Материалдар / Мақсат - жетістік желкені
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақсат - жетістік желкені

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа өзін - өзі тану пәнінен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2018
618
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: №1ЖОББМ Мерзiм _______ Мұғалiм: Джапарова Б.Д


Класс 8 Оқушы саны № 6 сабақ Тақырыбы Мақсат – жетістік желкені.


Құндылық: Сүйіспеншілік


Қасиеттер: кешірімшіл болу; шынайылық; адамдарға риясыз қызмет ету;

Сабақ мақсаты: Оқушыларға өз болашағы бағытын айқындау туралы айта отырып сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • Оқушыларға өмірлік мақсаттарын нақты белгілей білу және өз мұратына жету жолында шынайылыққа үйрету;

  • Адамдарға риязыз қызмет етуге тәрбиелеу

  • Кешірімшіл болу және бір-біріне деген бауырмалдық қасиеттерін дамыту

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

5 «Т» ережесін еске тұсіру

Тыныштық сәтi.

  1. «Нұрға бөлену»

  2. Үй тапсырмасын тексеру

Саб № 6 « Адамның өмір кезеңдері» туралы аңыз әңгіме.


Адам өмірінің өткені ме, қазіргісі ме, әлде болашағы маңызды ма?


Мақсат қоюдың адам өмірінде алатын орны қандай?

Мақсатына жету үшін адам өзіне қандай құндылықтарды серік ету қажет?


Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Ешқандай істі сүйіспеншіліксіз жасама....

Мать Тереза

Сүйіспеншілігімізді қалай білдіреміз?


Тереза шешешейдің риясыз қызметі

  1. Әңгiмелеу

Аңыз әңгіме: «Тату ағайындар»

Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағында болса да, олар бір- біріне көмектесіп, тату – тәтті өмір сүреді.

Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».

Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды.

Ал бұл кезде інісі жатып, ол да ойлап жатады. «Жоқ, біз егіндідұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек.»

Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды.

Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта – қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!»

Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап үйлерінен шығады. Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жерде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:

  • А, бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың?

Інісі айтады:

  • А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?

Екеуі де үндемей қалады, бір – бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жібереді. Осыдан кейін екеуі бір- бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.

  1. Екі ағайындының бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

  2. Адамдар арасындағы бір-бірін жақсы көрушілік адам бойындағы қандай қасиеттерден бастау алады?

  3. Жүрегіміздегі сүйіспеншілік гүлін ашуына не ықпал етеді?

Аңыз әңгімер жинағы

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Даналықтың шыңы сүйіспеншілік» мәтінін талдау және сахналау

4 топқа түстер арқылы бөлу.

Риясыз сүйіспеншілікті көрсететін жағдаятты сахналау


  1. Топпен ән айту.

Жақсы көру

Өмірің таңдай болса,арайланған

Қатыгез қараулыққа жолайма адам

Біреуді жақсы көрген қандай жақсы

Нұрланып кетеді екен бар айналаң


Жақсы көру,жақсы көру

Не деген керемет ең

Өмірді сезінуге,қуанып көзінуге

Адамға жақсы көру керек екен


Дидарың аумайды екен, жарық күннен

Ғашық боп қалғанымды жаңа ұқтым мен

Келбетің көз алдымда ,ойымда сен

Өзіңді жақсы көріп калыппын мен


Жақсы көру, жақсы көру

Не деген керемет ең

Өмірді сезінуге, қуанып көзінуге

Адамға жақсы көру керек екен


Жақсы көру, жақсы көру

Не деген керемет ең

Өмірді сезінуге,қуанып көзінуге

Адамға жақсы көру керек екен


Өмірді сезінуге, қуанып көзінуге

Адамға жақсы көру керек екен

Адамға жақсы көру керек екен


  1. Үй тапсырмасы.

7 сабақ Мұқан Иманжанововтың «Талап» атты мәтінін оқу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Балалар,бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңіздер,бір сәт ойланып көрейік,түйген ойларыңызды жүрекке сақтап алайық. Жақсы ойлайық, жақсылық жасайық, сүйіспеншілік нұрын шашайық. Сау болыңыздар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!