Алматы
облысы.
Талдықорған
қаласы.
№10 Шоқан Уәлиханов атындағы
орта мектеп гимназиясының тарих пәні
мұғалімі
:Мендиярова Айман
Ыксановна
Оқушылардың зияткерлігін
мектеп жағдайында дамыту
Қазіргі таңда қоғам
талаптарының бірі жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру
болып табылады. Еліміздегі түбегейлі өзгерістер тұлға құрылымына
психологиялық тұрғыдан жаңа сипатта қарауды қажет етеді. Сонымен
қатар , қоғамдағы болып жатқан өзгерістер творчестволық тұлғаның
мақсатқа бағытты қалыптасуын ,белсенді өмірлік бағыты бар тұлға
дамуын талап етіп отыр.Бұл талаптың жүзеге асуы белгілі бір
дәрежеде оқушы белсенділігінің табиғаты түсінігімен анықталады.
Сондақтан оқушы дамуында интеллекттік белсенділікті және өзіндік
бағалауды айқындау -бастау мәселелерінің бірі . Сондай-ақ ,
интелекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысын
психологиялық негізде зерттеу бүгінгі таңдағы психология ғылымының
басты мәселелері қатарынан орын алады. Осы орайда оқушының
интелекттік дамуы мен өзіндік бағалау ерекшеліктерін зерттеу ,
олардың өзара байланысын және психология аясында қарастыру
мәселесінің артта қалып отырғандығын атап өткен
жөн.
Интеллекттік даму оқушының
мінез-құлқы мен іс-әрекет мотивациясында этномәдени ерекшеліктерге
негізделген айырмашылықтардың бар екендігі айқындалды. Интеллекттің
даму оқушы тұлғасының өмір сүріп отырған ортасына , сондай-ақ ,
оның өз-өзіне қатынасына байланысты. Сондықтан оқушы тұлғасының
интеллекттік дамуы жаңа эксперименттік психологиялық зерттеу
қажеттігі туындайды.
Психология ғылымында
интеллекттікк даму мәселесі жеткілікті қарастырылған , дегенмен
олардың өзара байланысының мазмұны ,құрылымы түсініктердің әсері
толық зерттелмеген.
Кеңес психологиясында тұлға
интеллектісі – ақыл-ой әрекеті қалыптасуының жүйелік зерттеулерінде
(П.Я.Гальперин , Д.Б.Эльконин, Н.Ф.Талызина); интериоризация
құбылысы ретінде (Л.С.Выготский, А.Н.Леоньтев)
қарастырды.
Интеллекттік әлеует тұлғаның
кез-келген іс-әркетті нәтижелі орындауының басты шарттарының бірі
болып табылады. Интеллект деңгейі оқуш тұлғасының жинақтаған
білімдерінің , тәжірибесінің негізінде қаланатын күрделі құрылым
екені анық . Бертін келе интеллект мәдениеті тұлғаның даму
деңгейіне әсер етеді деген көзқарастар туындайды (А.Р.Лурия ) . Осы
орайда , интеллекет тұлғасының тұтастай даму деңгейіне әсер
ететіндіктен , оны өзіндік бағалаумен өзара байланыста зерттеу
қажеттігі айқын көрінеді.
Қазақстандық психология
ғылымында интеллектіні (ақыл-ойды) тарихи этнопсихологиялық
аспектіде зерттеу белгілі ғалым М.М.Мұқановтың зерттеулерінен
бастау алады. Қазақстандық ғалымдар С.Нұрғалиевтің , С.М.Жақыповтың
, А.М.Кимнің ,В.К.Шабальниковтың еңбектерінде тұлға құрылымндағы
этностық ерекшеліктері зерттелді. Сонымен қатар , творчестволық
іс-әрекеттің этнопсихолгиялық ерекшеліктерін интеллектпен
арақатысты зерттеген С.Қ Бердібаеваның зерттеулерін айтуға
болады.
Қазіргі жағдайда жоғары
мектепте оқытудың тиімділігін арттыру оқушыларда қажетті білім мен
дағдыларды қалыптастырудың табыстылығымен ғана емес, сонымен бірге
олардың жеке басының дамуына жағдай жасауды да көздейді . Болашақта
шығармашылық әлеуметтік жауапты тұлғасын тәрбиелеу міндеті бірінші
орынға шығады.
Бұл міндеттерді сындарлы шешу
мүмкіндігі адамдардың жаңа білім алуына емес, жаңа қызмет түрлерін
дамыту процесінде олардың жеке басын дамытуға бағытталған түбегейлі
жаңа оқыту стратегиясын жасаумен байланысты .Жеке тұлғаға
бағытталған оқыту стратегиясының нұсқаларының бірі-мұғалім мен
оқушылардың бірлескен өнімді іс-әрекетінің оқу
жағдайы
Оқытудың оқушының ақыл-ой
дамуына әсері бірқатар іргелі еңбектерде ашылды.Сонымен қатар ,
қазіргі уақытта білім алушылардың танымдық саласына қатысты
оқытудың маңызды рөлі жүзеге асырылады, сонымен бірге оның оқушылар
тұлғасының адамгершілік саласына әсер етуінің психологиялық
тетіктерін ашады .
Жиырма бірінші ғасыр ақпаратты
жаһанданған ғасыр. Ғасырдың ең бірінші бастауы білім кеңістігі.
Білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушыларды зияткерлік
бағытта тәрбиелеу маңызды.
Қазіргі жағдайда мектепте
оқытудың тиімділігін арттыру оқушыларда қажетті білім мен
дағдыларды қалыптастырудың табыстылығымен ғана емес, сонымен бірге
олардың жеке басының дамуына жағдай жасалуы ең маңызды білім
жүйесі.Болашақ маманның шығармашылық әлеуметтік жауапты тұлғасын
тәрбиелеу басты мақсатқа айналды.
Білім алу оқушының қабілетін
артыру зияткерлік бағытта тәрбиелеу жаңа білім алуына емес, жаңа
қызмет түрлерін дамыту процесінде олардың жеке басын дамытуға
бағытталған түбегейлі жаңа оқыту стратегиясын жасаумен байланысты
.Жеке тұлғаға бағытталған оқыту стратегиясының нұсқаларының бірден
бірі -мұғалім мен оқушылардың бірлескен жұмысының
нәтежесі.
Заман талабына сай,қазіргі
уақытта білім алушылардың танымдық саласына қатысты оқытудың
маңызды рөлі жүзеге асырылады, сонымен бірге оқушылар тұлғасының
адамгершілік саласына әсер етуінің психологиялық тұжырымдарына
қатты көңіл бөлінуде.
Негізінен оқу процесінде оқушы
тұлғасының зияткерлік және адамгершілік дамуы болып табылады
.
Қорыта келгенде
мектеп
жағдайында оқушылардың зияткерлігін дамытудың негізгі шарттары
оқушының тұлғалық қабілетін артыру.Мектептегі білім берудің
басты бағыты тәрбие мен білімді ұштастыра отырып
мектеп
жағдайында оқушылардың зияткерлік қабілетін артыру болып
табылады.
Қолданылған
әдебиеттер:
-
Аяғанова А.Ж. «Интеллекттік
даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологияық
түсініктердің әсері» С 3-20; Д2009\1431
-
Ляпунова О.Е. «Совместная
продуктивная деятельность как фактор интеллектуального и
нравственного развития личности студента»
-
Богоявленская Д.Б.
«Психологические основы интеллектуально
активности»
-
Жумажанова Г.К. «Оқушылар
зейіндерін дамыту арқылы өзін-өзі тәрбиелеудің психологиялық
ерекшеліктері»
-
Қосыбаева У.А. «Жоғары оқу
орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды
жетілдіру»
-
Сатова А.К.
«Теоретико-методологические основы развитие личности одаренных
старшеклассников и студентов»
-
Мүсіралиева А.Ж. «Жұсіпбек
Аймауытұлының 1889-1931 психологиялық және педагогикалық
көзқарастары» Д99\1036