Материалдар / Мақала Туған тілім –бабам тілі -өз тілім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала Туған тілім –бабам тілі -өз тілім

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2020
607
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Туған тілім –бабам тілі -өз тілім

Тіл мемлекетіміздің тірегі ұлттық болмысымыз. Ана тіліміз - қазақ тілі еліміздің іргетасы десекте аздық етпес. Қазақ елінің болашағы тілімізбен салт- дәстүріміз,ұлттық болмысымыз қашанда бірінші орында болу керектігін ұмытпағанымыз абзал. Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, менде бірге өшемін!- деп, ақын Ә. Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қашанда қадірлі , қастерлі болмақ. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға , орынсыз шұбарлануына жол бермеуі тиіс. Тәуелсіздік алғаннан бері тіл саясатыда қолға алынды. Ана тілін білу- ана тілін сақтаудың қажетті шарты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті , Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « Қазақстандықтардың басын біріктіруші фактор-қазақ тілі, сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін баршамыз бірігіп көтеруіміз керек» деген болатын. Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевта Қазақстан халқына арналған жолдауында « Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезең келді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деп, қазақ тіліне қатысты өз ойымен бөліскені мәлім.

Туған тілі қазақ тілі болсада өзге тілде сөйлеп, өз тілінде сөйлей алмайтын қаракөздеріміз, қандастарымыз аз емес. Туған тілдің абыройын асқақтату- әрбір адамзаттың борышы. Осы тұста Елбасының « Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін»,-деген сөздері назарға алынса ғой.

Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт- ана тілінің болуы. Тәуелсіз ел болып қалу үшін ана тіліміздің болашағы басты парыз санаған абзал. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы-қазақ жастарында, келер ұрпақта. Ана тілімізде сөйлеп, ұлттық болмысымызды сақтайық.



Қарағанды қаласы

34 жалпы орта мектептің

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Кусенова Жанерке Сагинтаевна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!