Материалдар / «Мәриям Хакімжанованың өлеңдерін оқимыз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мәриям Хакімжанованың өлеңдерін оқимыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өнегелі бір сағат» жобасының тақырыбы: «Мәриям Хакімжанованың өлеңдерін оқимыз» Оқушыларға мағұлмат бере отырып, тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
1105
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін» _________

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбай А.Қ

«Өнегелі бір сағат» жобасының тақырыбы:

«Мәриям Хакімжанованың өлеңдерін оқимыз»

Жауапты мұғалімдер: Жумаканова Г

Мамадиева А.Б




Кемертоған ауылы 2021-2022ж

«Өнегелі бір сағат» жобасының тақырыбы: «Мәриям Хакімжанованың өлеңдерін оқимыз»

Мақсаты: Қазақ ССР халық ақыны, жазушысы Мәриям Хакімжанова өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру. имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

Білгішбек: Сәлеем сәлеем достар! Көңіл күйлеріңіз қалай? Тааммаашаа!

Мен сендерді көргеніме қуаныштымын! Мені кім деп сұрасаңыздар мен Білгішбекпін!

Барлығымыз бір жерге жиналып қалған екенбіз, ендеше достар биылғы жылы ерекше жыл! Ыбырай Алтынсарин атамыздың туылғанына 180 жыл, Дина Нұрпейісова апамыздың туылғанына 160 жыл

Достар ендеше сендер Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Кел, балалар, оқылық» өлеңін жатқа білесіндерме? – Иәәә! Олай болса бірге айтайық!


Кел, балалар, оқылық

Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.

Тамашааааа!


Ал, Дина Нұрпейісова апамыздың қүйін ұсынамыз, 4 З сынып оқушысы Бейсенқұл Іңкәр

Күй орындалып болған соң білгішбек ортаға шығады.

Білгішбек : Керееемееет!

Ал, бүгін не үшін жиналғанымызды айтар болсам, Мәриям Хакімжанова (1906–1995) 15 қарашада Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобланды селосында туған. Қазақ ССР халық ақыны, жазушысы болған.

  • Абай атынд. ҚазПИ жанынан ашылған жұмысшылар ф-тін бітірген (1934).

  • Әйел теңдігі” журналында әдеби қызметкер (1929 — 1932), жауапты хатшы (1932),

  • Орынбор облысы Адамовка ауданы “Екпінді” газетінде бөлім меңгерушісі (1936 — 1937),

  • Қазақстан Жазушылар одағында халық ақындары бөлімінің меңгерушісі (1938 — 1944),

  • Тіл және әдебиет ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1945 — 1947),

  • Респ. кітап палатасында (1947 — 1951),

  • Жаңа өмір” журналында (1951 — 1956),

  • Қазақстан мемл. көркем әдебиет баспасында аға редактор (1956 — 1958) қызметтерін атқарды.

Азғана сергіту сәтін жасап жіберейік!

Барлығымыз менімен бірге қайталаймыз!

Музыка «Ша ла ла ла»

Білгішбекпен барлығы бірге билейді.



Мәриям Хакімжанова апамыз жайында аздап мағұлмат берген болсам енді апамыздың өлеңдеріне кезек берейін

4 «З» «М» сынып оқушылары тыңдайық!

Қырым туралы жыр

Әлемге атың шыққан көрік Қырым,
Бұлт кұшқан мұнарларды биік шыңың.
Тау мен тас түйіп кабақ тұнжырайды,
Дегендей "кімге мәлім менің сырым".
Шыңында бүркіт қонып, ұшқан лашын,
Үялап мекендеген таудың басын.
Секіріп киік-марал ойнактаса,
Кемірген жолбарыстар таудың тасын.
Теңізің жарқырайды күндік жерден,
Секілді күн айнасы күмістеген.
Тұнық су, тұз татыған дертке шипа,
Әр ұлттың өкілі келіп серуендеген.
Теңізің кейде тулап бұрқыддайды
Толқынды толқын қуып сылқылдайды.

Майға

Майдың күні, -
Майдан күні,
Майдан күшін сынайтын.
Майдың үні,
Майдан үні,
Майданда жау жылайтын.
Майдың ері, -
Майдан ері,
Мәңгі бойы талмайтын.
Күшіне - күш,
Ісіне - іс,
Екпінге - екпін қарайтын.
Майда екпін,
Майданда екпін,
Екпіндеген
С С С Р
Екпін күшпен,
Екпінді істен,
Туды тулап жаңа жыр.
Ел де жаңа,
Жер де жаңа,
Жаңаланған еңбекші ел.
Елді, жерді, -
Өңдірісті,
Жаңалаған миллионер.
Толықсып, сыбдыр қағып, кейде ақырын,
Сынаптай аунап түсіп сыр тындайды.

Қапияда қақ төбемнен түсті жай

Қапияда қақ төбемнен түсті жай,
Жарқ етті де қалды сөніп күн мен ай.
Өзегімді өртеп өтті, өксітті,
Бізді неге аямадың ә, құдай!?
Махаббаттың періштесі ем таранған,
Сүйген жардың жүрегінен жаралған.
Аяулы жан, ақиығым мерт болды,
Куанышым, көз нұрына баланған.
Махаббаттың тұтқынымын, еркім жоқ.
Қансырадым, қақ кеудемнен тиді оқ.
Бір кездегі ақ қанатты құс едім,
Бүл күндері сыртым бүтін, ішім шоқ...
Кайран жастық, қайда кеттің қаңғырып,
Калды өшпестей, құлағымда жаңғырық.
Айнымаспыны, айтқан серттен танбаспын,
Сайқал дүние, салсаң-дағы сан құрық...

Ұршық


Зырылда, ұршық, зырылда,
Тезірек толсын алқымың.
Қосайын әуен зырылға,
Калауынша халқымның.
Анамнан қалған мұрасың,
Айнала берші ақұршық.
Сақтаймын сені мұра үшін
Тағы да зырла, бір ыршып.
Зарыққан анам, сенімен,
Өршіте алмай өнерін.
Мұрасың калған өмірден,
Соңдықтан тәуір
көремін.
Зырылда, ұршық, зырылда,
Келеді жырым ағылып.
Аналар өтті-ау бұрын да,
Өнімсіз саған табынып.
Өнерсіз күннің ермегі.
Қалсын ізің жырымда.
Өнерім өрге өрледі,
Салмаймын көздің қырын да.

Білгішбек: Әрі қарай 4 «М» мен «З» сынып оқушыларының Мәриям Хакімжанова  апамыздың өлеңдерін негізделген көрмемізді көруге шақырамыз.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!