Мақала "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы тиімді әдістер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы тиімді әдістер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы тиімді әдістер"туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы тиімді әдістер



Жуматаева Айнур Бауыржановна

Үшарал қаласы №2 ОМ КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-модератор



Бүгінгі таңда оқыту процесі әр мұғалімнен жаңашылдығын талап етіп отыр. Қазіргі педагогикаға енген жаңа әдістер мен тәсілдер мұғалімнің тек түсіндіруші, оқушының қабылдаушы рөлінде мүлдем сыйыспайды. XXI ғасырды бәсеке ғасыры десе, сол бәсекеде тек бәсекеге қабілетті, өз пікірін нақты жеткізе білетін, терең білімді игеріп қана қоймай, сол білімін өмірде қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыруда мұғалімдерге үлкен жауапкершілік артылып отыр. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым- қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты- оқу үрдісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.

«Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» демекші, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру болып табылады. Оқу құралында соңғы жылдары әдістемемізге еніп жатқан жаңа әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, рефлексия мен кері байланыс түрлері өте көп. Солардың ішінде оқыту барысында тиімділігі жоғары бірнеше әдіс түрлерін атап кеткенді жөн көрдім. Олар: «Ақындар мен жазушылар» әдісі, «Аквариум» әдісі, «Алфавит» әдісі, «Ара ұясы» техникасы, «Аударыспақ» әдісі т.б.

Әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы өткен сабақтардың тиімділігі неде? Біріншіден, мұғалім көп қиналмайды , оқушылар жаңа сабақты оңай қабылдап, тез меңгереді ,сондай-ақ сыныпта артық шу, артық әңгіме болмайды .Екіншіден, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық жоғары болады. Сабақ барысында тиімді әдіс- тәсілдерді қолдану нәтижесінде оқушының сабаққа қызығушылығы артады, нақты өз деңгейінде бағаланады, жеке қабілеті айқындалады, өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді. Сонымен қатар тиімді әдістерді тапсырмалар арқылы пайдаланғанда оқушылар: өз ойын ашық, қысылмай жеткізе алады,өз ойын дәлелдеуге тырысады,өзіне деген сенімділігі жоғарылайды,оқуға деген қызығушылығы артады,ой шапшаңдығы, сөз байлығы молаяды,өз әрекетінің дұрыстығын түсініп, қорғай алады.

Қазіргі таңда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланудағы сабақтардың алғы шарттарына: сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау; сенімділікке баулу үшін баланың жауабын үнемі бағалау; қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру; әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау; тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау; жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру жатады.

Сөз соңында айтарым , Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Өмір бойы білім алу – әр Қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет», - деген сөзі ұстаздарға тікелей қатысты. Өзгелерге білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін, алдымен, соны қалай үйретуді білуді басты назарда ұстаған жөн. Сабақты әртүрлі әдіс –тәсілдерді қолданып ,түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге ,оқып –үйренуге құштарлығын арттыратыны анық .Ұстаз қандай әдіс-тәсілді қолданса да,мақсат біреу –ол оқушыларға тиянақты  да сапалы білім беру. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім беру сапасын арттыру,баланы жеке тұлға ретінде алып қарап тәрбиелеу-ұстаздар қауымының міндеті.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2021
998
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі