Қызылорда облысы,Жаңақорған
ауданы
№51 М.Қаратаев
атындағыжалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі: Жолдасбекова Бағлан Әбдіманапқызы
Менің тәрбиелік көз
қарасым
Адамның адамшылдығы –
ақыл,
ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан
болады.
Абай
Адам
баласының ізгі армандарының бірі-өмірге ұрпақ әкеліп артына із
қалдыру.Баласының жақсы болғанын армандамайтын ата-ана жоқ. Әрбір
ата-ана баласының тәрбиелі де өнегелі болып өсуін
қалайды.
Тәрбие
халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен
ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіруімен баланың қоршаған
ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын,өмірге көзқарасын және соған
сай мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау ұлттық сана-сезімі
оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, адамгершілігі мол, мәдениетті,
парасатты еңбекқор іскер, бойында басқа да игі қасиеттер
қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
«Жасында тәрбие көрмеген,әдеп үйренбеген кісіден, өскен
соң қайран жоқ» деген ұлы ойшыл Сайф Сарай пікірі тәрбиенің адам
өмірінен алатын орнын анықтайды. Адам баласы дүниеге келген күннен
бастап, тәрбиелеуді қажет етеді «Жас бала-жас шыбық» дейді
халқымыз. Балаға ең бірінші тәрбиені ата-анасы, отбасы береді.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетінін» есте ұстаған
абзал.
Отбасы-баланы тәрбиелеудің негізгі, бірден-бір ортасы.
Баланың еңбекті құрметтеп өсуі мен адамгершілік қасиеттерінің
қалыптасуы ата-аналардың іс-әрекеті мен тәрбиесіне тікелей
байланысты екені даусыз.
Қазақ
отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің
ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші
басты
талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі.
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе,
көргенсіз
болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып
өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып
өсірген. Үнемі
жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш,
адал,
тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін
сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық
танытуды, ешкімді
мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып,
халқына еңбек
етулерін басты міндет етіп қойған.
Десекте адам бойындағы игі қасиеттер мектеп қабырғасында
қаланатыны тағы бар. Балаға ізгілікті тәрбие берудің тағы бір
жолы-ата-аналардың үнемі мектеппен байланыста болуы. Ата-ана
мектеппен, сынып жетекшісімен байланыс жасау барсында мынаны естен
шығармауға тиіс. Үйдегі әке-шешенің бала тәрбиелеудегі көзқарастары
бір болуы керек сияқты, мұғаліммен де баласы туралы пікірлерін
отбасылық тәрбие үрдісіне салып, ұштастырып отырған жөн. Ата-ана
мен мұғалімдердің пікірлерімен ой түйіні бірге бағытталуы тиіс.
Сонда ғана баланың тәлімі мен тәртібінен оң нәтиже күтуге
болады.
-Әрбір
ата-ана өз балаларының алғаш тәрбиешілері әрине, бала бойындағы
өмірлік тәлім-тәрбиесінің іргетасы ата-анасы арқылы отбасында
қаланады.
Міне,
осындай жақсы қасиеттердің бәрін ата-ана бойынан тауып, содан үлгі
алып, еліктеп өскен бала және ата-ана ертеңгі баласының жүрегінен
жол тауып, оның өміріндегі шынайы досына айналса, өз еңбегімнің
жанғаны деп білуге болады.
-Баланың бастапқы тәрбие мектебі алтын бесігі-отбасы,
екінші алтын ұя мектебі. Бұл екі ортаның да мақсат мүдделері ортақ.
Отбасы- ата-ана баланы жарық дүниеге әкеліп,дамытып, қалыптасса
адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл
киелі орта мұғаліммен ата-анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі
артылған жер.
Бала-еліміздің болашағы, отанымыздың келешегі. Сондықтан
бала тәрбиесі-баршамызға ортақ іс. Әрбір баланы еліне, халқына шын
берілген елін сүйетін дені сау, білімді, жан-жақты жетілген азамат
етіп тәрбиелеу-әрбір ата-ананың,қоғамның, ұстаздың борышы. Бүгінгі
жахандану заманында, бала тәрбиесі ата-аналар мен ұстаздар қауымы
алдында үлкен жауапкершілікпен зор міндет
жүктейді.
Олай болса, білім мен тәрбиені бір арнаға құю
үшін мектеп мұғалімдері , ата-аналар, меткептен тыс мекеме
педагогтары баланың бос уақытын тиімді өткізуге қолдау көрсетсе нұр
үстіне нұр болар еді.
Ел ертеңі бүгінгі және
келешек ұрпақ үшін нақты да нәтижелі, сапалы да саналы жұмыстар
атқару – біздің мүдделі мұратымыз