Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
мақала ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕҢГЕРТУ ЖОЛДАРЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕҢГЕРТУ ЖОЛДАРЫ
АМИРЕНОВА АСЫЛ БУЛАТКАНОВНА, «Н.ОСТРОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ №4 КҮРШІМ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
Көптілді тұлға даярлау міндетін алға қойып отырған бүгінгі уақыт талабы қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік сұранымға сай меңгертілуін қажет етеді. Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі, әлемдегі бес мыңнан аса тілдің бірі. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында еліміздегі өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарайтын, үш тілді еркін меңгерген, көпмәдени тұлғаны тәрбиелеу ісіне көп мән беріледі. Бұл мемлекеттік бағдарлама аясында тілдерді үйрену ісіне ерекше көңіл бөлінуде. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес.Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі—жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстандамуыныңбастыбағыты” атты Жолдауында 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады”, – деп атап көрсеткен.
Аталған мемлекеттік басшысының нақты тапсырмасында көрсетілгендей, еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерудегі талап жоғары. Қазақ тілін меңгеру жұмыстары бастауыш сыныптардан басталады.Тілдік пәндерді оқу барысында оқушылар әр ұлт пен әр тілдің өзіне тән ерекшеліктерімен танысып, әр тілдің ұлттық нормаларының көптүрлілігіне, оларды бағалауға немесе салыстыруға болмайтынына көз жеткізеді және тілдерге тән бұл ерекшеліктерге түсіністікпен қарай отырып, әр азамат өз бойында басқа ұлттарға деген құрметтеушілік сезімді қалыптастырудың маңыздылығын түсінеді.Сонымен қатар бастауыш сынып пәндерін оқытуда қазақ-ағылшын тілі және қазақ-орыс тілі екітілділік элементтерін біртіндеп енгізу жоспарлануда. Көптілді білімнің дамуына байланысты қазақ-орыс-ағылшын тілді ортаны кеңейту қажеттілігі туындайды. Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: “...Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы – ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ,” – деп тіл жайында терең толғанған екен кезінде. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда мемлекеттік тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Тіпті Отанымызда өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерінің де мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы күннен-күнге арта түсуде.
Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Көптілділік қазіргі әлемнің басты мәселесі – адамдар арасындағы келісім мен өзара түсінушілікті шешуге көмектеседі.
Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі. Сөйлеу тікелей оқумен байланысты. Оқытудың мақсаты оқушыларға білім, білік,дағды берумен ғана емес, сонымен қатар олардың қасиеттерін де қалыптастыру.Олар: танымдық қызығушылық пен танымдық белсенділік және оқу-танымдық әрекет. Кей оқушылар бастауыш сүйіп оқыған пәндерін болашақта өздеріне мамандық ретінде игеріп те алуы мүмкін. Оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға түрткі болатын танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары болып табылады. Оқушының танымы-өзіне тән ерекшелігі бар күрделі үдеріс. Танымдық әрекеттің негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі артады. Сабақта олардың қызығушылығын тудыруда әр түрлі көрнекіліктерді қолдану, ойын әрекеті арқылы олардың танымдық белсенділігін арттыруға болатыны белгілі.
Көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы болып табылады. Адам баласы өзін қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы сезініп,түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі – көру болып табылады. Көру арқылы қабылданған ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталатынын ескерсек, кейбір заттарды тіпті көрнекіліксіз есте сақтау мүмкін емес. Сондықтан оқытудың алтын ережесі: көрініп тұрған заттарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмін таттыру. Көрнекілік арқылы оқушылардың қоршаған орта мен өмір құбылысын және заттарды салыстыра отырып ойлап, қабылдау арқылы оқушылардың сана-сезімі қалыптасады, мәселені түйсіну деңгейі артады. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады.
Оқытудың көрнекілік әдісінің мынадай шарттарын ұсынуға болады:
-
көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
-
көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
-
демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
-
иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақтылау;
-
құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
-
сабақта көрнекіліктің алуан түрін қолдану, бірақ көп көрнекілік қолданбау, себебі балалардың назары басқа жаққа ауып, тақырып бойынша ең негізгіні түсінбей қалады;
-
көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау;
-
оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің әсері мол болатындықтан, көрнекілікті балалармен бірге жасау;
-
көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу;
-
балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттық көрнекілікті азайтып, символдық көрнекіліктерді қолдану;
Оқытудың көрнекілік әдісінсіз
толық мәнді сабақ өткізіп, берік білім беру
қиын.Мысалы,орыс сыныптарында қазақ тілін меңгертуде немесе
кез-келген басқа тілді үйретуде де ең нәтижелі және жиі
қолданылатын әдіс – көрнекілік әдіс.Әсіресе, бастауыш және орта
буын оқушыларына түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтар мен
макеттерді көрсету арқылы сөздерді, сөз тәркестерін үйретіп,
сөйлеуге баулуға болады.К.Д.Ушинский таныс емес бес сөзді қаншама
қайталап қиналатын оқушы сурет арқылы көрсетілген жиырма сөзді
лезде үйреніп алады деп бекер айтпаған. Он рет айтқаннан бір рет
нақтылы көрсеткеннің пайдалы екеніне ешкім де таласпайды. Сондықтан
мұғалім қазақ тілі сабағында көрнекілікті өте ұтымды қолдануы
қажет.
Көрнекіліктің түрлері көп. Әр тақырыптың
ыңғайына қарай көрнекілікті таңдауға болады. Көрнекіліктің түрлерін
педагогиканың дидактика тарауында
көрсеткен.
1. Жаратылыс көрнекілігі. Оқушыларды
табиғатқа экскурсияға апару арқылы шағын әңгіме, мазмұндама,
шығарма жаздыру;
2. Көлемдік көрнекілік: фото, суреттер,
картиналар, диафильм, диапозитив, кинодан фрагмент, т.б. көрсету
арқылы тақырыпқа байланысты әңгіме
құрастыру.
3. Дыбыстық көрнекілік: күйтабақ,
грампластинка, магнитофон, үзінді оқып,
талдату.
4. Графикалық символдық көрнекілік: картина,
схема, таблица, диаграммалар.
Қазақ тілі сабағына
тақырыптың ыңғайына қарай, жоғарыда айтылған қажетті көрнекілік
таңдалады.
Жоғарыда аталған көрнекілік арасындағы өз
тәжірибемде жиі қолданып жүрген көрнекіліктерге тоқталар
болсам.Бастауыш сынып оқушылары көбінесе өздеріне түсінікті әрі
қызықты материалдармен жұмыс жасағанды және ойнағанды ұнатады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес ортақ тақырыптар
бойынша балаларды оқыту барысында, «Өзім туралы», «Менің отбасым
және достарым» тақырыптарын өткен кездері «Ертегіні тап»,
«Кейіпкерге сұрақ», «Мен кіммін?», «Маған жол сілтеші», «Рифмалар»,
«Сиқырлы қораптар» сынды көрнекілік құралдарын
қолданамын.
Көрнекілік құралдары бастауыш сыныптары үшін текқызығушылықты ояту құралы ғана емес, сонымен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту құралы болып табылады. Суретті жаңылтпаш арқылы балалар көріп, тыңдап, қайталап отырып жаңылтпаштарды тез жаттап алады.
Жаңылтпаш
мен , да,
мен тереді.
Ауырды Арман да,
- мен тасып береді.
Орыс сыныптарында қазақ тілі пәні арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытамыз:айтылым, оқылым, тыңдалып, жазылып, тілдесім арқылы.
осындай үлгідегі суреттер арқылы оқушылар «Өзім туралы» тақырыбын қорытындылаған кезде отбасының әр мүшесі жайлы бес-алты сөйлем айта алады. Қазір бастауыш сыныптарда суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі, сөздерді айту, сөз тіркестерін айтқызу, сөздік сөздерді үш тілде айтқызу арқылы оқушының ойлау қабілдетін, есте сақтау қабілетін, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлеу қабілеттерін қалыптастыруға болады.
Оқушыларға жаңа сөздерді үйрету және оқылым дағдысын дамыту үшін суретті ертегінің пайдасы аса зор. Оқушы мәтінді оқи отырып, біріншіден, қазақ тілінде мәтінді толық оқыса, екіншіден есте сақтау қабілетін дамытады, үшіншіден шығармашылық жұмыс жасау жайлы идеялар да туындауы мүмкін. Білім негізі-бастауышта дегендей, бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдылары қалыптасса, онда оқушы келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі сөйлеуге дағдыланады.
Пайдаланылған әдебиет:
-
және 2 сынып Қазақ тілі.Мұғалім кітабы.
2.Википедия. Көрнекілік түрлері
3.ҚР Президентінің жолдауы
4.Г.Тайсюганова, З.Рахмет .Қазақ тілі.Қызықты грамматика
5.М.Әлімбаев. Қазақша-орысша өлеңді сөздік