Материалдар / Мақала: Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу-Насыр-Әл-Фараби
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу-Насыр-Әл-Фараби

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жеке оқытушының жеістігі үшін керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
264
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу-Насыр-Әл-Фараби!

Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. Грек, араб тілдерін меңгерген, елуге жуық еңбегі бар бəрімізге танымал ұлы жерлесіміз, Батыс пен Шығысты терең білімімен бас идірген Əбу Насыр əл-Фараби.Фарабидің толық аты-жөні — Əбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ əл-Фараби ат Түрки. Ат Түрки — шыққан тегі түркі дегенді, əл-Фараби — Фараб қаласынан шыққан дегенді білдіреді. Өзінің азан шақырып қойған аты — Мұхаммед, əкесінің де аты — Мұхаммед, атасының аты — Тархан, бабасы — Ұзлағ. Кейде оны жай ғана «Тархани» деп те атаған. Əл-Фараби түркі тайпасының дəулетті отбасында дүниеге келген, əкесі əскербасы болған. Әкесі қорған басшысы Махмұт Тұрпан.Батыстың білім әлемінде оны Әл Фарабиус атымен таниды.Бір нұсқада руы қаңлы-қыпшақ делінген. Əкесінің əскербасы болғанын «тархан» деген атаудан да байқауға болады. Біздің жерімізде мекендеген ежелгі түркі тайпалары «тархан» деп əскери лауазымды кісілерді айтатын болған. Яғни Фараби əскери ортадан шықты деп жорамалдауға əбден болады. Оған қоса тарихи еңбектерде «əл-Фараби мықты күшті жəне ержүрек болған. Ол жебені жақсы тартқан, атқан оғы нысанаға дəл тиетін», — деп жазылған. Осыған қарағанда əкесі əскербасы болғандықтан, жас Мұхаммедтің те жауынгерлік, соғыс өнерінен хабары болған сияқты. Екіншіден, ежелден Сыр, Отырар бойын жайлаған, тарихқа ертеден мəлім қаңлы тайпасында тархан (кейде дархан деп те атайды) атты ру болған, қазір де бар. Сондықтан Фараби қаңлы-қыпшақ руынан шықты деп айтуға толық негіз бар. Тағы бір деректерде «Фарабидің əкесі Весиж қаласының əміршісі болған» деп те айтылады

Ол Отырар қаласында 870 ж. дүниеге келген. Ежелгі Ұлы Жібек жолында, Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жерінде бой көтерген Отырар қаласын арабтар Фараб, Барба-Фараб деп атаған. Осында əл-Фараби жастық шағын өткізген. Нақты айтқанда, əл-Фараби Фарабтың өзінде емес, соның маңындағы Весиж қалашығында туған. Весиж — Сырдарияның сол жағалауында орналасқан қала. Археологтар Весиж қалашығы Отырардан солтүстік-батысқа қарай шамамен 20 шақырымдағы Ақжар сайында орналасқан Оксус қалашығына сəйкес келетінін анықтады. Қалашық ішкі қамалдан, қабырғамен қоршалған шахристаннан жəне рабаттан тұрады. Қалашықтың VІІІ–ХV ғасырларда өмір сүргені анықталды. Уақыт өте келе Весиж ұмытылып, асқан ақыл ой иесінің Отаны Фараб қаласы саналып кетті

Зерттеуші-ғалымдар əл-Фарабидің балалық, жастық шақтары туралы мардымды əңгіме айтпайды. Себебі ұлы ғалымның өмірінің бұл кезеңі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да зерттеушілер ұлы ойшылдың өмірбаянын оның елуден асқан шағында Бағдад шаһарына қоныс аударуынан ғана бастайды. Оның ғылым жолындағы ізденістері мен ұзақ сапарлары нақ осы кезден басталса керек.

Əл-Фараби жастайынан түрлі ғылымды оқып үйренді. Оның ақыл-ойының ұшқырлығы мен білімінің молдығына тəнті болған талай жан еріксіз таңдай қаққан. Ол араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерді.

Әл Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы,ойшылы,физика,химия,медицина,математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны.

  Ал Шам аймағына келген кезде әл-Фараби алғашында Дамаск қаласындағы бір бақта бағбан болып жұмыс істейді. Мұнда ол жеміс ағаштарын баптай жүріп ғылыммен айналысуын әрі қарай жалғастырады. Ол әсіресе, логика ғылымын терең зерттеді. Осы бұрын-соңды салада жазылған еңбектердің бәрін парақтап оқып шықты. Тұрмысының жұпынылығына қарамастан қолындағы бар қаражатын кітап сатып алуға жұмсап, күні-түні ғылыммен айналысты. Ол бақ қарауылшысы ретінде берілетін май шамның жарығымен талай томдарды оқып түгесті. Өзінің еңбектерін де жазып шықты. Ақырында оның есімі әлемге жайылды.       Еңбектері шартарапқа тарағаннан соң есімі дүниеге әйгілі болды. Уақыт өте келе оны білім иелері мойындап, өз заманының бірегей ғұламасына, біртуар дара тұлғасына айналды. Әл-Фарабидің аса парасаттылығы туралы естіген Халеб қаласының әкімі Сәйф әд-Дәулә әл-Хамдани оны басқа да мұсылман ғалымдармен бірге сарайына шақырып құрметтеп, қонақ қылады. Ұлы данышпанның даналық сөздерін ден қойып тыңдаған әмірші оны өзіне жақындатуды ойлайды. Оны қазылыққа тағайындайды.       Әл-Фараби киетін киімі мен тұрмысына аса көп назар аудармайтын. Оның қарапайым тіршілік кешкені сондай, кейде тіпті, тек қана қара сумен күнелткен кездері де болған.       Ұлы ойшыл қазылық қызмет атқарып жүрген тұсында да ғылымнан қол үзген емес. Бірде таным өрісін одан әрі кеңейтіп, білімін молайта түсуді көздеген данышпан қазылық мансаптан бас тартады. Одан кейінгі өмірінде ғылымның алуан түрлерімен, өнермен шұғылданады. Саз өнерінің қыр-сырларын тексеріп, терең игерген ғұлама көп ішекті ғажайып аспап ойлап табады. Бұл цитра атты музыкалық аспап болатын.        Бірде әл-Фараби Сәйф әд-Дәуләның мәжілісінде отырғанда әмірші оған: «Тағам алдырайын, ас ішесіз бе?» – деп сұрайды. Ғұлама: «Жоқ, ішпеймін», – дейді. Әмірші: «Сусын ішесіз бе?» – деп сұрағанда одан да бас тартады. Сосын Сәйф әд-Дәулә: «Олай болса бірдеңе тыңдарсыз», – деп ұсынады. Әл-Фараби: «Тыңдайық», – деп келісімін береді. Сонда әмірші қолдарында музыкалық аспаптары бар әншілер тобын алдырады. Бұлар патшаның ең талантты өнерпаздары болатын. Олар орындарына жайғасқан соң қолдарындағы аспатарының күйін келтіріп, алуан түрлі сазды әуендерді ойнай бастайды. Алайда олардың өнеріне әл-Фарабидің көңілі толмай, қателіктерін айтып сынайды. Сонда одан Сәйф әд-Дәулә: «Өзің жақсы ойнайтын ба едің?» – деп сұрайды. Әл-Фараби: «Иә, ойнай аламын», – деп өзінің саз аспабын алып, құлақ күйін келтіреді де көңіл көтерер әуездерді төге жөнеледі. Бұл әуен мәжілісте олтырғандарды көңілдерін шаттандырып, жүздері жайдарылық ұялатады. Олар бір-бірлеріне жымия қарасып, шад-шадыман болысады. Әл-Фараби бұл әуенін аяқтаған соң, қолындағы аспабының құлақ күйін басқаша келтіреді. Сиқырлы сазды ішектерден енді адамның жүрегін жылатар мұңлы әуен сарнап қоя береді. Құлақтан кіріп, бойларын билеп алған қайғылы күйге еліткен жиналған жұрт кірпіктерін жас шалып, кемсеңдей бастайды. Бұл қайғылы әуенді аяқтап болған соң әл-Фараби аспабының құлағын басқаша бұрып, енді құлаққа жағымды, мамыражай, баяу күйді тарта бастайды. Жиналған жұрт күйдің әсеріне беріліп, жастықтарға жантая кетеді де, сәлден кейін көздері жұмылып, ұйқыға кетеді. Сол кезде әл-Фараби әуенін аяқтап, аспабын бір шетке сүйеп, сарайдан шығып жүре береді.  Шығармалары       Әл-Фараби жетпіске тарта кітаптар мен зерттеу жұмыстарын жазып кетті. Оларда философия, астрономия, логика, геометрия, музыка сынды ғылым мен өнердің сан алуан түрінің мәселелері талқыланады. Алайда оның еңбектерінің көбі аумалы-төкпелі замандарда жоғалып кетті де бізге осынау мол мұраның аздаған бөлігі ғана жетті.       Әл-Фараби еңбектері һижраның төртінші, бесінші ғасырларында мұсылман әлемінің шығыс бөлігіне таралып, одан соң Андалузияға жетті. Андалузиялықтар әл-Фараби еңбектерін оқып-үйреніп, олардан көршілес европалықтар оқып, көпшілігін өз тілдеріне аударады.       Әл-Фараби ғылымдарды мынадай басты екі бөлімге бөлген: Бірінші: теориялық ғылымдар. Бұл топқа жаратылыстану ғылымдары мен метафизиканы енгізген. Екінші: практикалық ғылымдар. Бұл топқа этика, фиқһ, кәләм ғылымдарын жатқызған.       Данышпан бұл пікірін Ихса әл-Улум («Ғылымдардың классификациясы») атты еңбегінде келтірген. Осы кітап әл-Фарабидің түрлі танымдар мен ғылымдарды энциклопедиялық тәсілмен алғаш рет жүйелеген ғалым екендігін дәлелдейді. Аталмыш еңбегінде ғұлама оқырманды әрбір ғылым саласының қыр-сырымен таныстыруға тырысқан.       Европалық шығыстанушылар мен тарихшылардың пайымдауынша әл-Фараби сондай-ақ Шығыс философияның да негізін қалаушы. Олар ұлы кемеңгердің келелі пікірлерінің астарларына үңіліп, көп зерттеген. Әл-Фарабидің ойшылдығына тәнті болысқан. Ғұламаның пікірлерінің құндылығы сонда – ол философиялық ой-толғаныстарын ежелгі грек философтары Аристотель, Платондардың пікірлері негіздерінде өрбіте отырып, сол пікірлерді ислами негіздерге орайластырған.       Сондай-ақ, әл-Фарабидің Ара’у әл-Мәдинат әл-Фадила («Ізгі қаланың пікірлері») атты атақты кітабы бар. Бұл еңбекте ұлы философтың этика, қоғамтану, саясат, теология, психология салаларындағы құнды пікірлері жинақталған. Әл-Фараби ізгі қала деп идеалды билік жүйесін атайды. Ол қаланың тұрғындарының осы дүниеде де, ақыретте де бақытты болуларының жолдарын іздейді. Әрбір халықтың осы бақытқа жетуі үшін керекті жайттардың ғылыми негіздерін жасап шыққан.       Мысырдың жиырмасыншы ғасырдағы ойшылы Аббас Махмуд Аққад әл-Фарабидің аталмыш кітабы жайында: «Әл-Фарабидің басқа мұсылман филосфтарынан ерекшелігі сол ол саясатты таза философиялық таным тұрғысынан қарастырып, зерттей білген. Биліктің ең идеалды түрін елестетіп, оның жүзеге асуы үшін қажетті этикалық нормалар, саяси принциптерді белгілеген. Билеуші мен биленушінің мақсаттарын нақты түрде айқындаған. Жамандық пен азғындық жайлаған қоғамды қатты сынаған. Айналып келгенде мұның бәрі әл-Фарабидің кемеңгерлік деңгейі мен пікірінің еркін екендігін дәлелдейді», – деп ой тербейді.        Әл-Фараби Бағдат шаһарында әл-Муқтадир билләһ атты халифаның тұсында логика ғылымын оқып-үйреніп, жетік меңгереді. Бұл салада алдына жан салмайтын майталманға айналады. Логика тақырыбында жазылған еңбектерге түсіндірмелер жазып, оны оқып-үйренудің жаңа жолдарын, әдістемелерін енгізеді. Өзінен бұрынғы араб философы әл-Кинди және тағы басқа ғалымдар ескермеген көмескі мәселелерді жарыққа шығарып, айқын дәлелдермен өзіндік жаңаша үрдіс қалыптастырады.       Ғұлама логиканың зерттеу объектісін айқындап, бұл ғылымды үйренудегі мақсаттарды ашып көрсетті. Қолдану аясын кеңейтті. Осындай жаңашылдық қабілеттеріне байланысты оның логика тақырыбында жазылған еңбектері үлкен сұранысқа ие болды.       Жалпы әл-Фарабидің ғылымның логика, философия салаларында жазған еңбектері көп болған. Әрі нақ осы салалардағы тың пікірлері оның атын асқақтатып, төрткүл дүниеге әйгілі етті. Сол еңбектердің бірі жоғарыда атап өткен Ихса әл-Улум кітабы. Ол аталмыш кітабында түрлі ғылымдардың басын тоқайластырып, олармен таныстырып өткен. Әл-Фарабидің бұл жаңашылдығы бұрын-соңды болмаған жаңа ғылыми әдіс болатын. Сондықтан бұл кітап әл-Фарабидің жаңашылдығына жарқын дәлел бола алады.       Платон және Аристотель философияларының негіздері атты кітабы. Бұл кітап әл-Фарабидің философия ғылымындағы керемет білімдарлығын, даналық атаулының қыр-сырын жетік меңгергендігіне айғақтайтын еңбегі. Бұл кітап логикалық дәлел келтіру мен ғылыми зерттеудің негіздерін үйрететін және түрлі ғылымдардың құпия-сырларын ашып көрсететін таптырмас құрал.       Ұлы данышпан жаратылыстану, логика салаларындағы өзінің алдына қойған мақсаттарына жетіп, олардың әрқайсысына жеке-жеке кітап жазып шыққан. Осылайша ғылым-білімнің әу бастағы қайнар бұлағы Алла Тағала тарапынан келетіндігіне жаратылыстану ғылымдарынан нақты дәлелдер келтірген. Мұндай пікірін ұлы ойшыл өзінің Платон философиясының негіздері атты кітабында айтып өткен.      

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Дербісалиев Ә. Абай және араб оқытушылары // Қазақ тілі мен әдебиеті (ғылыми жинақ). Алматы, 1978. 19 б. (Фараби) .* 2. Дербісалиев Ә. Әл-Фараби туралы жазылған еңбек // Қазақ әдебиеті. 1978. 21 шілде. 3. Қөбесов А. Фарабитанудың бір кілті // Лениншіл жас. 1978, 9 маусым. 4. Машанов А., Машанова Ж. Ғажайып от құшағында. Ал' маты: Қазақстаи, 1978. 142 б. (Фараби). 5. Тұрлұғұлов Т. Әбу Наср әл-Фараби (870—950) // Қазак ССР тарихы туралы әңгімелер (IV класс үшін құрал). Алматы: Мектеп, 1978. 10— 11 б. 6. Шаймерденова Қ. Ұстаз жолымен. Алматы: Мектеп, 1978. 78 б. (Фараби). 1979 7. Бердібаев Р. Қазақ тарихы романы. Алматы: Ғылым, 19/9. 2, 4, 5 б. (Фараби). 8. Дербісалиев Ә. Тарихи тұлға сымбаты // Қазақ әдебиеті. 1979. 8 шілде (Фараби). 9. Жарықбаев Қ. Парасаттылық // Жетісу. 1979, 26 мамыр (Фараби). 10. Көбесов А. Әл-Фараби және Европа ғылымы // Білім және еңбек. 1979. № 7, 25 б. 11. Көбесов А. Ғұламалар ұстазы: әл-Фарабидің мұраларын зерттеу // Білім және еңбек. 1979. № 6. 24—25 б. 12. Көбесов А. Ертедегі Грециядан бастап... Әбунасыр әлФарабидің еңбектері туралы // Білім және еңбек. 1979. № 5. 28—29 б. 1980 13. Бердібаев Р. Биік парыз. Алматы, 1980. 83—90 б. (Фараби) . 14. Дербісалиев Ә. Әл-Фарабидің «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактаты // Сөзстан [жинақ]. Алматы, 1980. 8— 14 б. 15. Дербісалиев Ә. Әл-Фарабидің эстетикасы [оқу құралы]. Алматы, 1980. 66 б. 16. Дербісалиев Ә. Әл-Фарабидің эстетикасы. Арнаулы дәріс бағдарламасы. Алматы, 1980. 10 б. 17. Жарықбаев Қ. Ақылдың көзі. Алматы: Жалын, 1980. 23,









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!