Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр
ауданы
ЖШС «Одуванчик»
балабақшасының
тәрбиешісі Дүйсенбаева Гүлназ
Жасұланқызы
Мария Монтессори
технологиясымен
жұмыс
жасау
Бала туғаннан бастап
еркіндікке талпынады және үлкендердің көмегіне жүгінгісі келмейді.
Сол себепті қазіргі таңда М.Монтессори әдісін көптеген балабақша
пайдаланады. Монтессори әдісін түсіну үшін алдымен оның жалпы
қайдан шыққанын білу керек деп ойлаймын. ХХ ғасырдың басында бұл
әдіс, Италиядағы медицина ғылымының докторы атағын алған алғашқы
әйел, Мария Монтессоридің ұсынысы болатын. Мария Монтессори өзі
алғашында жүйке ауруымен ауыратын балалармен жұмыс жасаған
болатын,соның арқасында ол ой-өрісі дұрыс дамыған балалармен жұмыс
жасауда жаңашылдық енгізді. Яғни, бұл әдіс тек қана жүйке жүйесінде
ауытқуы бар балаларға ғана емес, сонымен қатар мектепке дейнгі
жастағы балаларға педагогикалық тәсіл ретінде пайдалануға болады
деген тұжырымға келеді. Марияның айтуынша, бала кішкентай кезінен
өзін дамытуға және адам ретінде қалыптаса алуға қабілетті, тек соны
арттыру үшін үлкедер көмектесу қажет, яғни жағдай жасау керек. Бұл
оқу системасында педагогтың бірінші мақсаты балаға автодидактикалық
(өзіндік жұмыс) оқуға жағдай жасау. Бала үлкендерге тәуелді болмас
ұшін оған қажетті барлық дидактикалық материалдарды ұсыну.Баладан
ештеңені талап етпей, баланың оқуда өзіне таңдау жасату. Бұл әдіс
көбіне 3-6 жас аралығындағы балаларға тән,себебі Марияның айтуынша
дәл осы жастан бала бір нәрсеге талпынуға және өзіне қызық нәрсеге
зейін қойып,қызығушылықпен тыңдауға, біреуге көмек көрсетіп, аяныш
сезімі оянатын жаста.
Мен 2019 жылы педагогикалық
біліктілікті арттыру «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнында
инновациялық технологияларды пайдалану» курсында осы М.Монтессори
әдісін оқыдым. Сол жердегі жетекшіміз бізді балабақшадағы
Монтессори бөлмесіне алып келді. Баланың тұрмыс тіршілігіне керекті
материалдардан бастап, сезу мүшесі,логикалык, сенсорикалық, қолдың
ұсақ маторикасын дамытуға арналған барлық қажетті құралдар болды.
Жас ерекшеліктеріне қарай берілетін қажетті құралдар болды. Үлкен
бір бөлменің 4 бөлігі болды:
1. Күнделікті өмір жаттығулар
бөлімі.
2. Сенсорика
бөлімі.
3. Математика
бөлімі.
4. Тіл
бөлімі.
1. Күнделікті өмір
жаттығулар бөлімі:Күнделікті өмір жаттығулар бөлімінде кішкентай балалар үшін
ерекше маңызды. бала өзіне және өз заттарына қарауға көмектесетін
материалдар орналасқан. Материалдар бала өзі істейтін ісінің
мақсатын айқын түсінген жағдайда таңдап алынады. Бала өзі киінуге
(түйме, кнопка, сыдырма, жіпшелер, түйрегіштер, баулар, банттар,
ілмектер сияқты заттар салынған рамкаларды пайдалана отырып)
үйренеді. Ұқыпты бір нәрсені құюға, төгуге, ыдыс жууға, айна
сүртуге, киім – кешек жууға, шын үтікпен оны үтіктеуге, салаттар
жасауға, көкөністер тазалауға, кесуге, майдалауға, жаңғақ ашуға,
аяқ киім тазалауға, бір жерден екінші жерге тасымалдауға өзіне –
өзі қызмет етуге үйретеді.
2. Сенсорика
бөлімі:
Бұл бөлімде бала қоршаған
ортаны зерттеуде өзінің сезімдерін қолдана білуге үйренеді –
осындағы материалдар арқылы өзінің көру сезімін (Түрлі түсті
кестелер, көлемі мен пішінін ажыратуға арналған материалдар т.б).
Сипап сезу сезімін (сипау үшін тақтайшалар,маталардың қиындыларының
жиынтығы т.б). Иіс сезу (иістері бар жәшікшелер). Дәм сезу (дәм
сезу банкашалары т.б). Есту сезіміне (шуылдайтын қорапшалар,
музыкалық аспаптар т.б) жетілдіреді, сол сияқты температураны
ажырату, заттардың салмағының айырмашылығын білу және есте сақтау
қабілеттерін жаттықтырады.
3. Математика
бөлімі:
Сенсорлық материалмен жұмыс
істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне
таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды. Оның
үстіне математиканы үйрену табиғи жүріп отырады: себебі бала жай
ғана математикамен ұласатын дайындалған ортада өмір сүреді.
Математикалық дамыту аймағы бала санауды, қосу мен азайтуды,
көбейту мен бөлуді, түбірге алу, мағыналы сандармен жұмыс істеу
үшін барлық керекті материалдардан
тұрады.
4. Тіл
бөлімі:
Балаға тілді алып жүруші
ретінде тілді дамытуға арналған (тілсіз толыққанды интеллектуалды
өсу мүмкін емес болғандықтан) тиісті материалдар қажет. Бұл
бөлімде жазуға моторлық (қимылдық) дайындық, фонетикалық естудің
дамуы, жазу мен оқуға үйрету, т.б қарастырылады. Бұл жерде бала
өзінің қорын кеңейтуге, әріптермен танысуға, саусағымен қиынырақ
әріптерді салуға, манна жармасына сурет салуға, сондай – ақ
жылжымалы алфавит арқылы сөздерді қоюға
үйренеді.
Педагог өз тарапынан бұл
бөлмеге кірген балаға талап қоймай таңдау жасату керек.Қай бөлімді
таңдайды және қандай материал таңдайды оны бала өзі шешу қажет. Ол
жалғыз өзі немесе басқа баламен жұмыс істегісі келе ме, оны да өзі
таңдайды. Біз Монтессори болмесіне кіргізіп баланы ойнатамыз,
дамытамыз деп ойлаймыз, ал шын мәнінде баланың ойынша ол өз
қарқынын «жұмыс» деп атайды.