Материалдар / Мақала:Мектепалды даярлық топтарында ойын технологиясы арқылы құндылықтарды дамыту әдістері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала:Мектепалды даярлық топтарында ойын технологиясы арқылы құндылықтарды дамыту әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық топтарында ойын технологиясы арқылы құндылықтарды дамыту әдістерін эстетикалық тәрбие беру құралына айналдыру. Ойынды достарымен бірге ойнау баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына әсер етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2022
392
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепалды даярлық топтарында ойын технологиясы

арқылы құндылықтарды дамыту әдістері.



Қай ел , қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт , ең алдымен келешек ұрпаққа оқу-білім және өнегелі тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс . Патриоттық сезім - жалпы адам баласының елін , жерін , өз тілі мен мәдениетін , ұлттық құндылықтарын қастерлейтін, батырларын үлгі тұтатын сезім. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті-ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы

Абай Құнанбаев «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» -дегендей ,

ойын-таным процесін дамытудың негізі болғандықтан, әрбір тәрбиеші- оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыруы керек. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Осындан келіп ойын туралы мынадай тұжырым жасалады:

  • Ойын -тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.

  • Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.

  • Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.

  • Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

  • Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.

Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Мектепалды даярлық топтарында біз әрбір сабағымызды ойын арқылы өткізіп отырамыз. Мысалы : Көркем әдебиет сабағында өлең-тақпақтар жиі кездесіп отырады.

Өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа , ептілікке баулу, ойын ұштау, тіл байлықтарын дамыту. Кез келген ойын аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер өз биігінде қалады да, жеңілгендер көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады.

Сөйлеуді дамыту сабағында пайдаланған ойындар баланың сөздік қорын молайтуға әрбір сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез ,жылдам сөйлеуге үйретеді. « Дүкен», «Отбасы» «Аурухана», «Шаштараз» ,«Балабакша» т.с.с сияқты ойындар, бұл- балалардың өзара қарым-қатынасын, адамгершілік қасиеттерін, мейірімділік сезімдерін оятады. Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еніп, бір-бірімен сөйлесіп, қарым-қатынасы нығая түседі. ал «Аурухан» ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеті , мейірімділік, қамқорлық сезімдері оянады.

Сонымен қатар , сабақ барысында біз ертегілерді көп тыңдатамыз , оқып береміз, рөлдерге бөліп сахналық қойылымдар қоямыз. Мысалы: «Шалқан» ертегісін оқыта отырып , оқушыларды адамгершілікке, ынтымақтастыққа, бір-біріне көмектесуге, сүйіспеншілікке тәрбиелейміз.

Математика сабағында түрлі санамақтар, жұмбақтар логикалық тапсырмалар , сөзжұмбақтар, ребустар шешу арқылы бала бойында белсенділік тапқырлық, ойлау қасиеттері қалыптасады. Мысалы: « Ойлап тап» ,« Кім тапқыр?» , «Кім жылдам ?» «Сиқырлы сандық» т.б ойындар арқылы логикалық ойлауға, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбилейміз.

Дене шынықтыру сабағында ойындарды ұлттық ойындар желісінде де ұйымдастыруға да болады. Мысалы: «Соқыр теке» ,«Асық ату», «Көкпар» ойындары баланы өжеттікке , батылдыққа, шапшаңдыққа , ептілікке үйретеді.

Ойынды достарымен бірге ойнау баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына әсер етеді. Ойын барысында бала өзінің шебер ұйымдастырушы екенін, жігерлі тапқыр екенін байқатса , кейбір бала өз бойындағы менмендік, өкпешілдік , қыңырлық қасиеттерін көріп ұялып, ол қасиеттерінен арылуға бел буады. Қорыта келе, ойын- балаларды ортақ мақсатқа ,ұжым намысын қорғауға оның жеңісіне ортақтасуға тәрбиелейді. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы , психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде дамиды . Халқымыздың «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөзін қолдана отырып,бала тәрбиесіне зор үлесімізді қосайық!











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!