Мақала. Виртуалды математика

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Мақала. Виртуалды математика

Материал туралы қысқаша түсінік
"Виртуалды математика" атты авторлық жұмысты басшылыққа ала отырып мақала жазылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала

Тақырыбы: «Виртуалды математика»

«Әрекет етудегі мақсатқа ең алдымен өзін –өзі жетілдіру, содан кейін айналасындағыларды жетілдіру арқылы жетеді»

Әбу-Насыр Әл-Фараби

Қазіргі ғылым мен техниканың даму кезеңінде алдымыздағы шәкірттің жан-жақты, білімді, ой өрісінің кең болып шығуына ықпал ататін мұғалім екені түсінікті. Мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін , шығармашылық ойлауын дамыту, белсенділігін қалыптастыру, адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін математикалық білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады.

Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың математика пәніне қызығушылығын тудырудың жолдарының бірі – сабақ барысында оқушылардың алған білімін баяндауға ынталылығын, есептің текстік мазмұнының тартымдылығын арттыру керек.

Оқушы назарын аударатын, ойына түрткі болатын математика туралы қызығушылықты материалдар, әр-түрлі қызықты тартымды есептер, математикалық софизмдер мен ойындар, сонымен қатар сабақ үстінде АКТ қоллану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Білікті мұғалім үшін теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болады. АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үдерісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады.

Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім тәсілін алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды. Олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсартуға ықпал ете алатын болса, онда жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімдердің оқушылардың осы білімдерді қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеу керек.

Ұсынылып отырған «Виртуалды математика» сабақтарының жинағы қазіргі білім берудің талаптарына сай АКТ құралдарын, онлайн білім порталдары мен сайттарын қолданып, цифрлық виртуалды ортада оқушылардың білім деңгейін, логикалық ой-өрісін, ұшқырлығын, сыни және проблемалық тұрғыдан ойлай білу қабілетін, танымдық қасиеттерінің дамытылуына бағытталған. Сонымен қатар компьютерлік сауаттылықты арттыра отырып, оқу-тәрбие процесін белсенді онлайн форматта ұйымдастырып, өмірмен байланыс, пәнаралық байланыс жасалып, шығармашылық қабілеттерін де арттыруға көмектеседі.

Бұл авторлық жұмыстың негізгі мақсаты: Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын сақтай отырып, «Білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламаларды қолдай отырып, бастауыш сынып оқушыларының компьютерлік сауаттылығын, білім деңгейін, ойлау және танымдық қабілеттерін тәрбие бағыттарымен біріктіре отырып белсенді заманауи дамыту.

«Виртуалды математика» атты жазылған авторлық жұмыс бағдарламадан, сабақтар жинағынан, сабақтар жоспарынан құрылған. Бұл авторлық жұмыстың бағдарламасына келетін болсақ, бағдарламада кіріспе, мақсат пен міндеттері, өзектілігі, күтілетін нәтижесі жазылған. Сонымен қатар авторлық жұмыста мұғалімдерге арналған нұсқаулық, оқушыларға арналған нұсқаулық, білімнің базалық мазмұны, тақырыптық-күнтізбелік жоспар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі жазылып көрсетілген.

Д.Пойа айтқандай «егер мұғалім өз пәніне шын ықыласымен берілсе, онда бүкіл сыныпта бұл пәнге ықыласымен берілетін болады». Демек бұл ұсынылып отырған «Виртуалды математика» атты авторлық жұмыста оқушылардың пәнге деген ықыласын, қызығушылығын арттырады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2024
289
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі