Материалдар / Мақала. Зергерлік өнер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала. Зергерлік өнер

Материал туралы қысқаша түсінік
Зергерлік бұйымдар (негізінен сәндік безендіру заттары)— асыл металдарды (алтын, күміс, платина және палладийді) әшекейлеп өңдеудің, сондай-ақ түсті металдарды (жез, мельхиор т. б.) қорытудың, олардың бетіне, алтын, күміс жалатудың; көп жағдайда қымбат тастармен, эмальмен т. б. безендірудің нәтижесінде алынатын бұйымдар.Кез-келген бұйым ою-өрнексіз сәнді болмайды. Ендеше ою-өрнек дегеніміз не?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2021
493
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕР»


«Ботақан»бөбекжай балабақшасы Жетісай қ.

педагогика ғылымының магистрі.,аға оқытушы Сүттібаева Жанар Қалмахамбетқызы

Қазақ зергерлік өнері атадан балаға мирасқа беріліп келе жатқан өнер деуге болады. Себебі, бұйымның қалай жасалғанын көзбен көрмейінше, сезіну мүмкін емес. Әрбір шебер өз білгенінің қыр-сырын ұрпағына, шәкірттеріне түсіндіріп, үйретіп кеткендіктен бе, көбіне зергерлер шаңырақтарында осы өнермен айналысқан шеберлер болған отбасылардан шығып жатады

Біздің тарихымызда зергерлік өнердің небір тамаша түрлері болғанын қазба жұмыстарынан табылған дүниелерден көріп жүрміз ғой. Алтын мен күмістен жасалған талай бағалы дүние музейлерде сол тарихтың өшпестігін дәлелдеп тұрғандай. Қазақтың зергерлік өнері, әсіресе әшекей бұйымдар көбіне күмістен жасалады. Күмістің қасиеті ерекше екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар екенін білген халқымыз күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, дүниеге келген нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып келе жатқаны да металдың қасиетінің көрінісі шығар. Күмістің емдік қасиеті медицинада да дәлелденген.

Қазақтың қол өнері – «алтын кемер белге сән, асыл жиһаз елге сән» деген халық сөзін әрдайым адам баласына паш етіп келе жатқан бай қазына. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы. зергерлік бұйымдар (негізінен сәндік безендіру заттары)— асыл металдарды (алтын, күміс, платина және палладийді) әшекейлеп өңдеудің, сондай-ақ түсті металдарды (жез, мельхиор т. б.) қорытудың, олардың бетіне, алтын, күміс жалатудың; көп жағдайда қымбат тастармен, эмальмен т. б. безендірудің нәтижесінде алынатын бұйымдар.

Тұмарша (Бойтұмар) Бұл – ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.

Жүзік, сақина Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік,құс мұрын жүзік, тасбақа жүзік т. б. деп аталған.

Шолпы, шаш теңге Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі.

Шашбау Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.

Білезік Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен құралған, ашпалы-жаппалы, сом темірден тұтас құйылған жұмыр түрлері болады. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік т. б. деп әртүрлі атайды. Олардың ішінде шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі. Оларға неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, қарала жүргізіп, сіркелеп, бұрала ширатып әсемдеген. Олар көбіне күмістен соғылады.

Сырға Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымдарының бірі – сырға. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға,шашақты сырға деп әр өңірде алуантүрлі аталатын сырғалардың түрлері өте көп.

Қапсырма Қапсырма – бір-біріне топса арқылы бекітілетін екі бөліктен тұрады. Олар үш бұрыш,сүйір,доға тәріздес әр түрлі пішінде болады. Қапсырманың бетіне аң-құстың, ай мен күннің,немесе өсімдік тектес өрнектер салынып, тастар қондырылып әсемделеді.

Алқа Оны өңіржиек деп те атайды. Алқалар бір-біріне шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрышты әшекейлерден құрастырылады. Әр әшекейдің ортасына, жиектеріне асыл тастар орнатады.

Кез-келген бұйым ою-өрнексіз сәнді болмайды. Ендеше ою-өрнек дегеніміз не? Оның құдіреттілігі, кереметтілігі қандай? Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Тарихи – ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою – өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алады. Бұған дәлел – қазақтың алғашқы ою – өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларын ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті.  Қазақтар өздері жасаған ою-өрнектің атауын таба білген. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратын белгілі. Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі. Бұйымдарда жан – жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т.б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен белгіленген. Осы атауларды олар өз тіршілігіне лайықты қолдана білген.

Еліміздің әрбір аймағында өзіндік стиль ерекшеліктері, үлгілері болған. Сондай-ақ, ою – өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырған. І – топқа ою – өрнектердің тікелей өзіне, түріне қатысты негізгі атаулар болса, ІІ – топқа жалпы ою – өрнек қолданылатын бұйымдардың атаулары жатады. Үлгіні ойып, кесіп, қиып қиюластыру «Ою» деп аталады. Ал киім – кешекке, түскитізге және т.б. қолөнер бұйымдарына  кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, бақұрға және қоржынға түсірілетін түрі. Геометриялық бедерлерді «Өрнек» дейді. өрнекті тасқа, ағашқы күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады. Қазақтың ұлттық ою – өрнектері мен оның атаулары көп.

Зергерлік бұйымдардың сынамасы әдетте таза, асыл металдардан зергерлік бұйымдар жасалмайды. Оларға қажетті механикалық қасиеттер дарытып, тиісті түс алу үшін түсті металдар қосады, мәселен алтынның күміс және мыспен қорытпасын, кемде палладиймен, кадмиймен, никельмен, мырышпен қорытпасын; күміс пен платинаның мыспен қорытпасын, палладийдің күміспен және никельмен қорытпасын үстемелейді. Қорытпадағы асыл металдың құрамы оның сынамасын айқындайды. Көптеген елдерде сынаманы белгілеудің метрлік жүйесі қабылданған (СССР-де ол 1927 жылдан бері енгізілген), ол бойынша сынама қорытпаның мың салмақтық бірлігіндегі асыл металдың бөлшек санымен белгіленеді. 1927 жылға дейін Россияда сынаманы белгілеудің мысқалдық жүйе деп аталатын (96 мысқалдай тұратын орыс фунты негізінде) жүйесі болды. Мұнда сынама қорытпаның 96 бірлігіндегі асыл металдың салмақ өлшемімен белгіленетін.

Зергерлік және басқа бұйымдар дайындауға рұқсат етілетін асыл металдар қорытпасының сынамасы заңды түрде белгіленіп, мемлекет кепілдігінде болады. Бұл үшін бұйымдар сынамалық бақылаудан өтіп, оларға сынама таңбасы қойылады. Бұйымдарта таңба салу үшін түрлі елдерде суреті мен пішіні әр түрлі бақылау белгілері қолданылады; СССР-де ол эмблемадан (бесжұлдыз аясындағы орақ пен балға) және метрлік жүйенің үш белгілі санынан тұрады. Алтынның 583-сынамалы қорытпасы неғұрлым кең тараған; бұл сынаманың қорытпасының түсі құрамына енген түсті металдардың сандық қарым-қатынасына қарай әр түрлі болуы мүмкін

Күмістің 875-сынамалы қорытиасы неғұрлым кең тараған. Оны әшекей заттарын және ыдыс-аяқ жабдықтау үшін пайдаланылады. Бағалы және сәндік тастар. Әсем нақышталып жасалған зергерлік бұйымға қондырылған бағалы, сондай-ақ табиғи жарқырауық тастар әдемі өң беріп, бағасын арттырады.

Зергерлік бұйымдарды күту. Зергерлік әшекей ұйымдарында адам денесі терлегеннен пайда болатын қоңыр дақ қалмауы үшін әшекейлерді шешіп алысымен фланельмен құрғатыл сұрту керек. Түрлі шаруа істегенде және химикаттарды пайдаланарда жүзік, білезік және басқа зергерлік бұйымдарды шешіп қояды. Әсіресе алтын жалатқан бұйымдарды сақтықпен тұтыну керек. Әшекей заттарын сынап пен күкірт негізінде жасалған косметикалық бұйымдарды пайдаланғанда да (сынап алтынмен қосылса амальгома түзеді, бұдан бұйымдардың бетіне ақ дақ түседі, ал күкірт алтын мен күміске қосылса, қара түсті күкірттік қосылыстар түзеді) шешіп қойған жөн. Алтын және күміс бұйымдарға тиген йод та Қоңырқай дақтар қалдырады. Зергерлік бұйымдарды қорапшасында, құрғақ жерде сақтау керек. Әсіресе күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен белгілі бір дәрежеде болуының түрін жоғалтатын аметисті, түсті топ азды (алтын жалқындыдан басқасын), інжу мен ақықты ұқыптал сақтау қажет. Егер тас қондырылып асыл металдан жасалған немесе тас қондырылмаған әшекейлік бұйымдардың жылтыр өңі тайса, оны жұмсақ тіс щеткасымен 72 стакан суға 1 шай қасық мүсәтір спиртін қосып сабынды суға жуу керек. Одан соң бұйымды таза жылы сумен шайып жіберіп, әбден құрғағанша фланельмен сүрту қажет. Алтын жалатқан бұйымдарды щеткамен неғұрлым сирегірек жуған жөн. Інжу, ақық, малахит пен янтарь ылғалға төзімсіз келеді. Осындай тасты және фольгаға қондырылған жасанды тасты бұйымдарды, сондай-ақ тастары желімдел жапсырылған әшекей зат- тарын қатты ластанғанда этиль спирті қосылған сабынды суға (1:1) көп ұстамай шайып алу керек; янтарьды фланельмен ғана, ал қалған тастарды этиль спиртімен сүртіл тазартуға болады. Күмістел жа- салған ірі бұйымдарды (мәселен ыдыс-аяқтар мен бөлменің ішкі әшекейлері) «Ювелирная» пастасымен тазартуға болады.

Тым қатты ластанған бұйымдарды зергерлік шеберханаларда таз арттыру керек

Қорыта келгенде ерте заманнан келе жатқан, әрі халыққа көп тараған сәндік және қосалқы өнердің бір түрі – зергерлік өнер қазақ халқының дүниетанымы мен материалдық мәдениетінің маңызды бір бөлшегі екенін ұмытпағанымыз жөн. Темірден түйін түйген шеберлер мен зер қадірін білген зергерлер қазақ даласында кем болмағаны әмбеге аян. Ал олардың қолынан шыққан әрбір туынды – халқымыздың ұлттық мәдениетінің алтын қазынасы, асыл мұрасын ұлттық нақышты сақтай отырып ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің еншімізде.




Пайдаланылңан әдебиеттер

1.  Қазақстан тарихы. Очерктер. А 1994 ж. 24 бет.

2.  Қазақ совет энциклопедиясы. ІІ-том.

3.  С.Қасиманов Қазақ халқының қол өнері. А 1995 ж. 128 б.

4.  Өмірбекова М.Ш. Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. А. 2003. 33 б.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!