Материалдар / Мақала: ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Тіл – біздің тұтастығымыз. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс. Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені босатады. Түсіне білгенге сөйлей беру де өнер.Тіл – мәдениеттің негізгі тұғыры, ұлттың ұлт болып жасауының шарты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1531
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ



Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Тіл – біздің тұтастығымыз. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс. Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені босатады. Түсіне білгенге сөйлей беру де өнер.Тіл – мәдениеттің негізгі тұғыры, ұлттың ұлт болып жасауының шарты. Тіл арқылы әрбір адам өз ойын, пікірін жеткізеді, қоршаған ортамен байланысқа түседі. Тілді дұрыс пайдалану адамның сөздік қорына және оны орынды қолдануға байланысты. Сөз байлығы мол балалардың ойы ұшқыр болып, шешен, әсерлі сөйлейді. Бүгінгі білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі – оқушыларда осындай қасиеттерді қалыптастыру, дамыту. Шәкірттердің тілі бай болса, онда ол ұлт тарихын, мәдениетін, халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл – маржандарын оңай игереді. Бұл – балаларды ұлтжанды етіп тәрбиелеудің алғы шарты.

Тіл дамытуда қазіргі мектептің оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе – тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөледі. Тілдік материалдарды дұрыс таңдай білу, оны дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады. Қазақ тілі пәнін оқыту барысында мұғалім оқушының ойын логикалық жағынан дұрыс, анық, қазақтың әдеби тілінің нормасына сай, граматикалық, лексикалық, орфографиялық нормасына лайықты, дұрыс айта білуге үйретумен бірге, екінші жағынан ойын орфографиялық және пунктуациялы жағынан дұрыс жаза білуге жаттықтырады.

Оқушының тілін дамыту жұмысы – ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы қай пәнді оқып үйренсе де, өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады. Қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстары оқушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталады,яғни оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.

Оқушының ауызша және жазбаша сөйлеу түрін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білудің, тыныс белгілерін дұрыс қоюдың, көркем әдебиетті көп оқудың үлкен мәні бар. Мұғалім қазақ тілі сабақтарында үйретілген ережеге сай түрлі жаттығу жұмыстарын орындатып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білдірудің жолдарын көрсетіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы қажет. Оқушыны ауызша әдеби сөйлеу дағдыларына бейімдеу үшін орфоэпиялық ережелерге сай, фонетикалық заңдылықтарды аңғартатын, мәнерлеп оқуға арналған арнайы ұйымдастырылған жаттығу жұмыстарын жүргізу пайдалы. Мұндай жұмыс түрлері әр тақырыпты оқытуға байланысты тіл дамыту жұмыстары арқылы іске асып отырады. Оқушыға мәнерлеп оқудың, әдемі сөйлеудің үлгілерін мұғалім өзі көрсетіп отыруы қажет. Оқушының әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту, сөйлеу тілін жаттықтыру, өлеңдер мен әндерді жаттату, фабулалы мәтіндер мен диалогтарды тыңдату, классикалық, қазіргі кездегі музыканы, магнитофондық жазуларды тыңдату, сөз шеберлері, атақты сахна шеберлерінің орындауында магнитофон таспаларына жазылған поэтикалық шығармаларды, кино, диафильмдерден мазмұнын дыбыс арқылы жандандырып, магнитофоннан тыңдату сияқты жұмыстар жүргізудің үлкен мәні бар.

Тіл дамытуда мақал-мәтел және тұрақты тіркестерді пайдаланып сөйлем құратудың да пайдасы зор. Бұл жұмыс түрі арқылы оқушының ойын көрікті айта білуге, мақал-мәтелдердің тіліміздегі көркемдік ерекшелігін, оның тәрбиелік мәнін ұғуға деген дағдысын қалыптастырады.Оқушы мақал-мәтелдерді кірістіріп сөйлем құру арқылы еңбекке, білім алуға, өнерге, жақсы әдеттерге үйір болуға, жаман мінездерден безуге, ұқыптылыққа, тазалыққа, достыққа, шындыққа байланысты нақыл сөздерді үйренуге жақын болады.

Мақал-мәтелдерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері көп. Оқушыларға сабақта, сыныптан тыс жұмыстарында белгілі бір грамматикалық тақырыпты оқытуға сәйкес мақал-мәтелдерді таптырып, сөйлем құратуға болады. Зат есімді оқытуға байланысты «дос», «білім» сөздерін кірістіріп, мақал-мәтелмен сөйлем құрату пайдалы. Мысалы, «Адал досты ауыртпалық танытады», «Досы жоқ басым, тұзы жоқ асым», «Білім – бақтың жібермейтін қызығы». Мақал-мәтелдерді шығарма жұмыстарында да кірістірген жөн.

Оқушылардың тіл байлығын арттыруда лексиканың алатын орны зор. Сөз, сөздің мағынасы, синоним, омоним, антоним, термин сөздер, архаизм, неологизм, тұрақты сөз тіркестерін оқыту арқылы тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор.

Сөз және оның мағынасын түсіндіру кезінде қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс түсініп, пайдалану үшін балаларға сөздің негізгі мағынасын білдіру мақсат етіледі. Ең алдымен балаға сөздің негізгі мағынасын түсіндіру керек. Қазақ тіліндегі бірқатар сөздердің жеке тұрған күйінде негізгі мағынасының айқын бола алмайтынын аңғартуымыз керек.Демек, балаларға сөздің негізгі, тура мағынасын сөйлем ішінде тұрғанда ғана ажыратуға болатынын баса айту қажет. Мысалы, мына сөйлемдерді пайдалана талдай отырып, қазақ тіліндегі бірқатар сөздердің көп мағыналы болып келетін айтқан жөн: Ананың ақ сүтін ақтау керек. Жердің шөбі қураса, мал ақ болып кетеді. Мал семірер ақпенен. Нысапсызға не керек, істің ақ пен қарасы.

Қазіргі мектептің оқу-тәрбие ісіндегі басты проблемасы – тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлеу білуіне көңіл аудару.

Қазақ тілі пәні бағдарламасы сатылы тәртіппен құрылған. Мәселен, сөздің лексикалық - грамматикалық тобы, яғни сөз таптары туралы ұғым бір сыныпта емес, бастауыш төрт сыныпта сатылы түрде меңгеріледі. Бұл арада әр сынып оқушысының жас, білім, дағды, даму ерекшеліктері ескеріліп, олардың еркін түсініп меңгеруіне қолайлы деген материалды топталып беріледі. Қазақ тілінен өтілген материалдарды қайталау жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылар өз бетімен дайындалады.

Халқымыздың ұлттық дәстүр ерекшеліктерінің, шешендік сөз үлгілерінің мол мұрасын пайдалану арқылы оқушылардың тілін дамыту, тәрбиелеу қазақ мектептеріндегі бүгінгі таңдағы маңызы зор мәселе болып отыр.

Шешендікті жоғары бағалайтын халқымыздың дәстүрін қалпына келтіру, сөз қадірін түсінетін ортаны қалыптастыру - қазақ халқының ұлттық ерекшелігін жандандыратын белгілердің біріне жатады. Ал халықтың осы қасиетін жандандыру баланың тілін дамытуды жасынан бастаумен тікелей байланысты.Оқушының жазбаша және ауызша ойын дұрыс айта біліуіне үлгі беретін – мұғалім. Сондықтан мұғалім тілдің тарихын, грамматикасын, стилистикасын, орфографиясын, лексикасын, пунктуациясын жақсы біліп, меңгеруі қажет.

Қорыта келгенде, қазақ тілі сабақтарында осындай жұмыс түрлері жүйелі ұйымдастырылса, оқушының өз ойын жаза, әрі дұрыс айта, жеткізе білуі сөзсіз. Сондықтан қазақ тілін оқытатын әрбір мұғалім балалардың тіл дамыту мәселелерін осындай жұмыс түрлері айналасында ұйымдастыруы қажет. Сонымен қатар, оқушының ақыл- ойына әсер ете отырып кез-келген затқа сын көзбен қарай білуге, бағалай білуге үйрету негізінде оның ішкі жан дүниесіне, сезіміне де әсер етуі қажет.


19 жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Калиева Толқын Райханқызы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!