Материалдар / Мақала "Ұлттың ұлы ұстазы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Ұлттың ұлы ұстазы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттың ұлы ұстазы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналады. Алтынсариннің қазақ халқына, білім саласына қосқан ерен еңбегі кейінгі ұрпақты оқытуда қосатын үлесі мол. Ағартушының өлеңдері, әңгімелері әлі күнге дейін мектеп оқулықтарында оқытылып келеді. Өзім де педагог ретінде Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» ұранын басшылыққа алып жұмыс атқарып келемін және бұл ұран ғасырлар қойнауына қалып қоймай, болашақ педогогтерде жалғасын табатынына сенімдімін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2021
358
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлттың ұлы ұстазы

Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық- деп ұрандатқан қазақтың біртуар талант иесі, ағартушы, педагог, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин мектепті бітіргеннен кейін, 1857-1859 жылдары атасы Балғожа бидің хатшысы болып қызмет атқарды. Кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштық қызметке ауысады. 1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды ұсынады, сонымен бірге осы мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі етіп тағайындайды.

Осыдан кейін Алтынсариннің ағартушылық мұғалімдік қызметі басталады. Шалғай жерде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан, орындауға құлшына кірісті. Ауыл-ауылды аралып, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндіреді. Ы. Алтынсариннің талабы мен қадамын халық қуаттады.Халықтан жиналған қаражатқа мектеп салуға кірісті. Мектеп 1864 жылы 8 қаңтарда ашылды. Осыған байланысты үлкен той болып, сол күні мектепке 14 бала жазылды. Мектеп жанынан интернат ашылды.

Алтынсарин дүние жүзі педагог классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оқу-ағарту практикасына енгізген тұңғыш педагог болды. 1860-1879 жылдар арасында Алтынсарин мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар басқа да қызметтер атқарды. 1868-1874 жылдары Орынбор генерал-губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьиясы, 1876-1879 жылдары Алтынсарин Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды.

Инспекторлық қызметіне кіріскен кезден бастап, Алтынсарин мектептер ашуды қолға алды. Ең алдымен облыс, уез орталықтарына учелищелер ашуға шешім қабылдады. Содан кейін Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездеріне бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашты. Олардың барлығына да кітапханалар ұйымдастыруға үлкен мән берді. 1888 жылы Омскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылды. Сонымен бірге, Алтынсарин қазақ қыздары үшін Ырғызда жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар учелищелерін ұйымдастыруды өтінді. Алайда рұқсат ол қайтыс болған соң, екі жылдан кейін берілді де, Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде жанында интернаты бар қыздар учелищелері ашылды.

Алтынсарин орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу-құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді.

Алтынсарин жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосты. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-біліммен, техниканы меңгеруге шақырды. Оқу-білім тек ізденіспен , еңбекпен табылатынына мән берді. Жастарды өнер-білім, техниканы меңгеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан.

Алтынсарин әңгімелері қысқа да нұсқа құрылып мазмұны жағынан ұтымды келеді. Осыған орай оның Қыпшақ Сейітқұл, Кейіз үй мен ағаш үй тәрізді новеллаларын тілге тиек етуге болады. Бұлармен үндес Аурудан аяған күштірек, Асыл шөп, Шеше мен бала, Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ әңгімелері- әсерлі де көркем шығармалар да бар. А.Ущинский, Л.Толстой, И.Крылов, И.Пульсон шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Ыбырай балалар әдебиетіне тән көп шығармалар берді. Оның әңгімелері мен өлеңдерінің қай-қайсысы болмасын балаға тәртіпті, өнегелі, таза, ұқыпты болуға үйретеді. Оқыған, мәдениетті адам болу өмір сүруде анағұрлым жеңіл және көңілді болатындығын уағыздайды.

Қорытындылай келе , Алтынсариннің қазақ халқына, білім саласына қосқан ерен еңбегі кейінгі ұрпақты оқытуда қосатын үлесі мол. Ағартушының өлеңдері, әңгімелері әлі күнге дейін мектеп оқулықтарында оқытылып келеді. Өзім де педагог ретінде Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» ұранын басшылыққа алып жұмыс атқарып келемін және бұл ұран ғасырлар қойнауына қалып қоймай, болашақ педогогтерде жалғасын табатынына сенімдімін.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуандықова Г







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!