Марфуға Айтқожинаның 80
жылдығына орай
«Жыр жазамын жүрегімнен
» атты әдеби кеш
Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу
аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау,
талапты, талантты жастардың шығармашылық ізденістерін ынталандыру,
ақиық ақын Марфуға Айтқожина шығармашылығын жастар арасында
насихаттау.
-
Кіріспе
сөз:
Оның жыр
жинақтарында ақындықтың ақ құсын көрсететін әсем сезім мен мөлдір
тіл, бұлақ суындай әдемі сөз, өзінің табиғи ағынымен жаныңа жай
тапқызатын тіркестер баршылық.
(Т.Кәкішев)
М.
Айтхожина жырлаған жырлар ақынның өзіндік толғаныстары, өзіндік
түйіні көзге шалынып отырады. Ол табиғаттың басқалар көрмеген жаңа
бір көріністерін, жұмбақ сырларын, әсем сұлулығын ашуға бар ынтасын
қояды. Ақын лирикасының үлкен кейіпкерлері – қазақтың құба даласы,
отаны атамекені.
-
Марфуға Айтқожина туралы
бейне ролик көрсету. 2-3 мин
1
жүргізуші: Армысыздар, «Жыр жазамын
жүрегімнен» атты кешке келген құрметті оқытушылар мен
білімгерлер!
2
жүргізуші: Бүгінгі өткізілгелі
отырған әдеби кешіміз поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр,
өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын
елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген, есімі республикаға танымал
дарынды ақындарымыздың бірі - жерлесіміз Марфуға Айтқожинаның 80
жылдық мерейтойына арналады.
1
жүргізуші:
Автор жайлы айтар
болсақ, Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25
тамызда Құлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. 1956 жылы Құлжадағы
қыздар гимназиясын, әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық
университетінің филология факультетін (1965), Мәскеудегі жоғары
әдеби курсты бітірген (1971). 1961–1969 жылдары «Қазақ әдебиеті»,
«Қазақстан мұғалімі» газеттерінде әдеби қызметкер болып
істеді.
Алғашқы өлеңдер жинағы «Балқұрақ» деген атпен 1962 жылы
жарияланды.
2 жүргізуші:
Тәркі дүние!
Тартсаң да етегімнен,
Жүргем жоқ ырқыңа еріп,
жетегіңмен.
Жалтарыссыз, Бірбеткей
мінезіммен,
Бір күні бұл пәниден өтемін мен,- деп, жыр
жауһарын төккен - Марфуға Айтхожина.
2 жүргізуші:
Дүниеге шыр етіп сәбидің
келгені - өлең, оның бесікке бөленіп, анасын емгені - өлең, қаз-қаз
тұрып, тәй-тәй басқаны - өлең, бозбала мен бойжеткен болып
сырласқаны, қырды асқаны - өлең, жігіт болып, қалыңдық болып
қалжыңдасқаны - өлең, аға не жеңеше болып есейгені - өлең, ақсақал
не ана болып ақыл айтқаны - өлең. Өмірге келген күннен оның өлең
сапары- өмір сапары басталды. Бесікте жатқан кезінде тыңдаған бесік
жырының әуені көкірегіне ұя салды. Бұл туралы ақын Олжас: «Әрбір
ақынның өз әні бар. Марфуға Айтқожинаның да өз әуезі бар. Менің
поэзия мен әнді салыстыруым да кездейсоқ емес», - деуі тегін
емес.
1 жүргізуші:
Әзілхан Нұршайықов:
«Ақындықтың асқар шыңына шыққан, шашасына шаң жуытпас Марфуға
ақынның» шығармашылық жолының тұсауы Жұмағали Саиннің ақ батасымен
«Қазақ әдебиеті» газетінде 1950 жылы жарияланған топтама
өлеңдерімен кесілді,- деген еді.
2 жүргізуші:
Ақын үздіксіз іздену, үйрену,
талаптану арқасында өзінің бойына біткен табиғи дарынын жетілдіріп,
белестен белеске шығып, өз биігіне жеткен ақын» деген бағыттарда
жылы пікірлер айтылып келеді. Соның дәлелі - Қазақстан Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты атануы. Талай толқын жас буынды туған елді,
жерді сүюге тәрбиелеген өр, тәкаппар жырлары үшін Елбасының өз
қолынан «Құрмет», «Парасат» ордендерін алды. Қырықтан астам
алыс-жақын шет ел тілдеріне өлеңдері аударылып, басылып
шықты.
1
жүргізуші:
Мұның бәрі
Марфуға
ақынның талмай ізденіп, тек биікке талпынған еңбекқорлығының
арқасында қол жеткізген асулары. Ақын өлеңдерінің тақырыбы сан
алуан. Ұлы тұлғаларға арналған, туған жер, атамекен, табиғат жайлы
өлеңдері, поэмалары бар.
Назарларыңызға ақынның атасы,
анасы және ұлы тұлғаларға арналған өлеңдерін
ұсынамыз.
«Айтқожа қажы», «Ұйықта енді алаңсыз», «Жан аға»,
«Алдында бар ғаламды жүгіндірген», «Мұхтар аға»
2 жүргізуші:
Туған жер, қатар өскен құрбы,
атамекен, елге деген махаббат, перзенттік парыз туралы тебірене жыр
шертпейтін ақын жоқ. Туған жерді жырлау - барлық ақынның перзенттік
парызы. Туған үйіңмен, туған жеріңмен үлкен Отаның басталады.
Балалық, жастық, махаббаттың да ұясы сол.
1
жүргізуші:
М. Айтхожина жырлаған туған жер табиғатынан
ақынның өзіндік толғаныстары, өзіндік түйіні көзге шалынып отырады.
Ол табиғаттың басқалар көрмеген жаңа бір көріністерін, жұмбақ
сырларын, әсем сұлулығын ашуға бар ынтасын қояды.
«О,туған ел», «Шыңбұлақ», «Туған ел
жүрегінде»
2 жүргізуші:
Марфуға Айтхожинаның жан –
жақты ашылып, жыр гауһарын шашқандай ерекше шабытқа бөленіп
жырлайтын тақырыбы табиғат лирикасы екен. Табиғат ақын үшін – шабыт
көзі ғана емес, өмірдің философиясы, жүрек тынысы, көз нұры,
тіршіліктің мән – мағынасы.
1
жүргізуші:
М. Айтхожинаның бүкіл ақындық
қасиетіне тән бояулар әлемі, әсіресе оның табиғат тақырыбына жазған
жырлары - жансызға жан біткендей, сан түрленіп, мың түске еніп,
ғажап құбылады.
Табиғатқа байланысты өлеңдері:
«Жапырақтар жаудырар» , «»
2 жүргізуші:
Алматы - Алатау
баурайындағы әсем қала. Аты аңызға айналған Алматы шаһары, ең
алдымен, Алатаудың баурайынан сан тарау болып созылған көкшелермен
көрікті. Екі жиегін сылдырлап аққан тау суы мен көк желек көмкеріп,
әсем ғимараттарды жағалап көкорай баулар мен алмалы бақтарға ұласып
жататын саялы көшелер қала құрлысымен бірге күн сайын құлпырып өсіп
келеді.
1
жүргізуші:
Алматым – алтын дән
қала
Өзіңді білер бар
ғалам
Сенсің ғой жүрген
көтеріп,
Қазақтың
даңқын нар қалам- демекші «Жыр аққуы» атанған Марфуға Айтқожина да
Алматының көз тартар әсемдігін де, өз жырына
қосқан.
Өлеңдерін оқиды: «Алматы», «Ару Алматы»,
«Қарлы кеште»
2
жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін
жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім
менің
Бүгінде бар әлемге даңқың
жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім
менің
1
жүргізуші:
«Орнында бар оңалар»
демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер
болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында
«Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт
өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде,
кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей
толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір
сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке
көтеруді мақтаныш тұтады. Тәуелсіздікті жыр еткен ақын өлеңдерін
тыңдайық.
«Тербейін, Тәуелсіз күн тал бесігін», «Елімнің
тыныштығы қымбат маған»
1
жүргізуші:
Бірінші курс білімгері Ғалым Асланның авторлық
туындысы «Ақынға арнау» қабыл алыңыздар.
2
жүргізуші:
Қазақ
елім!
Туды жастық
дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның
жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын,
қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын,
алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың
еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік,
ағайын.
1
жүргізуші:
Ақынның ұрпаққа ұран болған жырларын елі де, ақынның ой мен
сезім астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ешқашан естен
шығармайды деп сенеміз. Тәуелсіздік мерейтойымен
тұспа- тұс келген ақынның 80 жылдық мерейлі тойы құтты болсын! Ақын
апамызға шығармашылық табыстар тілейміз дей келе бүгінгі кешімізді
аяқтаймыз. Сау болыңыздар!