Материалдар / Мақала: Түзете-дамыту барысында дидактикалық ойынның маңызы.

Мақала: Түзете-дамыту барысында дидактикалық ойынның маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын,өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын.Ойын-балалар үшін күрделі әрекет. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша,бала ойын үстінде қандай болса,өскенде еңбек үстінде сондай болады,-дейді.Сондықтан ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2021
336
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түзете-дамыту барысында дидактикалық ойынның маңызы.



Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын,өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын.Ойын-балалар үшін күрделі әрекет. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша,бала ойын үстінде қандай болса,өскенде еңбек үстінде сондай болады,-дейді.Сондықтан ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы.Баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.  Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Мектеп жасына дейінгі балаларға білім беруде, тілін дамытуда,  оқу қызметінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы өте зор.

Дидактика – термині гректің «дидактикос» , яғни үйретемін деген мағынаны білдіреді.  Дидактикалық құралдар оқу міндеттеріне сай арнайы әзірленеді.

К.Д.Ушинский  мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескере келе, былай деп жазады: «Бала табиғаты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байлансытыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша тісіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді.»

Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын әрекеті арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің негізгі ерекшелігі.Білімді меңгерту және оны бекіту үшін, дағды мен әдет қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу қажет. Егер баланың ойлауы образды, эмоциялық әсерде болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже береді, сондай – ақ білім қызғылықты әрекетпен байланысты болса, баланың іс – әрекетімен іштей қабысып жатса, ондай білімді бала дұрыс меңгереді.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

1.Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойындармен және түрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады. Заттық дидактикалық ойындар әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар.

Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – балаларға арналған қызық сабақ. Түрлері бойынша олар әртүрлі: сыңар суреттер, лото, домино. Ойындарды ойнаған кезде шешілетін тапсырмалар да әртүрлі. Суреттер сыңарын табу ойындары.

3.Сөздік дидактикалық ойындар.

Сөздік ойындар баланың сөздері мен әрекетінен тұрады. Мұндай ойындарда балалар заттар туралы түсініктеріне сүйеніп, олар туралы білімдерін тереңдетіп үйренеді. Балалар өздігінен түрлі ойлау тапсырмаларын шешеді: олардың сипаттамалық қасиеттерін бөліп, заттарды суреттейді; суреттеу бойынша табады; ұқсастық және айырмашылық белгілерін табады; әртүрлі қасиеттері, белгілері бойынша заттарды топтайды.



Дидактикалық ойынның мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа оқу материалын немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындардың ережесі баланың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт.

Түзете-дамыту барысында дидактикалық ойынды қолданғанда оның мынадай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескеру қажет:

- ойынның балаларға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;

- баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етеді;

- өтіліп отырған материалдарға қызығушылығын туғызуы;

- балаларға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыруға көмектесетіндей болуы тиіс;

- тілдік материалдарды салыстыра алуы және қорытынды жасай білуі;

- балалардың қоршаған ортамен таныстырудағы рөлі болуы

Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.

  • Дидактикалық ойындар нақты,қысқа,қызықты болуы тиіс.

  • Дидактикалық ойындардағы тапсырмалардың біртіндеп күрделену және ол ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал етуі қажет.

  • Ойындардағы тапсырмалардың әртүрлі тәсілмен орындалуын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпақ етуі қажет.

  • Дидактикалық ойын баланың жас ерекшелігіне сай,бағдарламадағы материалдарға,оның ішінде нақты мазмұнына сай болып,тапсырма мәнін ашу керек. Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып,олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді,баланы ойнай білуге баулып,ақыл-ой қызметін қалыптастырады,әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойындарды сөйлеуді дамыту оқу қызметінде пайдалану,сонымен қатар күн тәртібінің барлық сәтінде жүзеге асырылу тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр.

















Семей қаласының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті»






Баяндама

Тақырыбы: Түзете-дамыту барысында дидактикалық ойынның маңызы.















Дефектолог: Аймакова Н.К

Әдіскер: Аубакирова Э.Б























Семей 2021жыл









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ