Материалдар / мақала "Тәрбие басы тіл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мақала "Тәрбие басы тіл"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тәрбие басы тіл" тақырыбында апталық қорытындысы жазылған мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
581
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәрбие басы - тіл»

Тіл халықпен бірге туып, бірге жасайды,  сондықтан да әрбір тіл өз елі үшін анадай ардақты. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деп Майқы бабамыз айтып кеткендей әр тілдің өз мемлекетінде алатын маңызы зор.

Қазақ елі егемендігін алғаннан бері тіл мәселесіне көптеп көңіл бөлініп келеді.. Елімізде әр жыл сайын тілдер мерекесін атап өту дәстүрге айналды. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осындай іс-шара 18.09-23.09 аралығында Екпінді жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің жетекшілігімен өткізілді. Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету мақсатында ұйымдастырылған апталықтың бірінші күні «Тәрбие басы -тіл» деген атпен ашылу салтанаты өтті. Апталық барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері жүйелі де, тәрбиелік мәні зор жұмыс жасады. Атап айтар болсақ, мектебіміздің тәжірибелі ұстазы, «Білім беру үздігі» медалінің иегері- Әбішева Ұлдар 5-сынып оқушыларымен «Тіл - ұлттың жаны» тақырыбында сыныптан тыс ашық сабақ өткізді. Шинтаева Гульмира 7-сынып оқушыларымен «Сөзмерген» сайысын ұйымдастырды. Оқушылардың тілге деген көзқарастары мен жалпы дүниетанымын, мақал-мәтел, жұмбақтар туралы білім көкжиегін байқауды мақсат еткен бұл сайысқа сыныптағы үздік 4 оқушы қатыстырылды. Барлығы 7 кезеңнен тұратын сайыс тартысты әрі қызықты өтті. Сайыста жеңімпаз атанған Жаймырза Ордабек мектепішілік мақтау қағазымен марапатталды. 8-11сынып оқушылары «Тілім барда айтылар сыр ойдағы...» тақырыбында эссе жазды. «Ең үздік эссе» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Ерментай Аманкүл марапатталды. Апталықтың соңғы күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі Саурбаева Лираның жетекшілігімен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Өткізілген іс-шараның нәтижесі ойдағыдай болды. Оқушылардың қазақ тіліне деген жанашырлығын күшейту мақсатына түбегейлі жеттік деп ойлаймыз.

Апталық сенбі күні қорытындыланып, белсенділік танытқан оқушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

«Игі істің басы – тіл, тәрбие басы –тіл» дейтін болсақ, шынында да оқу орындарында мұндай  игі шаралардың өтуі аса маңызды. Оқушыларға терең біліммен қатар, саналы  тәрбие беретін оқу ордасында бұл бағыттағы тәрбиелік шаралар жалғасын таба бермек. 

Екпінді жалпы орта білім беретін мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Шинтаева Гульмира


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!