Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала:Мектепте қашықтықтан оқыту жағдайында жоғары сынып оқушыларына алгебраны оқыту әдістемесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мектепте қашықтықтан оқыту жағдайында жоғары сынып
оқушыларына алгебраны оқыту әдістемесі
Абугалиева Камшат Сагдатовна, магистрант
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Семей
қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны
Аннотация. Мақаланың басты тақырыбы қашықтықтан оқыту барысында
жоғары сынып оқушыларына алгебра сабағын ұйымдастырудың тиімді әдіс-
тәсілдері. Қашықтықтан оқуды жүзеге асыратын бағдарламалар мен
платформалар жайында толыққанды ақпарат беру.
Кілт сөздер: білім, қашықтықтан оқыту, алгебра, платформа, бағдарлама,
оқушы, ұстаз, әдіс-тәсіл
Қазақстан Республикасы білім мен ғылымды алғашқы орындарға
қойып, саналы шәкірттерді тәрбиелеуді мақсат тұтқан. Көзі ашық, көкірегі
ояу, ұлт болашағын қалыптастыратын ұландарды тәрбиелеу барысында
ұстаздардың орыны ерекше. «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» дегендей,
оқушылардың бойына игі қасиеттерді сіңіріп, бар білгенін дарыта білетін
мұғалімдер қашан да заман ағымына орай, өзгерістерді дереу қабылдап,
ақпараттық жетілген болуы шарт. Әсіресе, соңғы уақытта білім беру
саласында орын алған бірқатар өзгерістер, ұстаздар қауымына үнемі
жаңашылдықтың жаршысы болуы қажеттігін айқындап тұрғандай.
Әлем бойынша дендеген короновирустық инфекциясы, біздің елді де
айналып өтпеді. Ол әрине, бірқатар саланы басқа қырынан жұмыс жасауға
баулып, өзіндік өзгерістерге ұшырауына әсер етті. Білім беру саласы да,
бұрын-соңды болмаған қашықтықтан оқыту реформасын пайдаланып,
оқушыларға сабақ беруін жалғастырды. Әрине, кез-келген жаңа бастама,
өзіндік қиындығы мен қорқынышын қоса ала келетіні анық. Дәл сол секілді
еліміз бойынша педагогтар мен оқушылардың да бойларын үрей билеп,
бастапқыда мың сандағын сауалдар туындағаны заңдылық. Алайда, қазіргі
таңда технологияның қолжетімділігі, оқушылардың гаджеттер мен
құрылғыларды еркін меңгеруі, түрлі бағдарламалардың болуы жаңа жүйенің
тез арада жүзеге асырылуына ықпал етіп, тығырықтан шығуға өз септігін
тигізді.
Жалпы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында
Қашықтан оқыту жүйесіне қатысты былай делінген: «тиісті әкімшілік-
аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-
шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған
жағдайларда жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары білім
беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен барлық білім
алушылар үшін қашықтан оқытуды енгізеді» [1].
Карантин талаптарын сақтау мақсатында, халық денсаулығы алғашқы
орындарға қойылып, қашықтықтан оқытуға ел көлемінде білек сыбана кірісіп
кетті. Жалпы, қашықтықтан оқыту ең алдымен оқушылардың өзіндік
жұмысының жетілуіне әсер етеді. Балалар тек мұғалімге сенім артып қоймай,
жекелей түрде, саналы білім алуға талпынып, ізденушілік, зерттеушілік
дағдылары қалыптасады. Жан-жақты білім алуға тырысып, әлемде болып
жатқан өзгерістерден сырт қалмай, ақпаратты өз қажеттілігіне қарай
пайдалануды үйренеді.
Айта кетейік, осы орайда, әр пән мұғаліміне жүктелетін міндеттің жүгі
ауыр. Соның арасында жоғары сынып оқушыларына алгебраны оқыту
әдістемесі де бар.
Жалпы, алгебра математиканың күрделі саласы. Оны оқушылардың
бойына игерту арқылы, логикалық кемелдеңген, біліктілігі жоғары, ойлау
қабілеті ерекше тұлғаларды дайындап шығаруға болады. Алгебра және
анализ бастамалары оқулықтарының өздеріне тән қызықты ақпараты мен
есептер жинағы бар. Ал, оны қашықтықтан оқыту барысында бірқатар
технологиялар көмегіне жүгінуге болады. Мәселен, атап айтар болсақ:
Idroo бағдарламасы: Бұл жүйенің өзіне тән артықшылықтары жетіп
артылады. Ол ең алдымен математикалық сабақтарға оңтайлы етіп жасалған.
Бағдарламада көптеген функцияларды жүзеге асыруға болады. Ашылатын
математикалық клеткалы парақ көмегімен, кәдімгі дәптерге тапсырма
орындағандай жазу жазып, сызбаларды орындауға мүмкіндік бар. Ең
бастысы барлығын онлайн түрде бақылауға болады. Сонымен қатар, алгебра
пәнінен сабақты алдын-ала дайындап, оқушыларға ұсыну да қарастырылған.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану -математикалық
бағыттағы алгебра және анализ бастамалары курсының негізгі мазмұндық-
әдістемелік бағыттары: сандар және есептеулер бағыты; өрнектер және
оларды түрлендірулер бағыты; теңдеулер мен теңсіздіктер бағыты;
функционалдық бағыты; стохастика элементтері бағыты болып табылады [2].
Сондықтан жоғарыда аталған бағдарлама, аталмыш пән үшін өте оңтайлы
болып отыр.
Kahoot бағдарламасы. Бұл балалардың білімін тексеруге арналған
таптырмас бағдарламалардың бірі. Көбіне, сабақты қорытындылау,
оқушылардың танымдық деңгейін білу мақсатында тест сұрақтарын құруға
мүмкіндік береді. Ұстаз алдын-ала дайындаған тапсырмаларын экран бетіне
шығарып, ал шәкірттер өз кезеніде оны смартфон, компьютер немесе
планшет көмегімен орындай алады. Бұл сервис арқылы оқушылардың қалай
жауап беріп отырғанын қадағалап, қателеріне мән беруге көмектеседі. Әрине,
ең бір ұтымдысы, аталған бағдарламаға кез-келген көлемде тапсырма
енгізуге болады.
Quizizz.com бағдарламасы да тест сұрақтарын құрастыруға арналған
қосымшалардың бірі. Онда бірнеше дұрыс жауабы бар тестімен жұмыс
жасауға мүмкіндік бар.
Ал, Simpoll бағдарламасын жиынтық бағалау немесе тоқсандық
жиынтық бағалау жұмыстары үшін пайдалануға болады.
ZOOM платформасы-бұл ең алдымен оқушылар мен ұстаздардың өз-
ара тілдесуіне, қарым-қатынас жасауына үлкен мүмкіндік береді. Түсінбеген
сұрақтар болса балалар бірден мұғалімге айтып, диалог орнатуға өз септігін
тигізеді. Сонымен қатар, аталмыш платформа көмегімен сабақты толыққанды
түсіндіріп, дәріс түрінде өткізуге де болады.
Жоғары сыныптарда математиканы оқытуда дәріс әдісін қолданудың
маңызы зор. Ол бүкіл сабақты немесе оның бір бөлігін қамтуы мүмкін және
онда келтірілетін, айтылатын материалдың мазмұны кішігірім мағлұматтан,
кестелер арқылы орындалатын жұмыстардың сипаттамалары әңгіме түрінде
өтіп, оны оқушылар қысқа да, нұсқа етіп жазып алуға үлгерулері тиіс.
Дәрістік әдісті қолдану белгілі дәрежеде оқушыларды жоғары оқу
орындарында оқуына дайындау болады. Өйткені оларда дәріс оқу оқытудың
ең негізгі әдістерінің бірі екені белгілі. Дәріс оқу барысында математиканың
өзіндік тілі – символдардан, формулалардан, белгілерден, графиктерден,
суреттерден және тағы басқалардан тұратын кестелермен визуалды
ақпараттарды пайдаланған тиімді. Қандайда бір визуалды ақпаратты алған
кезде жаңа бейнелер мен формаларды құру мен құрастыру мүмкіндіктері
туады және олар проблемалық элементтерді қамтиды, өйткені визуалды
материал қандайда бір мазмұнға қатысты қысқартылған ойды атқарады.
Сондықтан оқушылардың пән ге деген қызығушылығын арттыру,
оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу
үшін үй жұмысын тексеруде, жаңа білімді енгізуде, дәрістер оқуда,
практикалық сабақтарда, алынған білімді қорытып, бір жүйеге келтірген
кезде сапалы визуалдық қолдауларды, яғни көрнекі-бейнелік қатынастарды
пайдаланған тиімді [3].
Қашықтықтан оқыту барысында Daryn.Online – платформасының да
маңызы зор. Ол тек белгілі бір тапсырмаларды енгізумен ғана шектелмейді,
барлық қосымша ресурстарды пайдаланып, сабақты толыққанды өткізуге,
тапсырма жүктеуге, бейне ролик пен сызба, графика т.б. кез-келген
көрнекілікті пайдалануға мүмкіндік береді. Және ең бастысы, оқушылардың
тапсырмаларды орындауы, жауаптары мен жазбаларын мұғалім қадағалап,
баға қою жағынан да, тексеру жағынан да бір жерде отырып жүзеге
асыруына мүмкіндік бар. Әрине, алгебра пәнінің ең басты алғышарты есеп
шығару болғандықтан, бұл талапты ұстаздар да, оқушылар да орындап,
аталмыш платформа көмегімен іске асыра алады.
Алгебра сабақтарында есеп шығару барысында мұғалім әрдайым
қандай есептерге белгілі бір ережелерді қолдануды, ал қандай есептер
зерттелетін нақтылы объектілердің кеңістіктегі формаларын немесе сандық
қатынастарын математикалық түрге келтіруді, яғни математикалық модель
құруды біліп, әртүрлі процестер мен құбылыстарға көп жағдайларда бірдей
математикалық модельдердің сәйкес болатынына тоқталған жөн.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша 7-9 сыныптардың алгебра
курсында оқушыларға практикалық мазмұнды, мәтінді есептерді теңдеу,
теңеулер жүйесін құруға арналған есептерге жеткілікті назар аударылады.
Бұл математиканы оқыту процесіндегі өте маңызды есептердің бірі болып
саналады. Ол үшін мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы
оқушылрдың есеп шығару біліктілігін бағдарламаның талабына сай дәрежеге
жеткізуі тиісті. Әсіресе, үлгерімі нашар оқушылармен жекелей жұмыстар
ұйымдастыра отырып, алгоритмдік тәсілдерді жүзеге асырғаны жөн. Өйткені
әріппен белгілейтін шаманы таңдап алуға, басқа бір шаманы белгілі және
белгіленген шамалар арқылы өрнектеуге мәнді тең екі шаманы анықтап,
теңдеу құруға үйрету алгоритімінің қадамдар тізбегі толық жазылған
карточканың тигізетін көмегі зор [4].
Жалпы, алгебра сабағын қашықтықтан ұйымдастыру барысында
бірқатар артықшылықтарды аңғаруға болады:
Тиімділік – яғни, оқушылар мен ұстаздар да уақытты тиімді
пайдаланып, кез-келген жерде, қолайлы уақытта білім алуды жалғастыра
алады. Бұл оқушылардың толық тынығуына жағдай жасап, сабаққа бар
ынтасымен назар аударуына ықпал етеді.
Заманауи технологияларды игеру. Заман дамыған сайын ақпарат өрісі
кеңіп, жаңа дүниелер пайда болуда. Бұл әрине, ең алдымен білімді тез игруге,
ұтымды пайдалануға және сапаны айқындауға өз септігін тигізеді. Бұрын
ғаламтор қолжетімділігі нашар, ал оған байланыс орнататын құрылғылар
қатары аз болатын. Қазіргі таңда, смартфон, компьютер, гаджеттер кез-
келген үйде, кез-келген оқушыда және мұғалімде бар екендігін ескерген жөн.
Бұл қашықтан оқуды жеңілдетіп, өзінің тиімділігін байқатып үлгерді.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу», деп көрсетілген болатын [5].
Өзіндік жұмыс. Оқудың бұл жүйесі балалардың өз бетімен әрекет
етуіне ықпал етеді. Ұстаздың бар міндеті бағыт-бағдар беріп, жаңа сабақты
түсіндіру болса, қалған жұмыстың бәрін оқушы өздігінен орындауы тиіс.
Әрине, бұл оның ең алдымен өзіне деген сенімділігін қалыптастырып,
ізденуге, талпынуға, білуге деген ниетінің артуына септігін тигізеді.
Әрине, алгебра пәнін оқу барысында түрлі әдіс-тәсілдерге мән берген
жөн. Жоғары сынып оқушылары жас ерекшелігі жағынан болсын, танымдық
қабілеттеріне қарай күрделі тапсырмаларды орындауға, өз бетімен
әрекеттенуге бейімді жандар. Ең бастысы оқушылардың қызығушылығын
оятататын, көрнекіліктер көңілден шығатын, тапсырмалар тиянақты
топтастырылған болуы шарт.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбас ымыз,
Н.Ә.Назарбаев өзінің бір сөзінде: «Біз «білім ғылым инновациялар» үштігі
билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз», деген болатын.
Қашықтан оқыту сол бағытқа басқан тағы бір қадам деп білемін.
Жалпы, кез-келген өзгерістің өзіне тән артықшылықтары мен
кемшіліктері болады. Біздің елде қашықтан оқыту барысында ғаламтордың
қолжетімділігіне және оның жылдамдығына аса мән бергеніміз дұрыс.
Себебі, ең бастысы оқуды жүзеге асыру құралы ғаламтор екені анық.
Қашықтықтан оқудың артықшылықтары мен тиімді тұстары өте көп.
Ең бастысы, карантинде сабақтан қол үзіп қалмай, білім алуды жалғастыра
алғанымыздың өзі үлкен қуаныш. Ал, оны бүгінгі таңда одан әрі жетілдіріп,
жемісті еңбек етіп жатқандығымыз, жаңашылдықты ж ақсы
қабылдағанымыздың дәлелі. Әрине, болашақта технологиялардың алар
орыны ерекше. Бүгінгі таңда Сандық Қазақстан құру жоспарланып, арнайы
бағдарлама да жарияланған. Мұның бәрі еліміздің қарыштап дамып, алға
қарай ұмтылуының жемісі деп білемін.
Кез-келген қоғам үшін білімнің алар орыны ерекше. Мемлекеттің
мерейін үстем ететін білікті мамандар екені айдан анық. Ал, болашақ
мамандарды дайындау барысында мектептің орыны ерекше. Оқудың
алғашқы ошағы қалыптасатын маңызды мекемеде білім берудің тәсілі үнемі
жіті назарда болғаны дұрыс. Ал, оны ұтымды пайдалану елдігіміздің айғағы.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы № 319
Заңы.
2. Абылкасымова А.Е., Рыжаков М.В. Содержание образования и
школьный учебник: Методические аспекты: Монография. – М.: Арсенал
образования, 2012. – 224 с.
3. Әбілқасымова А.Е., Кучер Т.П.,Корчевский В.Е., Алгебра: Әдістемелік
нұсқау: жалпы білім беретін мектептің 7-сынып мұғалімдеріне арналған
құрал. –Алматы: Мектеп,2017.-100б.
4. Әбілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.
– Алматы, 2011. – 272 б.
5. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы № 319
Заңы.