Материалдар / Мақала.«Өзін-өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала.«Өзін-өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2018
351
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше

Мақала авторы: Султанова Венера Онайбаевна
Жұмыс орны: Қандыағаш қалалық № 2 орта мектебі
Лауазымы: "өзін-өзі тану" пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 15.01.2017 ж


Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің басты идеясын ұсынды.
Еліміздің туын асқақтатар, білім, білікті, жан-жақты дамыған, адамгершілігі мол, тәрбиелі, әділ, инабатты, өнегелі ұрпақ тәрбилеу біздің алдымызда тұрған ең басты міндет. Осы мақсатта өркениетке ұмтылып отырған мемлекетіміздің даму болашағының негізі ретінде қажеттілігін айқындай түсетін, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін білім ордасының жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы, рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні.
«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты- рухани-адамгершілік құндылықтарды негізе алатын , ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын нағыз мінезді адамды тәрбиелеу. Тіпті Абай өз заманында былай деген екен: «Білім мен ақыл-ойды сақтайтын қойма- адамның мінезі. Білімді сақтайтын берік қойма болмаса, оқудан пайда болмас». Ал тәрбиенің негізі дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру.
Рухани-адамгершілік тәрбие баланы мейірімділікке, әдептілікке, отаншылдыққа, өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, табиғатты сүюге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге үйретеді. Осы қасиеттерді үйрететін пән мұғалімі балаларға жылы жүзбен қарайтын, мейірімді, адамгершілігі мол, балаларды баурап алатындай маман болуы керек. Сонда ғана бала жүрегі мейірге толып, осы пәнді сүйіп, өмірге деген қызығушылығын танытып, айналасындағылармен жан жылуын бөлісе алады. Міне осындай үйлесімділік болған жағдайда бізден үлгі алатын, жан-жағына мейіріммен қарайтын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азаматты тәрбиелей аламыз. Баланы жан-жақты дамытуға, өзінің ішкі дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдайтын, жалпыадамзаттық құндылықтарға ие бола алатын ұрпақты тәрбиелеуге ат салысқанымыз артық болмас. Қазіргі кезде қоғамда жоғалып бара жатқан адамдар арасындағы сыйластық, мейірімділік, сүйіспеншілік, татулық, бірлік, бірін-бірі кешіре білу, төзімділік сынды құнды қасиеттерімізді толықтай жоғалтып алмас үшін келешегімізді ойлайтын болсақ, жас ұрпаққа жақсы істер атқарып, үлгі көрсете білуіміз керек. Осыған түрткі болатын «Өзін-өзі тану» пәнінің сабақтарында қолданылатын тәсілдер: әңгімелесу, шаттық шеңбері, тыныштық сәті, өзіммен-өзім, мәтінмен жұмыс, сабақтың дәйексөзі, жаңа ақпарат, түйіндеме, жағдаяттарды талдау,ойтолғау, шығармашылық жұмыс, сахналау, сергіту сәті, ойындар, тренингтер, бейнефильмдерден үзінді көрсету, жүректен жүрекке т.б оқушының өзін, өзгені, айналасын тануына, өз бойына жан-жақты тұлғалық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Әсіресе, оқушылар сабақ барысында еркін отырып, бір-бірімен еркін пікір алмасып, өз ойларын білдіріп, жағдаяттарды шеше білуге, бірін-бірі тыңдауға үйренеді. Мектебімізде «Өзін-өзі тану» пәні аясында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс –шаралар, ата-аналармен жұмыс өткізіліп тұрады. Мектеп оқушыларының бұл пәнге деген қызығушылықтары өте жоғары, барлық іс-шараларға белсенділікпен қатысады.
Тәрбие көзі болатын аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ұлылардың ұлағатты сөздері,ақын-жазушылардың еңбектері, түйінді сөздер, жаманнан жирену, жақсыдан үйрену «Өзін-өзі тану» пәннің өзегі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда баланың мінез-құлқын қалыптастырып, жеке тұлға ретінде терең тәрбие береді, жас ұрпаққа- адами жолды үйретеді, өзіне-өзі деген сенімділігін қалыптастырады, шығармашылыққа, өзіндік пікірінің, ойының болуына көмектеседі, өз ісіне баға бере алуға үйретеді, ең бастысы адамгершілігі мол, өз шешімін қабылдауға, өмірдің мәнін түсінуге көмектеседі.
Қорыта айтқанда, баланың қазіргі қоғамда өмір сүруі үшін адамгершілік қасиеттерді игеруі, оның бойына осы қасиеттерді дарытуы барысында «Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік пәнінің алатын орны ерекше.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!