Материалдар / Мақала: САЛТ-ДӘСТҮР ЕСЕПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: САЛТ-ДӘСТҮР ЕСЕПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала оқушыларды жан-жақты дамыту, әдет-ғұрпы туралы білімін арттыру үшін салт-дәстүрді математикада қолданудың тиімділігін көрсетеді. Мақсаты қазақ салт-дәстүріндегі есептерді оқушыға тиімді әдіспен жеткізу. Халық қазынасын білім беруде және тәрбие саласында насихаттау. Мақалада математика мұғаліміне қосымша материал ретінде бірнеше есеп үлгілері ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2021
862
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САЛТ-ДӘСТҮР ЕСЕПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ


Аты-жөні:Абдрахман Үмітжан Мейрамқызы


Аңдатпа: Бұл мақала оқушыларды жан-жақты дамыту, әдет-ғұрпы туралы білімін арттыру үшін салт-дәстүрді математикада қолданудың тиімділігін көрсетеді. Мақсаты қазақ салт-дәстүріндегі есептерді оқушыға тиімді әдіспен жеткізу. Халық қазынасын білім беруде және тәрбие саласында насихаттау. Мақалада математика мұғаліміне қосымша материал ретінде бірнеше есеп үлгілері ұсынылады.

Кілт сөздер: салт-дәстүр есептері, математика, қазақ білімі, логикалық ойлау


Адам баласының ертедегі өмірінде есеп уақыт өлшемі, көлемдік өлшем ретінде қызмет атқарған. Халық түрлі құбылысты байқап, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санаған. Мысалы қазақ есепшілері күннің түнге қатысты ұзару, қысқару құбылыстарын бақылап, желтоқсанда торғай адым, қаңтарда қарға адым, ақпанда ат адым күн ұзаатынын, шілдеде шіл адым күн қысқаратынын айтып отырған.

Ұлтымыздың құндылығына, халықтың тұрмысына, әдеті мен әрекетіне байланысты ғасырлар бойы жинақталған қазақтың салт-дәстүрі бар. Қазақ білімінің тамыры терең екенін ескерсек салт-дәстүрінде де есебі болғаны айқын. Мысалы қарапайым киіз үйді алатын болсақ, кереге санына орай уығы, уық шаншар шаңырақтың көзі де есепті талап етеді. Қалың малдың үш тоғызы, бес жиырмасы да санды санауға мәжбүрлейді. Бүгін қилы заман өтсе де сыр бермей атадан балаға жеткен бұл жауһарды математикалық есептерге енгізіп ұсынып отырмыз. Математика мен салт-дәстүрді бір-біріне байлаған есептер оқу процесінде қызығушылық тудырары анық. Мұндай есептер логикалық, орамды ойлау, шығармашылықты шыңдау, шешендік, кеше мен бүгінді салыстыру деген секілді жан-жақты іздену жұмыстарын жүргізеді. Бұл есептерді шығару үшін шартымен танысады, талдайды. Шығарған есептің нәтижесін тұжырымдайды. Есеп соңында шартта берілген салт-дәстүр түріне түсінік беріледі.

1-есеп. Ұзақ жолдан келе жатқан жолаушы жолай кездескен үйге құдайы қонақ болып түседі. Үй иелері ет жеп, қымыз ішіп жатыр екен. Қонақты төрге шығарып күтеді. Жөн сұраса отырып, жас сұрасады. Сонда отағасы «Мен үш толық мүшел, бір ширек мүшел жасадым. Ұлым менен бір жарым мүшел кіші, қызым екі мүшел кіші» - депті. Құдайы қонақ құрдас екенін айтып, одан әрі түн ауғанша әзілдесіп отырыпты.

Отағасы, ұлы және қызы неше жаста болды?

Құдайы қонақ – алыстан жолаушылап келе жатып, демалу үшін келген бейтаныс қонақ. Мүшел – 12 жылдық айналым.

Жауабы:Отағасы 39 жаста, ұлы 21 жаста, қызы 15жаста.

2-есеп. Жастар Наурыз тойын көңілді өткізіп жатыр. Алтыбақанның үстінде жұптасқан жігіт пен қыз, ал әр бақанға екі-екі жас сүйеніп ән салып тұр. Бұл жерде қанша адам бар?

Алтыбақан қазақтың ертеден келе жатқан байырғы ойыны. 6 арқанды екіге бөліп, жоғарысын буып, үш аяғын тең етіп орнатады. Арқандар жоғарысынан ашалары арқылы бақанға бекітіледі. Оған бекітілген арқанның біреуі төменірек, екіншісі жоғары орнатылады.

Шешілуі: Алты бақанға екі жастан сүйенсе, саны12, оған қыз бен жігітті қосамыз. 6*2+2=14 Жауабы: Жастар саны: 14

3-есеп. Жайлауға көшер алдында ауыл байы Ақ орда киіз үйіне жаңа туырлық тіктіреді. Есептесе әр керегеге ұзындығы 2 метр киіз жұмсалады екен. Ауыл шеберлері туырлық тігуге неше метр киіз жұмсады?

Туырлық – ордада кереге бойы, шағын үйде шаңыраққа дейін жабатын киіз.

Ақ орда – 12 қанаттан тұратын үй.

Шешуі 12*2=24 Жауабы: 24 метр киіз пайдаланылды.

4-есеп.Үш бөлмеде 12 ойыншы тоғызқұмалақ ойнап отыр. Ойыншалар неше ойын тақтасы және неше құмалақпен ойнап жатыр?

Шешуі: 12 ойыншы 6 жұп болады. 12:2= 6 тақта 6*162 = 972 құмалақ.

Тоғызқұмалақ екі адамның 162 құмалақты 81 түйірден тең бөліп алып ойнайтын ұлттық ойыны. Арнайы ағаш тақтасы болады [2, 94].

5-есеп. Қазақтың шаруашылыққа қатысты салт-дәстүрлері де бар. «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, қой бағып, құйрық жеген озар» деп қазақ халқы қойды ата кәсібі еткен. Ұл бала он жасқа келгенде қозы бағуға жарады десе, он үште отау иесі болғанда қой бағуға көшкен екен. Сұрақ:

Қой бір жылда екеу болады. Екі жылда төртеу болады. Ал он жылда нешеу болады?

Жауабы:

1 жылда = 2; 2 жылда = 4; 3 жылда =8; 4 жылда = 16; 5 жылда = 32; 6 жылда - 64; 7 жылда = 128; 8 жылда = 256; 9 жылда = 512; 10 жылда = 1024.

6-есеп. Өткен ғасырдың басында өз аумағына әйгілі Төлеміс деген кісі мен дәулетті Айбатыр деген кісі құда болыпты. Келін алып жатқан Айбатыр құдасына сүтақысы деп бес жиырма, тойға сый деп 6000 сом, қара малына 200 жылқы беріпті. Бір бас жылқыны 30 сомға алатын болсақ, Айбатыр бай құдасына қанша малын жіберген?

Жауабы: Бесті жиырмаға көбейтеміз 100 бас. 6000 сомға алынған 200 жылқы бар. Жайлаудан қуып әкелген 200 бас тағы бар. Айбатыр бай 500 жылқы беріпті.

7-есеп. Көші-қон кезінде бай сайдан қырға көшу үшін 200 түйе керуенмен шығады. Жолшыбай қарақшылардан қорқып, көрші ауылдың жігіттерінен көмек сұрайды [3, 72]. Түйеге тиелген жүкті аман жеткізсе, әрбіріне 150 ділдәдан береді. Егер жүкке зиян келетін болса, 150 ділдә төленбейді, керісінше, жігіттер байға 1000 ділдә беретін болып келіседі. Қырға жетіп қонғанда бай жігіттерге 25 400 ділдә төлеген. Сонда неше түйенің жүгіне ұры тиген?

Жауабы: Жолда бір жүк тоналса жігіттер 1150 ділдә кем алады. Ал көш түгел аман жетсе, 30000 ділдә алар еді. 200*150=30000. Олар 30000-нан 4500 ділдә кем алып отыр. 30000-25400=4500. Сонда 4500: 1150=4 4 түйеге ұры тиген.

Керуен – тең-тең жүк артқан түйелер. Ділдә – ертедегі алтын, күміс ақша.

Ғасырлар өтсе де атадан қалған асылды келер буынға жеткізу бүгінгі ұрпақ міндеті. Бүгін салт-дәстүрімізді ескеріп, сабақта қолданып отырсақ, оқушы жадында жатталары анық.

Сан атауы сәбидің ана құрсағы уақытында-ақ қолданылған. Халқымыз есеппен тоғыз ай тоғыз күн күткен баланы қырық күннен соң отыз омыртқасы тез бекісін, қырық қабырғасы жылдам қатсын деп қырық қасық су құйып қырқынан шығарған. Жеті жасынан бастап «жеті атасын білген жеті жұртқа жөн айтар» деп ата тегін үйреткен. Қазақтың үй болуға қатысты салт-дәстүрі де есеп-қисапқа толы. Қалың малға үш тоғыз, қырық қысырақ, сүт ақы, бес жақсысын санап берген. Қыздың жасауын «Жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді» деп әрбір бөлшегін түгелдегені де бар. Айтыс өнерінде де өлең есептер айтылып, қарсыластың ойлау қабілетінің жүйріктігін байқаған. Біздің ұсынған салт-дәстүрге байланысты есептеріміз рухты ұрпақты тәрбиелеуге ықпал етеді деген үмітіміз бар. Салт-дәстүр арқылы қазақтың рухани тағылымы мол әдет- ғұрпын зерделеу бүгінгі қажеттілік.


Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қалиева C., Оразаев М., Смаилова М., Қазақ халқының салт дәстүрлері. –Алматы: «Рауан» баспа үйі, 1993.-220 б.

  2. Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: «Атамұра», 2015.-224 б.

  3. Елубаев Сәбетбай, Қазақтың байырғы қара есептері / С. Елубаев.- Алматы: Қазақстан" баспа үйі, 1996.- 144 бет.

  4. Табыс Н. Ой дамыту және математика. – Астана: «Асыл кітап», 2017.-132 б.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!