Материалдар / Мақала тақырыбы:Малыбай ауылы

Мақала тақырыбы:Малыбай ауылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп оқушыларына өлкетану курсын оқу барысында үлкен көмек болып табылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2020
683
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Малыбай көлі жайлы аңыз



Заман , заман заманда, елдің басы аманда, бақ- дәулеті жер жарған Малыбай деген бай болыпты, бір балаға зар болыпты. Ол бір түс көреді, түсінде таң- ғажайып іс көреді. Малыбайға су перісінің қызы ғашық болады. Малыбай телегей- теңіз отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап үйленеді. Қыз Малыбайға шарт қояды. Қаңдай қиыншылық, құрғақшылық болмасын су киесіне тиіспе, тиіссең мерт боласын да, мен ұшып кетемін дейді. Малыбай уәде береді. Малыбайдың түсі шындыққа айналып перінің қызына үйленеді. Перінің қызы шартын қояды. Малыбай уәде- уәде дейді. Бір жылы құрғақшылық болады. Малыбайдың сансыз жылқысы шөлден қырылуға тақау қалады. Амалы құрыған Малыбай су перісінің қызы- әйеліне жалынады.

-Мені мына құрғақшылықтан құтқарудың амалын айт, сен су перісінің қызы емеспісің,- дейді.

Әйелі айтады

-Менің айтқанымды істесең, малыңды аман алып қалудың амалын айтайын, -дейді.

Сол аумаққа он үйір жылқынды айналдыра шап, сонда дүңгірлеген жерлерден айнала он құдық қаздыр, мол сарқылмас су шығады, малың да, жаның да аман қалады Бірақ, есіңде болсын, шөлден суындаған қара жирен айғырдың үйірі сендерге бой бермей ортаға қарай шапқанда жердің дүңгірі тіпті анық шықпақ, бірақ суы мол құдық болар деп ол жерді қаздырма, судың киесі атады, мерт боласың,- дейді.

Малыбай әйелінің айтқанын жасайды. Он үйір жылқыны қазіргі көлдің жиектерімен айналдыра шаптырғанда, дүңгірлеген жерлерден он құдық қаздырады, олардан мол су шығады. Суға тойған қара жирен айғыр үйірін ертіп алып, қазіргі көлдің дәп ортасына шабады, қайтаруға бас бермейді. Сонынан қуған жылқышылар жердің дүңгірің анық анық естіп, Малыбайға айтады:

-Ана жерде тіптен мол су бар екен, жер дүңгірлеп дыбыс беріп тұр, -деп.

Малыбайдың есіне әйелінің ескертпесі түсіп:

-Қанағат, осы он кұдықтың суы жетер, -дейді. Мал төлдеп, бас молайған сайын он құдықтың суы бір тартылып, бір толып тұрды. Бұдан Малыбай мазасыздана бастады. Жылқышылары он құдықтың орта тұсында мол су бар деулерін қоймады. Малыбай бір күні:

-Қатынның тілін алып, малымды қырмақпын ба,- деп он құдықтың қақ ортасынан құдық қаздырып, өзі жұмысты бақылап тұрды. Бір кезде Малыбайдың тұрған жеріне көленке түсті. Асапанда бұлт жоқ еді ғой деп басын көтерсе, қанатын кенң жайып ұшып бара жатқан су перісінің қызы- әйелін көрді. Ол қанатын қағып- қағып « қош» деп ұшып кеттті. Құдықтан мол су шықты,бәрі мәз. Кенет су құдықтан аспанға атылды.Көзді ашып – жұмғанша Малыбай мал жанымен су астында қалды. Сөйтіп, Малыбай көлі пайда болды. Малыбай мал- жанымен опат болған соң, заты пері әйелі өзінің туған жері Құмкент шаһарына ұшып кеткен, Малыбайдан қалған бала сонда дария жағасында дүниеге келіп, оның ұрпақтары сол жақта өсіп- өніп жатыр дейді.

Аңыз бойынша пері қызы Малыбайға шын ғашық болған екен, оны сағынып құс болып ұшып келіп, көл бетіне қонып кетіп жүреді екен. Және ол жалғыз келмей, қызметші қыздарын бірге алып келеді екен. Олар су құстары. Сондықтан көл бетіндегі құстарды атуға болмайды, іштерінде су құстары бар дейді .

Сусыз ғұмыр жоқ . Қазақ неге судың да сұрауы бар деді екен. Сулы жер нулы жер. Малыбай көлінің оңтүстік беті қысы- жазы жайылым. Көл жағалай бақтар , оның күңгей жағы үнемі жап- жасыл.Қыс қаңдай қатты болса да үйір- үйір жылқы жайылып шығады.









Қосымша фото суреттер.Малыбай көлі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ