мақала "Ұлы Даланың бір қыры"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала "Ұлы Даланың бір қыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы ҚР Тұңғыш Президенті атап өткен Ұлы Даланың жеті қырының бірі жылқы түлігіне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы Даланың бір қыры

Жүйрік аттың тағдыры - қаһарман батырдың тағдыры - халықтың тағдыры. Жүйрік ат - қазақ халқының жаны! Өмірімізге техника араласқанға дейін сәйгүлігін сайлап, тарланды таңдап мініп, үзеңгіге табан тіреген қазақ елінің айбары астам, мерейі үстем болып келген. Осындайда «Қазақ тарихын айтсақ жылқы тарихын айтамыз, жылқы тарихын айтсақ қазақ тарихын айтамыз» деген даналық сөз ойға оралады

Біз, қазақтар «жылқы мінезді халықпыз» дегенді жиі айтып жатамыз. Ал жылқы – таза, кірпияз, судың тазасын ішіп, шөптің құнарлысын ғана жейтін жануар. Ең бас­тысы, жылқы өзіне басқаның үстемдік етуіне, тапап-талауына, аяқ асты етуіне жол бермейді. Жылқы – еркіндікті сүйетін, бостандықтың символы.

Қазақ халқын: "Ер қанаты - аттан" бөлек қарау мүмкін емес. Арыдағы арналарды еске алсақ, халық әдебиеті үлгілерінде, көне жазба ескерткіштердің тасқа қашалып жазылған мұраларында тілге тиек етіліп, аласапыран замандарда да елге қорған, ерге қанат бола білген тұлпарлар көп жырланады. Мінсе -көлігі, жесе - азығы, ішсе - сусыны болған сенімді серігі - тұлпарларға айрықша мән берген. Қазақ халқының өмір тарихы мен өткен жолы асыл жануар - жылқымен байланысты болғандықтан, оны ән-жырға қосып жырлап, мифтік санада өз жаратушысы деп те сенген . Бұндай дәлелдерді халық тарихы мен өмір-тұрмысынан жиі ұшырастыруға болады.

Оқушылар бойына жылқы түлігін қажетті деңгейде дәріптеу үшін әр пән аясында белгілі бір тұстарын атап өтіп, сабақ барысында өтуге болады. Мысалы тарих пәнінде жылқы тарихын, қолға үйретілуін, тарихтағы орнын қозғасақ, әдебиет сабағында жылқы түлігімен байланысты салт – дәстүрлер мен жыр дастандардағы орны, ал технология пәнінде ат әбзелдері, ер-тұрман ерекшеліктерін зерттесек, дене шынықтыру сабағында тәжірбие түрінде жылқы түлігімен жақынырақ танысып, мініп үйренуге болады. Осы жұмыстың басты мақсаты іске асыру жолдарын негіздеу. Мектептегі оқу – тәрбие үрдісінде жеке сабақ ретінде болмаса да аталған пәндер аясында кем дегенде жылына 5-6 сағат көлемінде оқыту оқушылар үшін тек пайдасын әкеледі және елімізде қолға алынып отырған «Руханаи жаңғыру» бағдарламасына қосылған аз да болса үлес болар еді.

Қазақ жері-жылқының қолға үйретілген жері, яғни туған бесігі. Қазақ халқының арғы ата-бабалары ежелден алғашқылардың бірі болып жылқыны қолға үйреткен, мініске жаратқан, етін тағам, сүтінен қымыз ашытқан терісінен киім тігіп, ең аяғы сүйегінің өзін баспанасына құрылыс материалы есебінде жұмсаған. Бұған дәлел Ботай энеолит қонысынан табылған салмағы ондаған тонна, жүз мыңдаған жылқы сүйектері. Қыш құмыралардың сынықтарына Англияда өткен зертханалық тексерулерде бие сүтінің қылдықтарының табылуы ботайлықтардың Еуразияда тұңғыш қымыз ашытушылар екенін дәлелдейді. Сондықтан қазақ халқының жылқы мәдениетіне шамамен 6-мың жыл болды –деп айтуға негіз бар.

Елімізде болып жатқан Рухани жаңғыру бағдарламасының мәні аясында ұлттың ұмыт болып бара жатқан жылқы түлегінің дәріптеу мәселесі өте өзекті. Өйткені өскелен ұрпақ, жастар оның қадір қасиетің енді теледидардан ғана көретін болды.Тікелей жылқы малын пайдалану, міну қаншалықты тарағанын білу үшін, оқушылыр арасында сауалнама да жүргізіп көрдік. Оның нәтижесі жұмысымыздың барсында айтқандай оқушылардың жылқы түлігімен жете таныс еместігін көрсетті. Елбасы атап өткендей «Ұлы Даланың жеті қырын» атқа міну дәстүрінсіз елестету мүмкін емес, сондықтан бұл тұрғыдан оның маңыздылығы бүгінгі күнде тек арта түспек.

Елбасы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында атап өткен атқа міну дәстүрін жаңғырту үшін білім саласының мүмкіндіктерін зерделей отыра оқушылардың жылқы түлігімен жақын танысу мүмкіндіктерін айқындап,іс жүзінде оны іске асыру жолдарын табуға тырыстық. Ол үшін әр пән аясынды жылқы түлігі туралы білімін толықтырған оқушылар нәтижесінде атқа мінуді де үйренетін болады. Болашақта «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында негізінде «Атқа міну мәдениеті» немесе «Жылқытану» курсын мектеп бағдарламасына қосу ұсынысын алға тартып отырмыз.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2020
704
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі