Сызу сабақтарында оқушылардың жаңа әдіс – тәсілдер арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуБүгінгі таңда еліміздің даму қарқыны белсенді түрде келе жатқанда білім берудің жаңа әдістерін меңгеріп, білім сапасын дамыту әр бір ұстаз міндеті болу керек. Жаңа заманға сай жаңа технологияларды меңгере отырып білім беру барысында нәтиже көрсетуді білу керек.Кəсіби білім беретін оқу орындарының, білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаудың басты мақсаты мамандықтарды игерту ғана емес, əлемдік білім кеңестігіне ене отырып, бəсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін кəсіби құзыреттілік мүмкіншіліктері арқылы нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесін жүзеге асыру — қазіргі таңда негізгі өзекті мəселелердің бірі.Әрбір оқытушының алдында үш сұрақ тұрады: неге оқыту, не үшін оқыту және қалайша оқыту.Үлкен энциклопедиялық сөздікте «Шығармашылық деген қайталанбайтын тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары саладағы жаңалық ашатын іс-әрекет»,- деп тұжырымдалады.Л.С.Выготский «Шығармашылық» деп жаналық ойлап табатын іс – әрекетті атаған. Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Н. Понамарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық , әсіресе, интеллектуалдық тұрғыдан, баланы жақсы техникалық санаға көтереді.Бүгінгі таңда əр пəннің оқытылуы студентті жан-жақты дамытуды көздеу, оның бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту, оның дербестігі мен белсенділігіне дұрыс бағыт беру сияқты мəселелерді жан-жақты шешу қажеттілігі ескерілуде. Білім берудегі шынайы мақсат адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мəнін дамыту. Бүгінгі таңда балалардың өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне де көмектесудің қажеттілігі арта түсуде. Өзін-өзі тану баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін-өзі жетілдіріп, басқадан үлгі алуға, қоршаған орта жағдайында өзіне-өзі бағыт алуына, өз бетінше бір шешім айта алуына, əр іске жауапкершілікпен қарауға тəрбиелейді. Бірақ бұл жолда мұғалімге үлкен шығармашылық пен ізденіс керек. Онсыз ұстаздың бала жүрегіне жол табуы мүмкін емес. Сондай пәндердің бірі – сызу пәні.Оқыту әдістемелеріне ғылыми тұрғыдан анықтама беретін болсақ: Сызба әдістері - бұл жалпы білім берудің, тәрбиелеудің мақсаты мен талабына сәйкеес графикалық сауаттылықтың мазмұны мен әдістерін анықтайтын педагогика ғылымдарының бір саласы. Сонымен бірге сызу әдістері графикалық жұмыстар орындаудағы формаларды талдауда және оқу процесін тиімді ұйымдастыруда үнемді тәсілдерді қолдану әдістерін зерттейді.Сызу пәнін оқыту процесінде оқушының өзіндік еркін шығармашылығын дамытуды кеңінен қамту керек. Бірақ әрбір оқытушы өзінің педагогикалық қолтаңбасына, темпераментіне, эрудициясына, шеберлігіне және өзіндік мінез-құлқына сәйкес өз тәжрибесінде басқа да әртүрлі әдістермен бірге өзге тәсілдерді қолдануы да мүмкін. Әрбір тәжірибелі оқытушы әрдайым оқулықтан оқып білгенін сын көзбен қарап, өзінің кәсіби тәжірибесімен салыстыра отырып, нақты жағдайына бейімдегеннен кейін ғана ол кітапты қалай қолдануға болатынын ойлана отырып, шешім қабылдайды.Аталған мақсатты орындаудағы негізделген талаптар төмендегідей:- сызу пәнін оқытудағы тәжрибелі оқытушылардың қолданып жүрген тиімді әдістері;- студенттердің ойлану қабілетін және кеңістіктегі нәрсені көз алдына елестете білуіне талаптандыратын әдістер мен құралдар;- аксонометриялық проекция негіздеріне сәйкес орындалған эскиздер мен көрнекі кескіндерін бейнелеу әдістері мен құралдары;- практика жүзінде сызбаларды оқи да, орындай да білуіне мүмкіндік жасауды қамтитын әдістер мен құралдар; Колледжде берілетін білім мазмұны тәрбиелеу мен сезімді дамытудың барлық өрісін ескере отырып, оқытудағы негізгі салмақты студенттердің шығармашылық ойлауы мен еңбектенуі мақсатына аудармақ.Шығармашылық сөзінің төркіні - «шығару»,«іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Сызу пәні - күрделі әрі қызықты пәндердің бірі. Сызу сабағында студенттердің білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге дейін жеткізу мақсатындағы іс–әрекеттердің бірі – шығармашылық тапсырмалар болып табылады.Шығармашылық тапсырмалардың өзін студенттердің қабілетіне, пәнге деген сүйіспеншілігіне байланысты оқуға қойылатын талаптарын басшылыққа ала отырып, жүргізген жөн. Ол үшін оны түрлендіре әрі орындауға жеңіл етіп берген тиімді болмақ. Бір сабақтың өзінде бірнеше тапсырма ұсынып, таңдап орындауды баланың өз қалауына қалдыру керек. Өте жемісті тәсілдердің бірі – тапсырмаларды жүйеге бөліп, оқушының біліміне, қабілетіне байланысты ұсынуға болады. Кез келген практикалық тапсырмаларда оқушылардың кеңістіктегі затты көз алдына елестетуін дамытуға, танымдылығын арттыруға, олардың білім өрісін кеңейтуге ықпал жасау керек. Осындай әдістер оқушылардың өтілген материалдарды есте сақтай отырып, олардың ойлану қабілетін, айналаны қоршаған әртүрлі формадағы көріністерге басқаша қарай білуіне, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды. Сызу сабағында қабілетті оқушылармен жұмыс істеудің негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;2. Сабақты түрлендіріп өткізу;3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсетуҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халқына жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек»,- деп атап өткен. Білім беру саласының басты міндеті – білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың қызмет көрсету аясын кеңейту.Білім және ғылым министрлігі заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын деді.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өз жолдауында: ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады, - деп атап көрсетті. Жолдауды орындай отырып, біз инновациялық оқуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты даярлауымыз керек.Қорыта келгенде, ақпараттық технологияны қолдану ұстаздың оқу- тәрбие үрдісін мақсатты түрде кәсіби бағдарлау бағытында жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық мультимедиалық технологиясын пайдалануының тиімділігін арттыру студенттің өзінің жеке ақпараттық-кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», – деп тұжырым жасағанын еске салғым келеді. О.Бальзактың “ұдай еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, студенттердің шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда ұстазға үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.