Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала: ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ТӘЖІРИБЕДЕН ЕНГІЗУ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ТӘЖІРИБЕДЕН ЕНГІЗУ
Уразалиева Ж.К.
«Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
Аңдатпа. Бұл жұмыста сабақ барысындағы оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері туралы айтылады.
Аннотация. В работе изложены рассмотрены основные особенности использования инновационных технологии в учебном процессе.
Abstract. The main features of the use of innovative technologies in the educational process are presented and discussed in the work.
Түйін сөздер: инновациялық технологиялар, оқу-үйрену, педагогика, ақпарат,стратегия.
Ключевые слова: инновационная технология, учиться, педагогика, стратегия.
Key words: innovative technologies, learning, pedagogy, strategy.
«Педагогикалық шеберлік-үнемі жетіліп отыруды
қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері»
(педагогикалық энциклопедия)
« Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде , мұғалім балаларға білім жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге ең бастысы-оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек.»- дейді Елбасымыз.
Мұғалім-біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман.Өйткені ел болашағының кілті—бүгінгі жас ұрпақтың қолында.Ал жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші мұғалімнің қолында.
Қазіргі заман мұғалімімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес,тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық,саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп,оқу мен тәрбие ісін ұштастыра білгенде және оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана бүгінгі күн талабына сай ұстаз бола алады.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білімнің, қарымды іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз-шығармашыл ұстаз.Шығармашыл ұстаз әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады.Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты- оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып,тыңдап ,тереңдете оқып-үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасы да жоғары болады.Ал мұғалім оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана мақсатына жете алады.
Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгерістер білім берудің дамуына жаңаша жағынан келуді,педагогика ғылымының әдістемелері мен парадигмасын өзгертуді талап етеді.Осыған байланысты өркениетті елдерде білім беруді ұйыдастыруда екінші жол пайда болады. Бұл «не үшін оқытамыз?» деген сұраққа жауап алудан басталды.Бұл нәтижелерге жеке пәндер бойынша меңгерген білім,білік,дағды емес,өмірлік дағдылар жатады. Бұдан кейін шешілетін мәселе «оқушыны қалай үйрету керек?» деген сұрақпен байланысты. Мұғалім оқушыларға жүйеленіп,өңделген оқу материалын дайын күйінде ұсынбайды. Баланы өздігінен ізденіп,өзіне қажетті білімді іздестіруге қажетті қасиеттермен (білік, тәсіл,т.б) қаруландырады. Осындай негізінде ұйымдастырылған оқу үдерісінің нәтижесінде оқушылар өмірге қажетті дағдыларды, құзырлылықтарды игеріп шығады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту жүйесінде басымырақ рөл оқытушыларда жатса,енді оқытудағы белсенді рөлді оқушылар алады.Оқушыны оқытпайды,ол өзі оқиды. Оқытудағы ізгілендіру жағдайында оқытуды саралау оқушыларды өздерінің таңдауына, болжамдар жасауына, өз ойын жүзеге асыруына және таңдаған бағытта табысқа жетуіне мүмкіндігін арттырады.
Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процестерді бірлкте жетілдірудің де жүйесі. Оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады екенін әр мұғалім біледі.
Технология мұғалімдерге тек еркіндік беріп қана қоймай,оның ғылыми- шығармашылық жұмыспен айналысуына да мүмкіндік береді. Өз тәжірибемде қолданып жүрген INSERT стратегиясы. Мысалы: 7 сыныпта «Онлайн сөздігін қарадың ба?» деген тақырып бойынша INSERT қолдандым.
«V»-білемін |
«-» -мен үшін түсініксіз |
«+»- мен үшін жаңа ақпарат |
«?»-мені таңғалдырады |
|
|
|
|
INSERT-оқығанын түсінуге,өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұғымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету,оқығанды есте сақтау,мәнін жеті түсіну-күрделі жұмыс. Сондықтан да ,оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді стратегия талаптарымен ұйымдастыру-аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір жолы болып табылады.
Үйретушілер білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп,сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға,яғни, байланыстар құруға дағдыландырады.
Сонымен қатар «Төрт сөйлем» тәсілін көп пайдаланамын:
Пікір: оқыған мәтін бойынша пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел: Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал: Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
Қорытынды: Тақырып бойынша қорытынды жаз.
Оқыту жүйесі белгілі бір педагогикалық
технологияларды қажет етеді. Соның бірі - «Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту». Бұл технологияны әңгімені оқытуда
пайдалану өте
тиімді.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу
дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей
тиімділіктерге қол жеткізуге
болады.
«Бесжолды өлең» әдісі
(синквейн) Ой толғау кезеңінде
қолданылады.
Синквейн француздың «бес» деген сөзінен
шыққан, яғни бес жолды өлең жазу
әдісі.
- Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі
(зат есім)
- Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау
(сын есім)
- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл
атауынан үш сөз жазу.
(етістік)
- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір
сөйлем.
- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір
синоним сөз.
Мысалы:
Отан
Үлкен,
қымбат
Қорғайды, дамиды,
оқытады
Отан оттан да
ыстық
Ел
«Венн диаграммасы» атты стратегияны 7-сынып оқушларымен « Егіннің бастары» атты мәтінмен жұмыс істеген барысында «Тәкаппар адам» мен « Данышпан адамды» салыстыр. Мінезі бай адам қандай болады? деген тапсырманы орындады.
данышпан
тәкаппар
Адам
Бір –бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізілңп жазылады.Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып,оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
«Артық сөзді тап» әдісі .Мұғалім 3-4 сөздер айтады оқушылар Әр қатардағы артық сөзді табу керек. Мысалы: минут, секунд, сағат, кеш.( кеш) Болат, Серік, Талғат, Асанов (Асанов)
Оқушылар тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді ,оқушылар артық сөздерді табады және неге артық екенің дәлелдейді. Әртүрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетеледі.
Өз тәжірибемде қолданып жүрген техологияларжұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушыларда оқуға деген ынте-а-ықыластың артқандығын,адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын,мұғалімнің шыдамдылық,төзімділік сияқты сапаларымен қтар оқушылардың басқаны үсіну,қабылдау,сыйлауды үйренгендігімен сипатталатындығын кқрсетті. Аталған қасиеттерді оқушы бойына қалыптастыру-бүгінгі қоғам мен мектептің алдында тұрған басты мақсаттардың бірі.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа енгізу бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай,балалардың жеке адами қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруы қажет деп есептеймін. Сонда ғана үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап,оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отырғанда ғана әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып,іске асыруына жол көрсетеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘЖЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы. – Алматы, 2002.
2. С.Ч. Тұрсынғалиева, Ә.С. Берекенова. Қазақ әдебиеті: Мұғалім кітабы. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін жалп білім беретін мектептің мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал.- «Арман –ПВ» 2016