Материалдар / Масштабқа байланысты есептер.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Масштабқа байланысты есептер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Масштабқа байланысты есептер тақырыбындағы тест материалы өте ыңғайлы және тиімді жасалған. Оқушыларды ҰБТға дайындау кезінде таптырмас құрал.Тарау бойынша қайталау сабағын өткенде мұғалімдерге тарауды қорытындлауға өте қажетті материал.Қайталау арқылы білімді тиянақтауға көмекші құрал ретінде қосымша құрал болып табылады. Сонымен қатар оқушылырға есепті игеруге жеңіл, тақырыпты түсінуге тиімді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
19302
14 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Масштаб
1км = 1000 м= 100000см

8 кг-ның 500 г-ға қатынасын есептеңіз. Жауабы: 16
4 км-дің 80 метрге қатынасын есептеңіз. Жауабы: 50
1: 25000000 масштабпен берілген картада екі қаланың арасы 12 см. Екі қаланың бір-бірінен нақты қашықтығын табыңыз. Жауабы: 3000км
50:1 масштабымен салынған жәндіктің қанатының ұзындығы 15 см-ге тең. Қанатының масштабтағы ұзындығын табыңыз. Жауабы: 0,3 см
Бөлме еденінің сызбадағы өлшемдері 4см және 6 см. Бөлме салынған кезде еденнің ені 5м болып шықты. Еденнің ұзындығын табыңыз. Жауабы: 7,5 см
Екі елді мекеннің арасы 8 км. 1: 100000 масштабпен сызғанда елді мекеннің арасы картада қанша болатынын табыңыз. Жауабы: 8см
Масштабы 1: 10000 болатын картада екі пункттің арасындағы кесіндінің ұзындығы 15 см-ге тең. Жергілікті жерде оыс екі пункттің арақашықтығы қандай? Жауабы: 1,5 км
Масштабы 1: 10000000 картада Алматыдан Мәскеуге дейінгі қашықтық 3 дм. Алматы – Мәскеу темір жолының ұзындығы Алматыдан Мәскеуге дейінгі ара қашықтықтан 50% - ке артық. Темір жолдың ұзындығын табыңыз. Жауабы: 4500 км
Масштабы 1: 600000000 картада Алматы мен Астананы қосатын кесіндінің ұзындығы 16 мм. Қалалардың ара қашықтығын табыңыз. Жауабы: 960 км
Пішіні квадрат тәрізді жер бөлігінің сызбасы 1:500 масштабымен жасалған. Оның қабырғасы сызбада 16 см. Осы жер бөлігінің ауданын есептеп табыңыз. Жауабы: 6400м2
Тік төртбұрышты алаңның ауданы 73500 м2 . Масштабы 1: 7000 сызбада осы алаңды кескіндегенде, ұзындығы 5 см тік төртбұрыш шықты. Алаңның еденін табыңыз. Жауабы: 210 м
Ұзындығы (нақты өлшемі) 10 м болатын кесінді сызбада 4 см. Масштабты табыңыз.
Жауабы: 1: 250
Көп қабатты үйдің биіктігі 96 м. Сызбадағы көп қабатты үйдің биіктігі 24 мм. Масштабты тап.
Жауабы: 1 : 4000
Астана мен Қостанай қалаларының арақашықтығы 750 км. Картада оларды қосатын кесіндінің ұзындығы 15 см. Картаның масштабын табыңдар. Жауабы: 1 : 5 000000
Жер бетіндегі 360 км арақашықтық картада 4,8см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы 0,64 дм кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді? Жауабы: 480 км
Сынып бөлмесінің сызбасын 1 : 50 масштабымен сызғанда, сызбаның ұзындығы 12 см, ені 10 см болды. Бөлменің нақты өлшемдері қандай? Жауабы: 6м,5м
Тіктөртбұрышты алаңның ауданы 72000 м2 . Осы алаңды масштабы 1 : 6000 сызбада кескіндегенде, ені 4 см тіктөртбұрыш шықты. Алаңның жер бетіндегі ұзындығын табыңдар.
Жауабы: 300м
Үстелдің ұзындығы 1,8м, ені 0,7м. Масштабы 1 : 100 болатын сызбадағы үстелдің ауданын табыңдар. Жауабы: 1,26 см2
Машина доңғалағының масштабы 1 : 50 болатын сызбадағы радиусы 0,8 см. Машина доңғалағының диаметрін табыңдар. Жауабы: 80 см
Күн мен жердің арақашықтығы 150000000 км, ал сызбада ол 30 см-ге сәйкес. Егер ай мен жердің арақашықтығы 384000 км болса, онда сызбадағы арақашықтық қанша сантиметрге тең болады?
Жауабы: 0,0768 см
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!