Материалдар / Мақала:"Жаңашыл білім табысқа жетелейді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала:"Жаңашыл білім табысқа жетелейді

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазіргі заман талабына сай Кембридждік оқыту тәсәлдері бойынша мектеп тәжірибесінен көптеген мектептердің әдістемелік жұмысқа көмек ретінде қажет.Мектеп ұжымының 7 модульмен жұмыс жасаған жөнінде әдістемесі арқасында жеткен жетістіктер туралы нақты айтылған.Пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің ата-аналармен бірлескен жұмыстың нәтижесі бар.Мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру мен сабақтарында жаңа әдіс тәсілдер арқасында оқушының білім сапасына әсері айтылған.Жасалған іс-әрекеттердің тиімділігі мектептегі ұстаздар үшін күрделі өзгерістерге әкелетініне айқындығы айтылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2018
699
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Picture 1



Жаңашыл білім табысқа жетелейді

«Адамзат үшін ХХI ғасыр-жаңа технологиялар ғасыры болмақ ,ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып,өмірге енгізу,игеру,жетілдіру-ұстаздардың қолында» деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі бар, сондықтан қазіргі мектеп ұстаздарының жаңаша жұмыс жасап, көптеген инновациялық әдістермен сабақ беруі-заман талабы . Шымкент қаласының №126 «Айнатас» негізгі орта мектептің іргетасы 2013 жылы қаланып ашылғанына міне 4 жыл да болып қалды.Басым көпшілігі жас мамандардан тұратын мектеп ұжымынан оқу тәрбие жұмысына заман талабына сай жұмыс жасау, үштік одақтың алдына қойылған көптеген мақсат проблемалардың оңтайлы шешілу үшін өз ұстаздардан адал еңбек етіп,білім мазмұнына жаңаша қарап, ескі көзқарасты артқа тастап, жұмысты жаңадан орындау керектігін талап ету қажеттілігі- мақсатымның бірі. Сапалы білім-еліміздің болашақ көрсеткіші, ел тізгінін ұстайтын, тағдырын шешетін ұрпақты тәрбиелейтін ұстаз-әрқашан ізденіп,өз білімін жетілдіріп,жан жақты білікті болуы қерек. Осы ой елегімен көкейдегі сан қилы сұрақтардың жауабын алу мақсатында Қазақстан Республикасының жалпыға білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсына барып, мектепте өзгерістерді еңгізуде ең алдымен ұжымды жинап, сұхбаттасып, ХХІ ғасырдағы шет ел мектептерінің үлгілерін бейнетаспа арқылы көрсетіп ,заман талабына сай ұстазы қандай болу керетігі туралы ой-пікір бөлістік,жас ұжымның жаңашылдықты қуана қарсы алғанын,ұжымның қолдауын көріп менің жоспарымның іске асуының бірден бір кепілі деп білдім.Қазіргі мектепте баланы оқи білуге,сын тұрғысынан ойлауға үйрету,алған білімін өмірде қалай қолдану қажеттігін айту мақсаты бар.Өзгеріс енгізуде көп ойланып осы күнге дейін дәстүрлі, әдеттегі өткізіліп жұрген сабақтар, нәтижесінде- оқушылардың төмен білім сапасы, ұстаздарға сеніммен қарап отырған оқушылар үнін ескермейтініміз, ата-анамен көп санаспайтынымыз ойға тұсіп, «Неге күрделі өзгерістер енгізбейміз?»- деген сұрақтарға жауапты іспен дәлелдеуге кірістік.Жұмыс тақырыбымыз «Оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің күнделікті сабақтардағы жүйелігі»болды.Әрине, қиындықтар болды,өйткені жиырма бір ұстаздар арасынан тек жалғыз,3-ші деңгейлікті бітірген математика пәні мұғалімі,және ол мектеп директорының орынбасары, екеуміз өзгерісті бастадық.Курстан алған білімімді жүзеге асыру үшін келешек жұмыстың бағыт бағдарын даму жоспары арқылы жүргіздік.Барлығы алты оқу кабинеті мен бір мультимедия кабинетін пайдаландық. Мұғалімдер арасынан бағдарламаға қызығып, белсенділік танытып ниет білдірген жас мамандардан «Ізденіс» шағын шығармашылық топ құрып, оларға сенім білдіріп, өзгеріс енгізуде өң нәтижеге жетеміз деген үміт болды, өзгеріске бағытталған «ақылды» мақсаттар SMART- қа сәйкестендіріліп белгіленді.Тәлімгер жоспарлы түрде жұмыс жүргізіп,топты басқара, мұғалімдерге оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруде ,топтық жұмыс жасаудың маңызын түсінуге,оқу үдерісіне сол тәсілдерді енгізуде көшбасшылық негізінде нақты жұмыс жасады, заман талабына сай оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер туралы жалпы мағлұмат беріп, жас ұжымға «Не үшін өзгеріс керек?» екенін түсіндіре,жаңаша сабақ беріп,оқушының сабаққа деген ынтасын көтеруде,әрбір ұстаз да өзгеру қажеттілігін түсіну үшін көптеген коучингтер,семинарларды өзім,көшбасшы ретінде өткізіп,әлем мектептерінің үлгісін көрсетіп, топтық жұмыс арқылы жаңа әдіс тәсілдердің 7 модулін топ мүшелері постер арқылы қорғап, мектеп жағдайында тиімдісін өз сабақтарында жүйелі қолдануға болатынына көз жеткізді.Өзгеріс үдерісін ұжымға,оқушыларға,ата-аналарға тренингтер өткізуден бастауды жөн көрдім,ондағы мақсаттарым-ұстаз-оқушы-ата-аналардың психикалық көңіл күйлерін көтере өзін өзі реттеуіне қолдау көрсету,шығармашылық қабілеттерін дамыту еді.Нәтижесінде ұстаздар өз бойындағы жағымсыз қасиеттерді түзете білді,өздеріне үмітпен қарауды үйренді,ұжымда сыйластық қарым қатынас орнады. Коучингтер нәтижесінде ұстаздар сабақтарында мүмкіндігінше 7 модульды қамтыды,ОМЖ,ҚМЖ жасауды үйренді, критериалды бағалаудың тиімділігін түсінді,оқушыларға топпен,жүппен жұмыс жасауды үйретті,сыни ойлауға бағыт берді,бөлінгенкөшбасшылықидеясын түсінді. Коучингтер,тәлімгерлікпен қатар Lesson study –мектеп жаңалығы Әрине бұл үдеріс барысында қиыншылықтар болды, ұстаздардың теориялық, практикалық іс-тәжірибелері аз.Бұл мәселені шешу үшін желілік қауымдастық арқылы басқа мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмастық. Мұғалімдердің кәсіби даму жолының бірі ретінде мектепте және басқа мектептер арасында желілік қоғамдастық құру аясында коучинг сабақтарында мұғалімдердің бірден іс-әрекетке белсене араласпауы,теориялық білімдерінің аз болуы, тез арада топпен бірлесіп жұмысты жасамауы болғанымен топ арасында талантты ұстаздарының болуы,өзгеруге көзқарастары білініп, жаңалықты білуде қуаныш –құлшыныстары қуантты.Осындай іс әрекеттердің арқасында жас мамандардан тәлім алушы болуға сұраныс білдіргендер іріктелді. Мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтерумен жаңа әдіс тәсілдерді сабақта қолдану үшін ұйымдастырған іс шаралар мектеп мұғалімдерінің жұмысқа деген қызығушылықтарын арттырып әдістердің маңыздылығын түсінуіне септігін тигізді деп ойлаймын.Коучингтерге қатысқан кезде мұғалімдердің бір біріне қолдау көрсетіп,топ жұмысына белсене қатысып,командада қаншалықты тиімді жұмыс жасағандары,бірлескен жұмыс тәртібі,бір бірінің сезімін мойындағаны ынтымақтастық арқылы келісімге қол жеткізгенін көрдім.Бұл жерде мұғалімдердің кері байланыстың маңыздылығын түсінгендігі мені қуантты,өйткені өз әріптестерінің жетістіктері мен кемшілігін айтуға дағдыланды,шынайы ойларын білдірді,келесі коучингтерге ұсыныс,ниеттерінің негізінде тақырыптарын алдық.Мысалы,мына кері байланыстардан кейін коучқа күш-жігер мен жақсы көңіл-күй , еңбегінің жемісі бар екен деген сезім пайда болатыны сөзсіз: «Коучинг сабағында оқытуды бағалау жөнінде жаңа ақпарат алдық Суммативті,формативті бағалауды меңгердік.Тағы да осы модуль бойынша коучингсабағы болсын деген ұсыныс білдіргім келеді....», «Получил удовольствие от коучинга и коллектива.Много,что узнал и понял.Коучинг ценен и полезен.» Талаптарға сай жұмысты көрсете алатын жас ұстаздар математика пәні мұғалімі Б.Тажибаева,бірінші сынып мұғалімі Ж.Құдайбергенова,биология пәні мұғалімі А.Тунгатарова,қазақ тілі пәні мұғалімдері А.Орынбаева,Д.Өтегенова,ағылшын тілі пәні мұғаліміД.Жандарбекова өз жұмыстарын көрсетуде.Бұл топ ұстаздары үнемі оқушыларды ынталандыратын әдістерді қолдана алады,өз бетінше оқуға,өз өздерін реттеуге үнемі уәждендіреді,оқушымен тиімді диалогтік қарым-қатынас орнатуда,АКТ дағдыларын меңгерген,жеке почта арқылы интернет желісін күнделікті қолдануда.Жүйеленген файл блоктары бар,әрбір сабақта таныстырылымдарын қолданады,жұптық,топтық жұмыстың мүмкіндігін тиімді пайдаланады.Бағаны дескрипторлар,критерий негізінде қойып бала дамуына жақсы әсер етеді. Сонымен қатар жаңа заманның жолаушысы білікті ұстаз бен білімді ұрпақ десек,сол ұрпақтың негізі отбасында ,яғни ата-ананың қамқорында қаланатыны сөзсіз.Осы орайда мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту ,кәсіби білімі жетілген, шебер мұғалімнің қаруы. Сондықтан,ата-аналармен тығыз байланыс болмаса білім сапасы мен тәрбие беруде нәтижеге жету қиын екені ешкімге жаңалық емес.Өзгеріс үдерісіне ата-аналар да үлкен үлестерін қосты,бұрын жиналыстарға келмей, бала үшін уақыт таппай жүрген ата-аналардың өздері постер қорғап,ынтымақтасқан ортада жұмыс жасап,еркін пікір айтып,бала тәрбиесі туралы көп мәліметтер алғандарын кері байланыста жеткізгендері-біз үшін өзгерістің алғашқы жемісіміздің бірі деп білемін.Ашық сабақтарға қатысып,ой пікірлерінен оң көзбен қарағандары белгілі болды.Бұрын тек өз баласын жақтайтын ата-аналарымыз мұғалімнің пікірімен санасып,қолдауды жиі білдіретін болды.Ұстаз жолында өз біліктілігімді жетілдіру үшін осы курсқа барғаныма мен өте ризамын, ұжыммен бірге өзгеріс жолында көп шығармашылық еңбек ету қажеттігін түсіндім.Жасалған барлық іс-әрекеттің тиімділігі мектептегі ұстаздар үшін кұрделі өзгерістерге әкелді : жаңа әдіс-тәсілдерді мүмкіндігінше тиімдісін жүйелі түрде қолданады,адамгершілік,моральдық құндылықтары өзгерді, бір біріне көмек көрсетуге дағдыланды .Оқушыларды әділді бағалау жолдарын түсінді,кері байланыс негізінде өз қателіктері мен жетістіктерін білді,бір бірімен сыйластық қарым қатынас,ынтымақтасқан орта негізінде тәжірибе алмасты.Өткізілген барлық іс-шараларға қатысып кәсіби дамулары жетіліп құзыреттілік деңгейлері өсті

Оқушыларымыз жаңаша оқыту әдістері негізінде өз бетінше оқуды үйренді,білім сапасы өскені-біз үшін өзгеріс үдерісіндегі жетістігіміз деп білемін. Сыни ойлау тұрғысында командада жұмыс жасап,бір бірімен ақылдасып ортақ шешімге келуге дағдыланды,ойларымен санасуға,кері байланыс беруге үйренді.

Ата-аналар бұрын көрмеген,қатыспаған тренингтер,коучингтар нәтижесінде мектеп өзгерісіне араласып,қол үшін беріп,ұстаздармен тығыз байланыстың өте қажет екендігіне,әрбір өздеріне қатысты іс-шараларда командада жұмыс істеп,өткізілген ашық сабақтардан жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігіне,өз балаларының бұрын олай сабақтан қуанып шықпағандарына, белсенділігіне көздері жетті. Жаңашыл білімге бет бұрған ұстаздар ұжымыма сенімім мол,өйткені олардың күш жігері ,білім біліктілігі, болашаққа үлкен үміт артып қарайтындығы жақсы нәтижелерге қол жеткізеді деген үміттемін.Басшы ретінде барынша мүмкіндік жасап қолдау көрсету –менің келешектегі жұмыс бағытым .Ол үшін қазіргі заман басшысы ең алдымен өзіне қатаң талап қойып,үнемі ізденісте бола ,білім саласында болып жатқан жаңашылдықтарды өз мойнына алып,ұрпақ пен ел келешегі біздің қолымызда екенін есте сақтау керек деп ойлаймын.



Шымкент қаласы №126 «Айнатас» негізгі орта мектебінің директоры орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Амирова Ақмарал Көмекқызы туралы мәлімет

Амирова Ақмарал Көмекқызы ,1967 жылы , Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында туылған. Ұлты-қазақ. Білімі жоғары. 1988 жылы Шымкент қаласының М.Ауезов атындағы педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі мамандығына ие болды. Сол жылдан бастап Төлеби ауданының Пролетар орта мектебінде пән мұғалімі ретінде еңбек етіп 1992 -1993 жылдарда мектеп директорының бастауыш сыныптағы орынбасары ,1993-1997 ж.-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1997 -2013 жылдарға дейін оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, 2013 жылдан бері №126 «Айнатас» негізгі орта мектебінің директоры болып еңбек етуде. Орыс тілі пәні мұғалімі ретінде 29 жыл еңбек өтілінде оқушылары аудандық пәнаралық олимпиадасында бірнеше жыл қатарынан I , II орындарға ие болған. Жыл сайын оқушылармен ғылыми жоба жарыстарында оқушылары «Современное состояние частушки в региональном аспекте на примере частушек Толебийского района, г.Шымкента, Южно-Казахстанской области, Звериноголовского района Российской Федерации » тақырыбы бойынша облыстық ғылыми жоба жарыстарында I , II, III орындарға ие .Қазақ,орыс тілін жетік меңгерген , мәдени , сөйлеу мен жазуда жоғары сауаттылық шеберлігі бар. Орыс тілі және әдебиеті пәні сабақтарында Кембридждік оқыту тәсілдерінің 7 модулін сабақтарында енгізуде. Оқушыларға үлкен сенімділікпен қарап, этика мен психология заңдылықтарына сүйене қарым қатынас жасай білген , ерінбей, бар уақытын балаға арнап еңбек ететін ұстаз ғана биік шыңдарға жететініне сенімді. Заман талабына сай компьютерді жетік меңгерген , республикалық, облыстық, қалалық басылымдарда жұмыстары жарияланған.





Picture 1















«Ұстаз портреті»



Ұлылардан қалған ұлағат мынау: «Адамзат өміріндегі күрестердің ең ұлысы –ұлт үшін күрес» Ұлт үшін күресіп қана қоймай ,аянбай еңбек еткен,аяулы жар,қадірлі ана,ұлағатты ұстаз,қазіргі таңда турашыл мектеп басшысы Амирова Ақмарал Көмекқызы.Ақмарал Көмекқызының айтуынша «мұғалім үнемі ізденісте болу керек»- дейді.Себебі мұғалімнің өздігінше кәсіби білімін көтеруі-жалпы мәдениет пен кәсіби тілектерін өтеу,танымдық мүддесін қанағаттандыру мақсатында арнайы,жүйелі түрде ұйымдастырылған,жан жақты жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет.Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты,оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына бағытталған көп сатылы қызмет болып табылады.Ендеше,ғимараты жаңа салынған негізгі орта мектепте сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін басым көпшілігі жас мамандар ұжымынан халықтың сеніп берген баласын тәрбиелеуде заман талабына сай еңбек етіп,жаңашылдыққа бет бұруға талап етуде.Өз білімін жетілдіруімен қатар ұстаздар ұжымынан да білім мен біліктілікті талап етеді.Соның нәтижесінде мектеп мұғалімдері Кембридждік оқыту бағдарламасы негізінде 7 модульды қолдануда,апта сайын өткіліп отыратын коучингтер,семинар сабақтар,конференциялар өз нәтижесін беруде.Ұстаздар сабақтарын ОМЖ,ҚМЖ негізінде беріп,оқушының ынтасын арттыру мақсатында жұмыс жасауда.Ата-аналар тарапынан да қызығушылық танылып,көптеген мектепішілік іс-шараларға белсене ат салысуда.Мектебімізде тәрбие мен білім егіз жүруде,жер дүниені дүрліктірген ұялы телефондарды біздің оқушыларымыз мектеп қабырғасында мүлдем қолданбайды,Ол да болса да біздің үлкен жетістігіміз деп білеміз. Сонымен қатар «Адаммын,ауырамын,қасиетті сөздерден сауығамын »- депЗайыт Әлентаев ағамыз айтқандай Ақмарал Көмекқызының өзінің тынымсыз ізденісі мен еңбегінің арқасында ұшқан құстай биікке самғап,алға қойған мақсатына жетелеуде.Еңбегін елі бағалаған ерді мақта дегеніміздей,Ақмарал Көмекқызының ұжымда ғана емес,ел алдында да,отбасында да өзіндік орны бөлек жан.Білікті басшының арқасында ұжымның бір біріне деген сыйластығы мен ара қатынасы дұрыс жолға қойылған. «Мақсаттарымды іске асыруда ұжым байлығы-жас мамандардың күш-жігері ,білім-біліктілігі,болашаққа сеніммен қарайтындығы жақсы нәтижелерге қол жеткізеді »-деген үміті бар.Сол үміті еңбек жолында орындалып,алдына қойған мақсаттары орындалсын деп тілек білдіреміз.



126 «Айнатас»негізгі орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Керімқұлова Майра

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!