Материалдар / Мақала: «Үштілділік–заман талабы»

Мақала: «Үштілділік–заман талабы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері күніне орай келген бұйрыққа сүйене отырып айлыққа арналған жоспар құрылды. Апталыққа 5-22 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Үштілділік – заман талабы» атты тілдер айлығы өтті. Бұл айлықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2018
554
0 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Үштілділік–заман талабы»

Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері күніне орай келген бұйрыққа сүйене отырып айлыққа арналған жоспар құрылды. Апталыққа 5-22 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Үштілділік – заман талабы» атты тілдер айлығы өтті. Бұл айлықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. Қыркүйектің 5-і күні апталықтың ашылу салтанаты өткізілді. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған ДҒӘЖО Кайсенова Диана Қайратқызы елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу – жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады. Шараны тіл мамандары мен бастауыш сынып мұғалімдері дайындаған оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды. Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта бастауыш сынып мұғалімдері «Туған тілім - тұғырым» атты сынып сағаттар мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті. Елемесова Толкын Тулеутаевнамен Сержан Жанболаттың ұйымдастыруымен 1-4 сынып арасында «Ананың тілі-жүректің үні» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті, тіл мерекесінің жоғары деңгейде өтілуіне мектеп кітапханашысы да атсалысты. «Тіл – достықтың тірегі» кітап көрмесін 1-4 сыныптарға ұйымдастырды. Ховдабай Жайнагүл мен Догдархаан Мадинаның ұйымдастыруымен «Тілге құрмет – елге құрмет» атты интеллектуалды сайыс өткізіліп, жеңімпаз топ мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар 1-11 сыныптар арасында «Тілім менің тірегім, елім деп соғар жүрегім» атты қабырға газеттерін шығардық. Бұл іс-шарада 2,4 сынып бірігіп «ең үздік» қабырға газеті номинациясына иеленді. Қазақ тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл - татулық тірегі» атты тілдер апталығының әдеби-танымдық қорытынды кеші өтті. Мектебіміздің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Ибраева Гүлзәр Қабиденқызы құттықтау сөзінде Елбасының данышпан саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, маңызды апталықта белсенділік танытқан сыныптарды, жеңімпаз топтарды, жеке тұлғаларды атап, тіл мамандары мен бастауыш сынып мұғалімдеріне өз ризашылығын білдірді. Оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып, 9-сынып қыздары қазақтың ұлттық биін шабыттана орындаса, 11 сынып оқушыларынан құралған қыздар орыс ұлтының биін билеп көрермен қауымын таңқалдырды. Концерттік бағдарламаны тіл мамандары ұйымдастырып, жүргізді. Елемесова Т.Т,А.Баймұлдин атындағы ЖОББМБастауыш сыныптар ӘБ жетекшісі

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!