйымдастыру. 2. Интонациялық жаттығу кезеңі си ь мажорда I-III-V; III-I-V; V-I-III; I-V-VI-I-II-V-I; I-III-II-IV-III-V-IV-VI-V-VII-I;

Дауыс ырғағының түрлі жаттығулары ішкі түйсік қабілеттерін жинақтайтын және есту қабілетін дамытады, музыка тілінің әртүрлі элементтерін қабылдауды жетілдіруге мүмкіндік береді. Дауыс ырғағының тазалығы оқушының дауысын дамыту, әншілік дауысын тәрбиелеу үшін керек.

3. Үй тапсырмасы: Си ь-ү3,т5,ү6; Ре-к3,т4,к6; Фа-ү3,т4,ү6; Құрылған интервалдардың үндік мөлшері мен биіктігін сұрау арқылы әндету. Бұл есту қабілетін, интонациялық қабілетін тексеріп одан әрі дамыту үшін керек. №197 жаттығуда сольфеджионың үндестігін, өлшемін, екпін ырғақтарын анықтап болған соң сол үндестіктің тоникасын ойнау арқылы әндетеміз, топпен кейін жеке оқушыдан сұралады.

4. Есте сақтау қабілеті музыка тілінің маңызды элементтерін есте сақтауды қамтамасыз ету үшін қажет. Интервал, аккордтарды естіп, тек фортепиано аспабында емес, өздерінің мамандық сабақтарында(баян, домбыра, қобыз) құрып ойнап ажырата білуі керек. Ладта, дыбыстан әртүрлі октавада жеке немесе тізбектей ойнауды білуі үшін мынадай интервалдарды дыбыстан ойнаймын. Т5,Ү2,Ү3,Т4,К6,Т4,К3,К2,Ү6.

5. Диктант. Г.Фридкин.

Диктант бірнеше рет ойналады. Ойнау кезінде диктанттың үндестігін, өлшемін, ырғақ ерекшеліктерін анықтап әуенін айтқызып болған соң екі тактіден бөліп әр балаға таратамын. Олар диктант әуеніне байланысты құрастырып жинау керек.

6. Жаңа тақырып. Тоникалық үшдыбыстылықтың екі айналымы бар. 1-ші айн. тоникалық секстаккорд маж. Т6=К3+Т4; мин. t6=Ү3+Т4 2-ші айн. тоникалық квартсекстаккорд маж. Т64=Т4+Ү3; мин. t64=Т4+К3

D-dur, F-dur Үшдыбыстылықтың айналымын жасау арқылы олардың үндік мөлшерін табамыз. Олардың айырмашылығын мына таблица арқылы көрсетемін.

Shape11 Shape10 Shape9

Ү3





Т4

Т4





К3



Shape13 Shape12

К3



Ү3


Shape14





7. Қызығушылықты ояту.

Музыкалық лото ойыны оқушылардың теориялық білімін шыңдау үшін дайындалаған. Оқушыларға музыкалық кестені беру арқылы ондағы интервал биіктігі мен атауын табу. Ойынға сынып оқушыларының бәрі араласып отыруы керек.

8. Қорытынды. Сұрақ жауап арқылы сабақ қорытындыланды. Құрылған интервалдар, өтілген жаңа сабақ, ойналған ойындар арқылы сольфеджио пәніне деген қызығушылық байқалды.

9. Бағалау.

10. Үй тапсырмасы. G-dur гаммасын 2/4 өлшемде айту, Т-Т6-Т64 құрып әндету. Үшдыбыстылық айналымының ережесін оқу. №198.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2022
413
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі