Мақала "Педагогикалық өлшемдер" мамандығы бойынша зерттеулеро

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Педагогикалық өлшемдер" мамандығы бойынша зерттеулеро

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қыздар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің Педагогикалық өлшемдер мамандығында магистратура бөлімінде білім алып жатқан, мектепте қызмет атқарып жүрген педагог ретінде, 5- қазан 2018 жылғы Елбасымыздың жолдауының педагогикаға қатысты бағыттарына көзқарасымды білдіре кетсем.

Білім Бір байқағанымыз, Жолдауда «білім» сөзі 24 рет кездеседі екен. Бұл білім саласы басты назар­да екенін көрсетсе керек. Әсі­ре­се, мұғалімдердің жа­ла­қысы бі­ліктілігінің расталу­ына байла­нысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсетіні туралы хабарды ха­лық ерекше ықыласпен қа­был­дады. Президент осы мақ­сат­т­а биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу керектігін айтты. Жолдаудың бір ерекшелігі – мұн­да білім саласының барлық са­тылары бойынша нақты мін­дет­­тер айқындалған. Мысалы, Пре­зидент орта мектеп, колледж, ЖОО үздік оқытушыларының бейне­сабақтары мен бейнелек­цияларын Интернетке орналас­ты­­ру керек екенін атап өтті. Бұл расымен, еліміздің түк­пір-түк­пі­ріндегі ұстаздарға қолже­тім­ді әрі пайдалы дүние болары анық. Сонымен қатар бұл ауыл мен қала білімін теңестіруге жағ­дай жасайды деп ойлаймыз. Президент Жолдауда ЖОО бойынша да нақты міндеттер қойған. Оның ішінде Президенттің аг­рар­лық университеттердің рө­лін қайта қарау туралы ойына ерек­ше тоқталуға болады. Се­бебі Елбасы мұндай оқу орын­да­­рының диплом беріп қана қой­­­май, ауыл шаруашылығы ке­ше­­нінде нақты жұмыс істейтін не­­месе ғылыммен айналысатын м­а­мандарды даярлау керек екенін айтты. . Агроөнеркәсіп са­ласының Қазақстан экономи­ка­сында алатын рөлінің ерекше еке­­нін ескерсек, бұл жоғары оқу орын­дарындағы оқу бағ­дар­ла­ма­лары жаңартылып, агро­өнер­кәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибе сабақтасса, саланың дамуына ерекше үлес болары сөзсіз.  Ұлт, денсаулық, әлеумет Жолдаудан «Ұлт» сөзін 19, «әлеуметтік» сөзін 18, «ден­сау­лық» сөзін 8 рет кездес­ті­­ру­­ге бо­лады. Яғни халықтың әл-ау­қа­ты, әлеуметтік жағдайы мен ден­­саулығы басты назарда. Осы рет­­­те 2016-2017 жылдары зей­нет­­ақы мен жәрдемақы үш рет кө­­бейгенін айта кетуге болады. Ба­залық зейнетақы 29 пай­ыз­ғ­а, ынтымақты зейнетақы 32 пай­ызға, бала тууға байланыс­ты жәрдемақы 37 пайызға, ал мү­­гедектер мен асыраушысынан айы­рылғандарға төленетін жәр­­де­­мақының әрқайсысы 43 пай­ыз­ға өсті. Сондай-ақ ден­сау­лық сақ­тау саласындағы қыз­мет­керлердің, білім беру саласы қыз­меткерлерінің, әлеуметтік қор­ғау саласы қызметкерлерінің жа­лақысы, стипендиялар да кө­те­ріл­ді. Республикалық бюджеттің әлеу­­меттік салаға бөлінген шы­ғы­ны 2018 жылы 12 пайызға өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты.  Жолдауда бұл салалар бойынша нақты міндеттер де қойылған. Мысалы, Президент денсаулық сала­сында онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онко­­логиялық орталық құру қажет еке­нін айтты. Сонымен қа­тар «Халық денсаулығы және ден­сау­лық сақтау жүйесі туралы» ко­декстің жаңа редакциясын әзір­леуді тапсырды. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан не­гіз­гі созылмалы ауруларға алыс­т­ан диагностика жасап, осы са­­ланы амбулаторлық емдеу ар­қылы басқаруға көшу қажет еке­нін ерекше атап өтті. Сондай-ақ Жол­дауда Президент тегін ме­ди­циналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеуді тапсырды.  Жолдауда Н.Назарбаев өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру тап­сыр­масына Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапсыздық танытып, атүсті қарағанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа маман­дық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек. Елбасымыздың жолдауында педагогикаға, білімге арналған бөлімдері.

ҮШІНШІ. Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн.  Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды.     Бұл оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді және басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыруды тапсырамын.   Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған  өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын.

ТӨРТІНШІ. Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен  тыс функциялардан арашалауға тиіс.   

БЕСІНШІ. Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі. Біз гранттардың санын көбейттік, енді жауапкершіліктің кезеңі келді. Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы. Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды. Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажет деп санаймын. 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2018
1267
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі