Материалдар / мақала "Өзін-өзі тану - өмірді тану"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мақала "Өзін-өзі тану - өмірді тану"

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала "Өзін-өзі тану - өмірді тану" «Өзін-өзі тану» пәнінің өзегі болып табылады. Бұл пән адамды жеке тұлға, жеке азамат ретінде өмірдің мәнін түсініп, өмірден өзіндік орнын табу үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі тиіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2021
437
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану – өмірді тану

Ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.А.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек, қателеспейміз. Бұл пәннің негізгі мақсаты – адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, баланың өзіндік «МЕН-ін» қалыптастыру.

Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы, оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ. Біз балаларға деген махабаттымызды әр уақытта күшейте білуіміз керек.

«Өзін-өзі тану» сабағының өзіндік ерекшелігі әрбір сабақта көрініс табады. Білім алушылар сыныпқа енгеннен, бір-біріне жылы лебіздер мен тілектерін тілеп, достық, сыйласымдық қарым-қатынаста болады. Мұндай қарым-қатынасты әрбір сабақты бастамас бұрын жүргізілетін «Тыныштық сәтінен» өткізіп содон байқай аламыз. «Шаттық шеңберінде» оқушылар бір-біріне жылы лебіздер мен тілектер білдірсе, «Тыныштық сәтінде» оқушылар көздерін жұмып, адамгершілікке баулитын шағын мәтіндер арқылы баяу музыка желісімен саяхат жасайды. Осындай жылы қарым-қатынастан кейін оқушының сабаққа деген құлшысыны артып, көңіл-күйі көтеріліп, белсене қатысады. «Әңгімелесу» мен «Мәтінмен жұмыс» бөлімдерінде оқушылар мәтінді оқып, өзара сұрақтар қою арқылы талқылап, адам бойында қалыптастатын жақсы және жаман қасиеттерді ажыратып, өз ойларын ашық әрі тиянақты айтуға дағдыланады. «Сахналық қойылым» бөлімінде оқушылар мәтіндегі рөлдерге еніп, өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетсе, «Жағдаяттарды талдау» бөлімінде оқушылар жеке немесе топпен, жұппен, үштікпен біріге отырып талдап, келеңсіз жағдайдың қалай шешімін және тығырықтан шығудың жолдарын тауып, бірлікке ұмтылады. Әр бөлімнен кейін оқушылар өздерінің алған әсерлерімен, ойларымен бөлісіп, қорытынды шығарады. Өз ойларын ашық айтып, еркін жеткізе алады. Бұл сабақты тек қана оқушыларға ғана өткізіп қоймай, ата-аналармен де өткізу өте тиімді.

Баланы жан-жақты дамытып, өзінің ішкі жан дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдауға үйретуді мақсат ететін «Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білімнің қағидалары мен әдістеме-нұсқауларының қайнар көзі – ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардан негіз алады. Атап айтқанда, халқымыздың аңыз әңгімесі, ертегісі, нақыл сөздері, мақал-мәтелдері, ұлылардан ұлағат алу, ақын-жазушыларымыздың шығармашылық еңбертерінен тәрбиенің түйінін табу, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйрену, «Өзін-өзі тану» пәнінің өзегі болып табылады. Бұл пән адамды жеке тұлға, жеке азамат ретінде өмірдің мәнін түсініп, өмірден өзіндік орнын табу үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі тиіс. Сабақ барысында оқушыны өзінше ойлауға, шешім қабылдауға, өз ісіне жауапты болуға, сыйласымдылыққа, қайырымдылыққа, өзгенің пікірін тыңдай білуге, әркімнің айтқан пікірі өзінше бір құнды екенін, досының еңбегін бағалай білуге үйреттім. Осындай құндылықтарды оқушыларымыздың бойынан көріп, ата-бабамыздың болашақ ұрпаққа деп қалдырған мол мұрасын осы пән арқылы келесі ұрпаққа жеткізіп жатсақ, ол біздің мақсатымыздың орындалғаны деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», ендеше болашақ ұрпақтың бойына рухани-адамгершілікті ұялата отырып тәрбиелеу ол біздің, яғни отбасы мен ұстаздардың міндеті екендігін ұмытпайық, ағайын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!