Материалдар / Мақала Өзін-өзі тану пәнін оқытудағы Абай поэзиясының құндылығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала Өзін-өзі тану пәнін оқытудағы Абай поэзиясының құндылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінде әдеби шығармаларды пайдалана отырып, балаға рухани-адамгершілік тәрбие беру. Ол Ұлы Абай поэзияларынан бастау алу керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Шілде 2020
437
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дубаева Светлана Турсынбаевна

Тұрар Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Тараз қаласы







Өзін-өзі тану пәнін оқытудағы Абай поэзиясының құндылығы


"Өзін-өзі тану пәні - баланың рухани құндылығын байытудың көзі" деген сөздер соңғы кездері жиі айтылып жүр. Иә, жер шарын шарпыған жаһандану дәуірінде адамзат баласы рухани демеу мен көмекке зәру-ақ. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуының нәтижесі бүкіл әлемдік адам баласы бойындағы құнды қасиеттердің құлдырауы мен дағдарысына алып келді.

"Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы" деп ерте заманда-ақ Әл-Фараби бабамыз айтып өткендей, енді ғана қанатын кеңге жайып, тәуелсіз, егеменді, бәсекеге қабілетті ел ретінде өзімізді-өзіміз әлемге танытып жатқан шақта, Ұлы Даланың Ұлы Ұрпақтарын қалыптастыру жолында білім мен рухани-адамгершілік тәрбиенің алатын орны ерекше.

Өзін-өзі тану пәнінде әдеби шығармаларды пайдалана отырып, балаға рухани-адамгершілік тәрбие беру техникасы тәжірибе жүзінде дәлелденіп келеді. Менің ойымша, қолданылатын әдеби шығармалар Ұлы Абай поэзиясынан басталуы тиіс. "Абай кім?" дегенде "Абай-ұлы ақын, жазушы, философ, қоғам қайраткері, ойшыл, ағартушы..." т.б айта жөнелеміз. "Абай жолы" романын оқи отырып, "қазақ" деген халықты таныдым" деп Л.Арагон айтқандай, Абайды тану арқылы - қазақты танимыз, қазақты тану арқылы - өзімізді-өзіміз тани аламыз. Абай - философ, Абай - ойшыл. Абай шығармалары терең философия мен ой-толғамдарға толы. Өзін-өзі тану пәнінің мәңгілік жалпыадамзаттық бес құндылығының (ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау) бесеуі де, тіпті артығымен Абай шығармаларынан көрініс табары анық. Ендеше, айтылып отырған бес ақиқатты Абай шығармашылығынан іздеп көрелік:

1. Ақиқат. Философияда: "Ақиқат – таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім" [1] ретінде қарастырылады. Ал, өзін-өзі тану пәніндегі ақиқат адам жүрегіне жасырылған ар-ұжданмен өлшенеді. Қарап отырсақ, екеуіне ортақ бір мәселе - шындықты іздеу. Ғылымның да, басты мақсаты жаратылыстың шындығын іздеу. Сыры мен құпиясы ашылмаған әлемнің шындығы мен ақиқатын іздеп өмір сүрудеміз. Ал, Абай таныған ақиқат қандай? Араб тілінде "Хақиқат" - "Хақ - Алла" сөзінен туындаған. Демек, исламда ақиқат Алла жолымен байланыстырылады. Сондықтан да, Абайдың "Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас.

Көп кітап келді алладан, оның төрті

Алланы танытуға сөз айырмас"-деген өлең жолдары соның дәлелі. Ислам философиясы адамның тән тазалығына да, жан тазалығына да ерекше ден қояды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, ата-ананы құрметтеу, қарапайымдылық пен қанағатшылдық, ілім мен ғылымға құштарлық, жан мен тән тазалығы исламның басты қағидалары екендігін ескерсек, ақиқатты Абай поэзиясындағы таным, хақ, ақиқат, шындық тақырыптарынан іздеген дұрыс.

2.Сүйіспеншілік.Өзін-өзі тану пәнінің сүйіспеншілік қағидасы жас ұрпақты мейірімділікке, кішіпейілділікке, жылылыққа, жанашырлыққа үйретудің қайнар көзі. Белгілі философтар айтқандай «Кез-келген затқа, құбылысқа, оқиғаға, қоршаған орта мен табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен қарау керек». Ғылым мен техникадағы ілгері басушылық пен кез келген ғылыми жаңалық адамдаттың зиянына емес пайдасына құрылуы тиіс. Бұл ғылым философиясының басты заңы. «Адамзаттың жойылу қаупі табиғат апаттарынан емес, тек адамзаттың өзінен ғана келеді» [2] деп, Г.Асқарова айтқандай, қазіргі кезде жер бетінде болып жатқан түрлі табиғат апаттарының себептері адамдардың қоршаған ортаға, табиғатқа, Жер Анаға немқұрайлы, салғырт қарауыны мен адамзат баласының тойымсыздығы мен опасыздығынан болып жатқандығы белгілі. Сүйіспеншілік адамдар арасындағы сыпайылық пен ізгілікке толы жақсы қарым-қатынасты қалыптастырады. Махаббат пен сүйіспеншілік – әлемді жауыздықтан құтқарушы жалғыз күш. Жер бетіндегі адамзат баласын жойылып кету қаупін сейілтетін де – махаббат пен мейірімділік. Сол себепті, жас ұрпақтың бойындағы рухани дағдарысты сейілтудің жалғыз жолы – бүлдіршін жастардың жүрегіне мейірімділік пен махаббаттың дәнін себу.

Ал енді, Абай шығармашылығына келер болсақ, ғұлама ақынның кез келген лирикалық жанрдағы шығармасы кез келген жүректі жібітіп, адам санасына мейірім мен сүйіспеншілік сәулесін төгетіні сөзсіз. Табиғат лирикасындағы «Жаз», «Күз», «Қыс», «Көктем» тақырыптары табиғаттың соншалық сұлулығы мен әдемілігін көрсете отырып, көз алдына Табиғат Ананың адам баласына деген мейірімі мен махаббатын елестетеді. «Желсіз түнде жарық Ай» өлеңінде:

«Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.


Қалың ағаш жапырағы,

Сыбырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы

Құлпырған жасыл жер жүзі», [3]деп, тып-тыныш жазғы тымырсық жылы түннің сұлулығы мен жанға жайлы көрінісі көз алдында суреттей салынады. Ашық аспандағы жап-жарық, дөңгеленген айдың сұлу бейнесі су бетінде дірілдеп, ауыл маңындағы түнгі тыныштықта гүрілдеген өзен суының дыбысы, адамзат баласы ұйқыға кетіп, абыр-сабыр басылғандағы ағаш жапырақтары мен табиғаттың өзара сыбырласуы өлеңді оқыған әр адамның Табиғат Анаға деген сүйіспеншілігін оятпай қоймасы анық.

Ал, «Күз» өлеңінде:

«Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай»,[3] - деп, табиғаттың мұңайған кейпін көрсетеді. Жапырақтары сарғайып жерге түсіп, жалағаштанған ағаштар, дымқыл тұманның жер бетін жауып, көз жанарына жас ұялатып, табиғатқа опасыздықпен немқұрайлы қарап, зұлымдығын төккен адамзат баласына деген өкпе ренішін, жүрек назын айтып тұрғандай. Осы реніш пен өкпе-наздың аяғы табиғаттың қабағындағы ашу мен ызаға «Қыс» өлеңі арқылы жалғасады:

 «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

 

Демалысы - үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң - қыскеліп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды», деген өлең жолдарындағы адам бейнесіндегі түсі суық, басқан жері сықырлап келіп қалған «кәрі құда – қыстың» үскірігі қазіргі кезде жер бетінде адам баласының салғырттығынан болған табиғат апаттарының әлегін бейнелеп жатқандай.

Өзін-өзі тану пәнінде жоғарыда аталған өлеңдерді мысал ретінде келтіре отырып, әлемдік экология мәселелерінің адамзат баласының жауыздығының кесапатынан болғандығын, табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға, қастерлеуге шақыра алсақ, бала бойында «Сүйіспеншілік» қағидасының үлкен бір бөлшегін қалыптастыра аламыз.

3. Дұрыс әрекет. Бұл қағида баланы қайраттылық пен табандылыққа, кез келген жағдай мен ситуацияларда дұрыс шешім қабылдай білуге, оң мен солды, дұрыс пен бұрысты ажырата білуге дағдыландырады. Білім мен ғылым, қызмет жолында бәсекеге қабілеттілік қасиеттерін дамытуды көздейді. «Дұрыс әрекет – мақсатқа жеткізетін дұрыс жолды таңдаудан басталады» [4] деп, ғұлама Әл-Фараби айтқандай мақсатқа жету жолында дұрыс жолды таңдауды басты назарға қояды.

Абай шығармаларында жастарды білім мен ғылымға шақыру тақырыбындағы өлеңдері «Дұрыс әрекет» қағидасынан да сырт айналып қалмайды. Адам деген атқа лайық болу үшін ең алдымен жақсылық пен жамандықтың ара-жігін ашып көрсетеді. «Ғылым таппай мақтақба» өлеңінде тақырыптың өзі дұрыс әрекет қағидасын айқындап тұр: бүкіл әлем ғылым мен білімге бас иеді, өзіңді өзгеге мойындатқың келсе, ашқан ғылымыңмен, жиған-терген біліміңмен мойындат. Басқа жолмен тапқан атақ-дәреженің барлығы түкке тұрғысыз деген ойды бір-ақ ауыз сөзбен «Ғылым таппай мақтанба» деп кесіп айтты.

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап, босқа күлуге

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз», дей отырып, нағыз адам болам десең бес нәрседен аулақ бол, бес нәрсеге асық бол деп, өмірден, оқу мен білімнен білген-түйгендерін саралай келе, жас ұрпаққа дұрыс жолды көрсетіп, бағыт-бағдар береді.

«Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз», деген жолдар арқылы, білім мен ғылым жолында дұрыс жолды табудың дайын формуласын нақтылап берді.

«Болмасаң да, ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай ғалым қайда деп,

Айтпа, ғылым сүйсеңіз,

Сізге ғылым кім берер?

Жанбай жатып сөнсеңіз», деген өлең жолдары білім баспалдағынан енді ғана аттаған болашақ ғалымдарға үлкен бір мотивация береді. Ішкі қорқынышты жеңуге, өзіне-өзі сенуге, алға мақсат қойып, оған жету үшін талпындарады.

«Дүние де өзі, малда өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма жыл» дей отырып, ғылыммен, біліммен айналыссаң, дүние де, мал да саған өзі келеді, ең бастысы, өзің үшін үйреніп, жаман әрекеттерден жиренсең жылма жыл кемелденіп, ашыла түсесің деп жас ұрпаққа жарқын болашықтың түзу соқпағын бір өлеңмен-ақ көрсетеді.

Бұл өлеңнің әрбір сөзінде үлкен философиялық ой бар, мағына бар, мазмұн бар, тәлім-тәрбие бар. Сондықтан әрбір жас Абай өлеңдерін саналы түрде оқып, өз беттерінше түсінуге ұмтылуы тиіс.

4. Ішкі тыныштық және қиянат жасамау. Өзін-өзі тану пәнінің бұл қағидасы психологиядағы «стресс», «депрессия» терминдерімен байланыстырылады. Психологтардың айтуынша стресс пен депрессия адамның ішкі тыныштығының бұзылуынан, өз өмірінде немесе өзгенің өмірінде пайда болған келеңсіздіктерге өзін кінәлі сезінуден белең алады. Кез келген адам іштей және сырттай тыныштықта өмір сүргісі келеді. Ал тыныштық өзіңе және өзгелерге қиянат жасамаумен өлшенеді. Қиянат жасау дегеніміз не? Өтірік айту, біреуді ғайбаттау, жала жабу, себепсіз кінәлау, өзгенің меншігіне қол сұғу, біреудің ар-ұжданына нұқсан келтіру және толып жатқан опасыз әрекеттер. Осы әрекеттердің бірін жасаған жағдайда адам ішкі тыныштығынан айрылады. Мұны Абай шығармашылығындағы он жетінші қара сөз дәлелдей алады. «Осы үшеуің (қайрат, ақыл, жүрек) бір кісідей менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы» [4], деп ғылымға айтқызғандай ақыл мен қайрат, тіл жүрекке бағынса, жүректің айтқанын орындаса, ақыл жүйесін табады, қайрат қайырлы іс жасайды, тілден жалған шықпайды.

Қорыта айтқанда, біз Абайды бекер дана демейміз, дара демейміз, ол өмір бойы қазақ халқының қамын жеді, болашағына алаңдады. Бар білген -түйгенін хатқа түсіріп, ақыл-өсиетін мұра етіп қалдырды. Қай заманда, қай ғасырда болса да Абай шығармашылығы қазақ халқы үшін болашаққа бағыт-бағдар, қараңғы қапастан алып шығатын шам-шырақ.


Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. / Биекенов К., Садырова М. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті. Учебник для 8 кл.общеобразоват. шк. с рус. яз. Қ.17 обуч. / Косымова Г., Сатбекова А., Берденова К., Рахимжанов К. – Алматы: Мектеп, 2018. – 200 с., илл.

  3. https://abaialemi.kz/post/view?id=828

  4. http://bilim-all.kz/article/2208

.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!