Материалдар / Мақала тақырыбы: Ағылшын тілін оқытудың ұтымдылығын арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала тақырыбы: Ағылшын тілін оқытудың ұтымдылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ағылшын тілі мұғалімдеріне керек әсіресе сабақтарына мақала жиындығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
705
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ЖШС «Мейірбике» колледжі


Келісемін: Бекітемін:

«Жалпы білім беретін пәндер» Директордың ӘЖЖ орынбасары

ЦӘК төрайымы:_____Д.Жолдасова ___________Ү.Х.Сагитжанова

______ «____»_______2020 ж «___»___________2020ж





Shape1


Тақырып: Ағылшын тілін оқытудың ұтымдылығын арттыру







Пәні: Шет тілі мұғаліімі

Орындаған:Саукелеева Б.И

Уақыты: 11.10.2020 ж


















Ақтау, 2020 жыл




Ағылшын тілін оқытудың ұтымдылығын арттыру


Ғаламдану үрдісі басталып, әлемнің бір-бірімен байланысы лезде жүзеге асып жатқан бүгінгі күні ағымға сай білім саласында туындап отырған жаңа сұраныстарды көріп отырмыз. Сондықтан әр мемлкет ұлтаралық құндылықтарға және халықаралық жетістіктеріне қарап бағалануда. Технологияда алдыңғы қатарда иеленген индустриясы дамыған және тіпті сауатты қоғамы бар мемлекеттер өздерінің осындай деңгейге жетелеген факторлардың ең біріншісіне білім алуға деген ықыластарын қояды. Жаңа ғасырдың дамуына байланысты көптеген елдер білім беру жүйелерімен білім беру шарттарын қайта қарастыруда. Қазіргі таңда білім беру саласында ЮНЕСКО ұйымының қолдауын тапқан, халықаралық кеңістікте зор мағынаны иеленген көптілді білім беру жан-жақты қарастырылып, оқу орындарында енгізілуде.

Көптілді білім беру проблемасы туралы зерттеу барысында отандық және шетелдік әдебиеттермен мәліметтерге сүйенсек, әр мемлекет көптілді білім беру жүйесінде өзіне тән бір ерекшелігі бар екні көрініп тұр. Бірақ барлық жағдайларда ең маңыздысы – адам факторы, яғни көптілді білім беру барысында жеке адамның ұлтына, мәдениетіне, тағы сол сияқты басқа да құндылықтарына мән берілуде. Мысалға, Орта Азия елдеріндегі көптілді білім беру мәселесімен айналысатын CIMERA хлықаралық ұйымының зерттеулеріне назар аударсақ бұл өңірлерде әсіресе, екітілдік басым, яғни кезінде Кеңес Үкіметі орныққан бұл елдерде орыс тілінің ықпалы басым, тіпті кейбір жағдайларда аталған елдерде орыс тілінің үстемдігін байқап тұрамыз.

Егер Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін алып қарайтын болсақ, осы уақытқа дейін Жоғары оқу орындарында үш тіл оқытылып келді, мысалы: орыс тілі, қазақ тілі және бір шет тілі (ағылшын, неміс, француз және араб). Егер де білімалушы осы үш тілді жетік меңгеріп шықса және осы тілдерде еркін сөйлеу мүмкіндігіне ие болса, онда сол білімалушы көптілді білуші болып саналады.

Ал дүниежүзінде көптілді білім берудегі оқиғалар мен өзгерістерді қарастаратын болсақ, жалпы дүниежүзінде 6000-ға жуық тілдің бар екенін шетелдік ғалым Grimes(1992) мәлімдейді. Бір топ ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда (Cheshire, Comrie, Edwards), ағылшын, француз, араб, бенгал, португал, орыс және испан тілдері дүниежүзінде көп және жиі қолданылатын тілдер болып саналғанымен олар көбінесе екінші, үшінші, төртінші және кейіннен меңгерілетін (ана тілінен кейін) тіл болып есептелуде.

Тіл үйрету мәселесі бойынша зерттеу жүргізген Хакута мен Сноу тіл оқыту туралы ой-пікірлерін білдіреді. «Тіл – унитарлық дағды емес, тіл – қабілеттердің кешенді конфигурациясы». Яғни тіл тек бір ғана дағдыдан тұрмайды. Тіл – лингвистикалық және экстралингвистикалық құрылымдардан тұрады. Лингвистика қазіргі кезде күнделікті өмірде қолданылып жүрген, сөйлеуші халқы (адамдары) бар тілдер – нағыз қарым-қатынас құралы. Лингвистикалық негізгі объектісі сөйлеу, адамның іс-әрекетінің ерекше формасы. Ол адамзаттың ойлауымен және басқа да психикалық үрдістерімен тығыз байланысты. Сондықтан адамзаттың сөйлеу іс-әрекетін тексеру бір ғана тіл білімі емес, сонымен қатар психологияның, физиологияның, логопедияның тағы басқалардың зерттеп, қарастыратын объектісі. Әдетте сөйлеу мен тіл деген сөздер бір-бірімен синоним ретінде қолданыла береді. Бірақ бұл екеуі бір нәрсе емес. Сондықтан сөйлеу мен тіл деген ұғымдарды бір-бірінен ажырата білу керек. Өйткені, сөйлеу мен тілдің бір-бірінен айтарлықтай айырмасы бар. Сондықтан да психология сөйлеумен айналысса, лингвистика тілі ерекшеліктерін қарастырады. Төмендегі №1 кесте арқылы оны көре аламыз.

Бұл технологияларды пайдаланудағы мақсатымыз – оқушыларға сапалы да терең есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, еркін сөйлеу дәрежесін жеткізу. Ол – адамның табиғи ерекшеліктеріне, мәтіннің мазмұны оны дауыстап оқу мүмкіндіктеріне тәуелді. Бұл тәуелділік сөйлеу мен сананың, сөйлеу мен болмыстың, сөйлеуші мен тыңдаушының арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Философиялық сөздікте «қарым-қатынас» категориясы сана мен болмыстың бейнелеу әдісі ретінде қарастырылады. Осы байланысты толық кесте арқылы көре аламыз. Төмендегі №2-ші кестеге қарап оның қалай бір-бірімен байланысқа түскенін көре аламыз.

Демек, адамның жеке тұлға ретінде өзін танытуы санасындағы ойын тілі арқылы сыртқа шығаруы болып табылатындықтан, оның ой-өрісі, білім деңгейі, сөздік қоры, оқытудың мақсаты үлкен рөл атқарады.

Сөйлеу - өте көп аспектілі және күрделі құбылыс болғандықтан, қарым-қатынас құралының қызметін атқарады. Екіншіден, ой-пікір айту нәтижесінде пайда болатын өнімі екенін ұмытпау керек. Психолог-зерттеуші Б.Д.Парыгин атап көрсеткендей адамдардың бір-бірімен тіл қатысып, оның әсер етуі және өзара түсінік түрінде жүретін күрделі көпқырлы және ақпараттық үрдіс қарым-қатынас ауызша, жазбаша түрінде де жүзеге асырыла береді. Бірінші жағдайда сөздік қызметтің түрлері ретінде адам қарым-қатынастың екі құралын, сөйлеу мен оқи білуді меңгеруі қажет. Ендеше, ол - сөздік қызметінің түрі ретінде қарым-қатынастың құралдарының бірі болып табылады.















1 кесте «Сөйлеу» ұғымының мәні


Shape2

Сөйлеу




Shape3


2 кесте


Қарым-қатынастың негізгі құралдары және оларға сипаттама

Shape4


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!