№62 Н. Төреқұлов атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Омар Шолпан Сейдрахманқызы
Тілді білу- заман
талабы
Бүгінгі cөзімді Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың өлең жолдарынан бастағым
келеді.
Сүйемін туған тілді - анам
тілін,
Бесікте жатқанымда – ақ берген
білім.
Бүгінгі жас ұрпақ –
мемлекеттің жарқын болашағы, ертеңгі
күннің
білімді де білікті азаматы. Ал
оның бақытқа жетер даңғыл жолы –туған Отанын, туған тілін сүюден
басталады. Туған тіліміз – тула боймызға анамыздың ақ сүтінен
дарыған, ананың бесік жыры құлаққа сіңіп, атадан
балаға жетіп отыратын ұлы күш. Ия, тарихқа
үңілетін болсақ 70 жыл Рессей боданында жүріп шыла қазаққа айналдық
тілімізді, дінімізді, мәдениетімізді, салт –дәстүрімізді ұмыту
шекеарасына жеттік. Сан ғасырлар бойы елімізді жау
шапқыншылықтарынан қасық -қаны қалғанша қорғап, келер ұрпаққа
аманат етіп қалдырған ата- бабаларымыздың жерінде орысша шүлдірлеп
жүргенімізге не дейсіз? Десек те, «бар екен», ел тағдырын, келер
ұрпақтың күнін, болашақтың қамын жеп тілімізді, дінімізді ойлап
тәуелсіздіктің көк туын биікке самғататын,ел намысын қорғайтын
азаматтарымыз еңсесін көтеріп «Тәуелсіздікке» де қол жеткіздік.
Бабаларымыздың асыл мұраты осы емеспеді? Туған жерде аяғымызды нық
басып , өз ойымызды еркін айтып , мемлекетіміздің мәртебесін
асқақтатып, жас ұрпаққа саналы тәрбие мен білім қалыптастыру,
дамыған мемлекеттермен тереземіз тең болып, бәсекеге қабілетті
болу. Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе дейді – атам қазақ. Тіл –
қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты
танытатын басты белгі. Ана тілінің бүге –шүгесіне , терең
иірімдеріне бойлай білу – саналы азамат болғысы келетін жас жас
адамның бірінші парызы. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да
тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейде тескен дария ойлармен
сусындадық.
Тіл адам баласының басты
қазынасы болғандықтан – тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын,
ғылымы мен әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам-құрылыстары
мен салт-санасынынң, жауынгерлік дәстүрінің–мұрасының қай дәрежеде
екенін танытатын дәлелді көрсеткіші.
Тіл жоғалса, ұлт та жоғалатыны белгілі. Туған
тілім– тұғырым . Бұл сөздердің басқа тілді меңгеруіне ешқандай
бөгет болмайды, қайта адмгершілікке, шын патриот болуға
жетелейді.
Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл,
жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған
дәуірімізге сәйкес айтылғандай.
Көптілді меңгерген адам әуелі
өз тілінде ой қортып, туған халқына өнеге болып, өзге жүртпен
бәсекеде ырықты орынды иелеп, сан мәдениетті санасына салып
сараптай алса, онда ол өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы
тұлға болып жетілері қақ.
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт
мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді
маңызды міндет деп санайды.
Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман
бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.
Үш тұғырлы тіл саясатын дұрыс
түсінбей, тек қана қазақ тілін қолданайық деп даурыға берудің
қажеті
жоқ. Одан да біз мемлекеттік тілді дамытып,
орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарай үйренуіеміз керек. Орыс
тілін меңгеру оқушыларға қиындық тудырмайтыны сөзсіз, себебі
алфавиттегі айырмашылық аз және мемлекетіміз көпұлтты болғандықтан
орыс тілі күнделікті өмірде қолдансыта жүрген тіл. Ал ағылшын
тіліне келетін болсақ
бүгінде ағылшын тілі үшіншісыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, құптарлық
дүние. Бірінші, екінші сыныпта бала ана тілін толық
үйреніп, сосын өзге тілдердімеңгереді.Себебі, баланың жас
кезінде есте сақтау қабілеті белсенді үндерісте болады, жастайынан
өзге
тілді базалық деңгейде білсе, бола-шақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады.
- көптілді меңгерген оқушылар өзгермелі кезеңде еркін әрекеттер жасауға
бейім болады;
- көптілді меңгеру еңбек нарығында да жоғары бағаланады;
- алыс және жақын шетелдерде тілдік көмекті керек етпейді. Демек,
«Тілі бірдің-тілегі бір»,
Көптілділік мәселесі –
Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті
мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан
заман тілдерді білуді талап етеді.
Бүгінгі әлемде мыңдаған
адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе
оқуда пайдаланады. Сонымен қатар ағылшын тілі «21 ғасырдың»,
халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі
мәртебесіне ие болды. Ағылшын тілін оқып – үйренемін деушілердің
саны күннен – күнге көбеюде. Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның
ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу
орындарында оқыту әдістемесінің жаңа бетбұрыстарды қажет екендігін
тудырады. Қазіргі уақытта, ағылшын тілін меңгерудің талабы жоғары
болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы
мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда. Жоғарғы
сыныптарда химия, биология, жаратылыстану, физика пәндерін оқытуда
ағылышын тілі кеңінен қолданылады.
Қазақстан халықтары
Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы
кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
еркін меңгерулері қажет»-деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен
студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты
жағдайға айналғандығын атап өтілген. Үштілді оқыту – жас ұрпақтың
білім кеңістігіне еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым
құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін
бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ
тілін дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылышын тілін
уйренеміз.
Бүгінде осы үштілділікті
қолдану мақсатында біз, мұғалімдер өз үлесімізді қосуға,
оқушыларға аталған жаңа талаптарға сай білім беруге бір
кісідей ат салысамыз. Үш тілділік - заманның талабы.Ұрпағымыз
үшін,еліміздің болашағы үшін қажет. Ана тілі-ана сүтімен берілген
туған тіліміз, сол ана тілін біліп өзге тілді
меңгеру, менің ойымша еш артықшылығы
жоқ.