Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала "Сыни тұрғыдан ойлау қажет пе?"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алматы облысы Көксу ауданы «Жетіжал орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Карипова Арай Ермекқызы
«Оқушыларға сыни тұрғыдан ойлау қажет пе?»
«Адамды бір нәрсені
қайталауға үйреткеннен гөрі,
оған жаңалық ашуға көмектескен
жөн»
Г. Галилей
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу;білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген.
Тәуелсіздігімізді алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды. "Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз" деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жай айтылған жоқ. Осыдан бастап жас ұрпақ бойындағы іскерлік пен олардың қабілеттерін ашу туындайды. Себебі, қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Мына бейбіт заманда, көзсіз ерліктің орнын білім басып отыр. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Қазіргі білім беру ұйымдарының мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт. Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер алдындағы үлкен міндет.Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті,оқытудың жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.Қазақстан білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда
дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер
беруде.
Оларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану
үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін
ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің
шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық
негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін,
танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Осыған орай қазірде
педагогикалық технологиялар көптеп
саналады.
Педагогикалық технология дегеніміз-тәжірибеде
жүзеге асырылып, нәтиже беретін педагогикалық жүйенің
жобасы.
Адам баласының бес саусағы бірдей болмайтыны сияқты оқшылар да бір-біріне ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын, кішкене болса да өзіндік ерекшелігі бар адамдар. Олардың ішінде ең үздігі де, ең нашары да,тентегі де, біліп тұрса да аузын ашпайтыны да , қанша сүйресең алға баспайтыны да болады. Бірақ ұстаз барлығын да жақсы көріп, білім нәрімен сусындатуы тиіс. Оқушыларға зерттеу жүргізгенде жоғары сынып оқушыларында нақты білім бар екендігі, бірақ олар өз ойларын жеткізуге қиналатыны анықталды. Сондықтан да бастауыш сынып кезеңінен бастап баланың тілін дамыту жұмыстарына көп көңіл бөліну керектігі көрінді. Осы жағдайда тиімді технологиялардың бірі- «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы.
Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтар Дж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады. Американ профессоры Дэвид Клустер «Сыни тұрғыдан ойлау – өзіндік, жеке ойлау. Ал сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін, бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біреу үшін біреу сыни ойлай алмайды, әркім барлығын өзі үшін жасайды.. Ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып табылады. Өз бетінше жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек» деген екен.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемнің барлық жерлерінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек. Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез - келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды үйрету.
Осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасының жүзге тарта стартегиясы бар екені белгілі, демек
сол әдіс – тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау
арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен
жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Шығыс даналығы “Мәселе нені үйретуде
емес қалай үйретуде” демей ме? Сондықтан мақсат пен мазмұн
мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп отырған қазіргі жағдайда
бұл стартегиялардың маңызы
зор.
Соның ішінде толғануды тиімді етуге
лайықталған “Венн кестесі”, “Бес жолды өлең”, “Көрнекілік арқылы
баяндау”, “Семантикалық карта” сияқты стратегиялар әр сабақтың
ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала
қолданылады.
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Мен деңгейлік курс бағдарламасын меңгермесем де, әлі де тәжірибем аз болса да, «Ізденген жетер мұратқа» демекші тәлімгер ұстаздарымнан көптеген іс-тәжірибе жинақтап, үйреніп, сабақтарымда қолданып жүрмін.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Жалпы оқушыға сыни ойлау қажет
пе? Әрине қажет, қазіргі заман талабына сай оқушыда өзіндік
көзқарасы, сенімі, ішкі уәжі қалыптасуы керек. Сондықтанда
сабақтарды жоспарлағанда оқушыларда сыни ойлауын тудыратын сұрақтар
немесе деңгейлік, кеңейтілген, құзырлылық тапсырмалардың сабақта
болуын қадағалаймын.
Сындарлы оқыту теориясындағы жетістікке жетелейтін жеті
модульдердің бірі «Cыни тұрғыдан ойлауға үйрету» басқа модульдермен
де тығыз байланысты деп есептеймін. Оқушылар сабақта қалай оқу
керектігін меңгереді, яғни метатаным пайда болады, өздері үдеріс
барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға
қалай оқу керектігін үйретеді, ал бұрынғы дәстүрлі оқыту процесінде
мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту үдерісінде мұғалім
бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер –
оқушы болды. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге,
терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін
аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ –
жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Менің әр сабағым
диалогтан құрылады, себебі көбінесе оқушылардың ауызекі сөйлеуіне
мән беремін. Топтық жұмыс арқылы «оқушы мен оқушы» арасында, «оқушы
мен мұғалім» арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа
қол жеткізе алдым. Нәтижесі таңғаларлық! Оқушылар мен күткеннен де
артық әсер алды. Менің сыныбымдағы оқушылар өте қимыл-қозғкалысты
белсенді болғандықтан олар өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас
тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта
«үнсіз» оқушылар да сөйлеп кетті. Уәжі төмен оқушылардың өзі тым
болмағанда мәтінді сызбамен жұмыс жасау барысында сөйлемесе де,
көмектескеніне көзім жетті.
Сабақтардың барысында оқушылардың белсенді болуға, дәлелдерді
талдай алуға , мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегияларды
қолдана алуына мүмкіндіктер мен жағдай жасауды қамтамасыз етуді
мақсат тұттым. Бұрын үндемей отыратын балалардың да қызығушылығы
артып, сабаққа қызу араласуда.
Оқушылар топта тапсырманы орындау кезінде бірінің сұрақтарына бірі
жауап беріп, бірін-бірі оқытып жатқанын көрдім. Сонда байқағаным
оқушылардың менің түсіндіргеннен гөрі өздерінің бірін-бірі оқытқан
кезде ақпаратты тез қабылдайтыны. Бірте-бірте оқушылар арасындағы
сенімсіздік, үрей сейіліп, сабаққа деген ынта-жігері ояна бастады.
Әрине топтық жұмыс болған кезде оқушылардың барлығы қамтылып,
біреуі сурет салса, біреуі тақырыпқа қатысты сөздерді тізбектесе,
енді біреуі қорғауға дайындалып жатады. Мен оқушыларға көп еркіндік
беріп оларға тек бақылаушы ретінде қарауым керек екеніне ой түйдім.
Мынандай қорытынды жасауға да болады сабақта нәтижеге жету үшін
оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоя отырып, жауап алып, балалардың
бір-біріне сұрақ қоя білуін және оған ұтымды жауап беруін
қалыптастыру керек екендігіне көз жеткіздім.
Менің бір байқағаным оқушыларға қосымша тапсырманы берген сайын
оқушылар әр қырынан көрініп, бір жағынан оларды ғылыми зерттеуге
бағыттаудың бір сатысына көтерудің қадамы сияқты боп көрінді.
Осындай тапсырмаларды беру кезеңінде-ақ еріксіз оқушылардың
деңгейлері де анықталып жатты.
Шульман айтқандай мұғалімнің үш көмекшісі бас, қол, жүрек демекші,
егерде шын ниетімен мұғалім оқушыны марапаттап, қолдап жатса бала
бәрін де сезеді. Ол да сізге солай қарым-қатынас жасайды екен. Мен
өз тәжірибемде соны
байқадым.
Мен бәрін жетік меңгере алдым ба? Жоқ. Әлі де жете меңгермеген тұстарымды дамыту керек екенін ескере отырып, алдағы уақытта, қолдана алмаған жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданамын деп мақсат қойып отырмын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.С.Ахметов. «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру
жолдары». Алматы «Рауан» 1994ж.
2. Мұғалімге арналған
нұсқаулық ІІІ деңгей ІІІ басылым «Назарбаев зияткерлік мектебі»
ДББҰ, 2012 ж
3. Қосымша материалдар
«Мұғалім неліктен өзгеруі керек?» C. Бич,
2012ж
«Мектептегі жастарға кеңес беру» Джин Раддак, Джулия Флаттер
4. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар www.cpm.kz