УДК 550 (57412)
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТРАНСПОРТТЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ АЛАТЫН ОРНЫ
(АҚТӨБЕ
ОБЛЫСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА)
Мұқаш
Әселім Қуандыққызы
М.Маметова атындағы № 27 физика –математика бағытындағы
мектеп-лицей
Қазақстан
негізгі әлемдік нарықтар орталығында орналаса отырып, Еуропа мен
Азия арасындағы торап болып саналатын, өзіндік
транспорттық-логистикалық инфрақұрылымы дамыған транзиттік мемлекет
ретінде өз позициясын анықтаған.
Еуропа мен
Азия арасындағы сауда қатынасының қарқынды өсуі, екі әлемдік
экономика «полюстерінің» орталығында орналасуы, Қазақстан мен өзге
де Орта Азия елдерінің стратегиялық айқындығын көрсетіп
отыр.
Соңғы екі
онжылдықта Қазақстанда транспорттың ролі айтарлықтай жоғарылады.
Халықаралық транспорт жүйесіне отандық транспорт кешенінің
интеграциялану процесі және еліміздің транзиттік потенциалының
дамуына әсер ететін бәсекеге қабілетті нарықтық орта түзілді.
Елімізде қолайлы инвестициялық «климаттың» түзілуі жылдан жылға
жекелеген салаларды қаржыландыру қарқынын арттырып келеді және
халықаралық қаржылық институттардың назарын аудартып
отыр.
Сенімді және
нәтижелі транспорт желілері аймақтық экономикалық серіктестіктің
нығаюына және еуразиялық кеңістіктің орталығында орналасқан аймақта
сауданың дамуына негіз бола алады.
Инфрақұрылым
көрсеткіштері туралы сөз қозғасақ, Тәуелсіздік алғаннан кейін 700
км-ден астам теміржол салынып, республикамызда тасымал уақытын
айтарлықтай қысқартты. 40 мың км. автожолдардың жағдайы
жақсартылып, еліміздің 10 әуежайында қайта қалпына келтіру
жұмыстары жүргізілді, Ақтау теңіз портының жұмыс қуаты
күшейтілді.
Елімізде үш
негізгі бағыт бойынша транзиттік маршруттар желісі құрылды:
Ресей-Еуропа мен Азия елдері; Қытай, Жапония және Оңтүстік-Шығыс
Азия елдері; Орта Азия елдері, Закавказье, Қара теңіз және Парсы
шығанағы елдері, Түркия.
Осы бағыттар
бойынша Қазақстан территориясында бес халықаралық транспорттық
дәліздер өтіп жатыр (1-сурет): Солтүстік дәліз Трансазиялық
теміржол магистралі; Оңтүстік дәліз Трансазиялық теміржол
магистралі; Орталық (ортаазиялық) дәліз; Солтүстік-Оңтүстік дәліз;
ТРАСЕКА [1].
Осы тұрғыда,
халықаралық жерүстілік транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін
жоғарылату және техникалық жағдайын жақсартуына әсер ететін ірі
жобаларды атап өту керек. Солардың бірі, әрине бұл – Ұлы Жібек
жолын жаңғырту идеясы, атап айтсақ, жалпы ұзындығы 8445 км., оның
ішінде Қытай территориясымен 3425 км., Ресей территориясымен 2233
км. созылып жатқан Батыс Еуропа – Батыс Қытай трансконтиненталдық
автожол дәлізін құру жөніндегі мегажобаны жүзеге асыру болды.
Дәліздің Қазақстандық бөлігінің жалпы ұзындығы 2787 км, 5 облыс
территориясы арқылы өтеді: Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл және Алматы облыстары. Жоба елімізде 2009 жылы басталып,
2015 жылы дәліз құрылысы аяқталды. Бұл автомагистраль Қытайдан
Еуропаға дейінгі ең қысқа жол. Автотранспортпен тауар тасымалы
уақытын 3,5 есе қысқартты. Қытай – Орта Азия бағытындағы транзиттік
жүк ағындарының көлемін арттыруға септігін
тигізді.
«Батыс-Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық инвестициялық
мегажобаны іске асыру Ақтөбе облысының территориясында да орын
алды. Ақтөбе облысының аумағы бойынша 621км.транспорттық дәліз өтіп
жатыр. Облыс бойынша Қазақстанды Орынбордың басты
автомагистралімен байланыстыратын жол участкесі жаңа автотрасса
құрылысымен қалпына келтірілді.
Жобаның
алғашқы кезеңі Ақтөбе – Қарабұтақ бағытындағы 273км-ге созылған
бөлігінің құрылысы, келесі кезең Қарабұтақтан Қызылорда облысы
шекарасына дейінгі жолдың құрылысы және жобаның келесі кезеңінде
Ақтөбеден Мәртөкке дейінгі ұзақтығы 102 км. болатын жолды жасау
жұмыстары жүргізілді (2-сурет). Жобаның нәтижесі әлемдік нарыққа
тауар тасымалдауда уақыт үнемдеп қана қоймай, Ақтөбе қаласының
транзиттік потенциалын күшейтіп, Батыс макроаймақтың екінші
деңгейдегі қалаларының дамуына түрткі болып отыр
[2].
1-сурет.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік
дәлізі
Ұлы Жібек жолын
жаңғырту және республиканың транзиттік-транспорттық потенциалын
жоғарылату – «Жаңа Жібек жолы» жобасының айқын басымдылығы болып
отыр. Жоба концепциясы сауда-логистикалық, қаржылық-іскерлік,
инновациялық-технологиялық және халықаралық ірі туристік
хаб-орталықтарының тұтас кешенін құру болып отыр. Осының нәтижесі
ретінде 2020 ж. Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк ағынының
көлемі екі есе көбейіп, жылына 50 млн.т.-ға жетеді деп болжамдар
жасалуда [3].
Сонымен қатар, осы
жобаның шегінде теміржолдардың ең тиімді желісін қалыптастыру үшін
бірнеше теміржол желілері салынды. Оның бірі Арқалық – Шұбаркөл
(214 км.), екіншісі Жезқазған – Бейнеу (988 км.) желілері
(2-сурет).
«Жезқазған-Бейнеу»
теміржолының құрылысы бір уақытта алты жерден басталды. Оның ішінде
Ақтөбе облысының Шалқар ауданы да бар. Бұл жобаның мақсаты –
Орталық Қазақстан және Достық станциясынан Батыс Қазақстанға, одан
әрі Еуропаға дейінгі қашықтықты 1200 км-ге дейін қысқартып, жүк
тасымалында тікелей қарым-қатынас жасауға жол ашу. Бұл теміржол
желісі Қарағанды облысының Ұлытау ауданы, Қызылорда облысының Арал
ауданы, Ақтөбе облысының Шалқар, Байғанин аудандары, Маңғыстау
облысының Бейнеу ауданы территориясымен өтеді. Техникалық
экономикалық негізге сай бұл теміржол желісі үшін қолайлы нұсқа
«Жезқазған – Сексеуіл» және «Шалқар-Бейнеу» участкелерінің
құрылысы. «Шалқар-Бейнеу» участкесінің ұзындығы 471 км.
«Жезқазған-Бейнеу» линиясы Достық станциясынан Батыс Қазақстан,
соның ішінде Ақтау портына дейінгі теміржол маршрутын 1138 км-ге
қысқартып отыр. Соған сай, шығыстан батысқа дейінгі жол уақыты төрт
тәулікке қысқарды. Осы бағыттағы жүк тасымалында транспорт шығыны
24-30%-ға азаяды деп жоспарлануда. Сонымен қатар, жана теміржол
бағытының салынуы аймақтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына да өз
әсерін тигізеді (үш мыңға жуық жұмыс орындарының пайда болуы,
әлеуметтік объектілер-тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар т.б.
салынуы) [4].
2-сурет.
Бейнеу-Жезқазған және Арқалық-Шұбаркөл жобалары
Қазіргі таңда Қаржы
Министрлігінің Кедендік бақылау комитеті және ТРАСЕКА Ұлттық
секретариаты бірлесіп, «SilkWind» мультимодальды маршрут жобасына
бағытталған жұмыстарды бастап кетті. Бұл маршруттың айқын
басымдылығы Еуропа елдерін Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және
Түркия елдері арқылы Қытаймен байланыстыратын, біздің еліміз арқылы
өтетін транзит ұзақтығын бірнеше мыңдаған км-ге қысқартатын
жоғарыда аталған Бейнеу-Жезқазған теміржол желісі болып отыр. Бұл
маршруттың ерекшелігі – Қазақстан үшін әлемдік мұхитқа шығатын ең
қысқа жол болуында. Жүк тасымалданатын ірі мемлекеттерді Қара теңіз
және Каспий порттарын пайдалана отырып, теміржол және автомобиль
транспорттарымен және Босфор бұғазымен өтіп жатқан жерасты теміржол
туннелі (ЕО елдерінің шекарасына тікелей шығуға мүмкіндік береді)
арқылы байланыстырып, маршрут жүк тасымалы уақытын 12 күнге дейін
қысқартып отыр. «SilkWind» жобасын басты мақсат ете отырып, біздің
министрлігіміз кедендік тексеріс жұмыстарын қарапайымдандыру,
шекарадағы әкімшілік кедергілер санын азайту, кедендік қызметтер
мен операторлар арасындағы ақпарат алмасу үрдісін ұйымдастыру және
транзиттік уақыт пен жолға кететін уақыт көлемін қысқарту
бағыттарында жұмыстар жасауда.
Сонымен,
әлемдік экономиканың белсенді қатысушыларының біріне айналу үшін
Қазақстан еуразиялық транспорттық дәліздердің дамуына, ғаламдық
инфрақұрылымдық интеграция мен транзитке қолайлы жағдай туғызуда өз
үлесін қосып отыр. Қазақстанның транспорттық-логистикалық
инфрақұрылымы елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен еліміздің
экономикасын дамытуда «қуатты катализатордың» қызметін атқаруда
және Еуразиялық кеңістіктің құрғақ жолдарында мультимодальды жүк
тасымалын ұйымдастыруда белсенді роль атқарып
отыр.
Әдебиеттер:
-
Р.Скляр.
«Казахстан модернизирует инфраструктуру транзита». Kazakhstan
Business Magazine, № 4, 2012 ж.
-
Кошербаева
А.Б. «Регионам - новая инфраструктура».
Материалы международной конференции Транспортные коридоры Евразии:
новые пути сотрудничества. - Астана, 2015. С. 42-50.
-
Сунь Ли. «Экономический пояс
Великого Шелкового пути – вместе построим светлое будущее».
Материалы
международной конференции Транспортные коридоры Евразии: новые пути
сотрудничества. -
Астана, 2015. С. 5-12.
-
Стратегия Министерства
транспорта и коммуникаций РК по развитию транзитно-транспортного
потенциала от 05.12.2003 г. №350-1.