Материалдар / Мастер класс: "Мұғалім іс-әрекетінің тиімділігін арттырудың психологиялық жолдары "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мастер класс: "Мұғалім іс-әрекетінің тиімділігін арттырудың психологиялық жолдары "

Материал туралы қысқаша түсінік
Мастер класс. Мұғалімдерге, тренерлерге қажеттігі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2020
2004
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:«Мұғалім іс-әрекетінің тиімділігін арттырудың психологиялық жолдары» \мастер класс\

Бүгінгі таңда қарым-қатынастың мазмұнды дамуы әлеуметтік-психологиялық тренинг аясында ойдағыдай шешілуде. Соңғы жыл ішінде қарым-қатынас механизмін дамытуда белсенді, жедел әдіс-тренингтер ұйымдастырылып қолданылуда. Психологиялық тренинг (әлеуметтік психологиялық тренинг) отбасылық қарым-қатынастардағы түзету тәжірибесінде, жасөспірімдерді бейімдеуде, мінез-құлықты түзетуде, адамның өзіне сынмен қарап тәрбиеленуінде, т.б. жағдайларда өзін жақсы жағынан көрсетті. Нақты және зертханалық эксперименттердің бөліктерін өзіне біріктіре отырып, қарым-қатынас біліктілігінің саласында кең көлемдегі міндеттерді шешетін тренингтер психологиялық ықпалдың тиімді құралы болып табылады.

Тренингтердің мақсаты:

өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу; ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту; ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру; қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу; коммуникативтік дағдыны дамыту, қарым- қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру; өзі, өзінің құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту; көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.

Мінезді анықтауға арналған 5 минуттық тест

Саусақтарыңызды айқастырып ұстаңызЖоғарыда қай қолдың саусағы қалғанына назар аударыңыз. Нәтижелерін қағазға жазып отырыңыз. Егер жоғарыда оң қолдың саусағы болса, қағазға «2», сол қолдың саусағы болса, «1» деп жазыңыз.

Жалған нысананы көздеңізКөздегенде қай көзіңіз ашық қалды? Сол болса «1», оң болса «2» санын жазыңыз.

Қолыңызды кеудеңізде айқастырыңыз. Қай қол үстінде қалды? Сол болса «1», оң болса «2» санын жазыңыз.

Шапалақтаңыз… Жоғарыда қай қол қалды? Сол болса «1», оң болса «2» деп жазыңыз.

Ал,енді өзіңізді тексеріп көріңіз....

«2222» — (толық оңқай). Сіз мінезіңіз тұрақты, сабырлы адамсыз, артық ұрыстар мен бос әңгімелерді ұнатпайсыз.

«2221» Сіздің басты кемшілігіңіз — батылсыздық.

«2212» Сіз оңай тіл табыса алатын, көңілді жансыз.

«2111» Сіздің мінезіңіз тұрақты емес, көңіліңіз құбылмалы. Бірақ істеріңізді біреуге тапсырмайсыз, өз шаруаларыңызды өзіңіз тындырғанды жөн санайсыз.

«2211» Сіздей адам жиі кездесе бермейді. Ақкөңіл, мейірімді бола тұрып, басқалармен оңай тілдесе аласыз, мінезіңіз өте жұмсақ.

«2122» Сіздің ойлау қабілетіңіз рационалды, аналитикалық. Басқаларға күдікпен қарайсыз, сол себепті бойыңыздан суықтық байқалады.

«2121» Ең сирек кездесетін мінез түрі. Сіз қорғансыз, басқалардың ойына тәуелдісіз.

«1112» Эмоционалды, көңілді, батыл жансыз.

«1222» Көңіліңіз күніне сан рет өзгереді.  Өмірлік сұрақтарды шешуге жиі батылыңыз жетпей жатады. Алайда басқалармен қарым-қатынасыңыз әр уақыт жақсы болады.

«1221» Эмоционалдық, жігерсіздік тән. Басқаларға сөзсіз сену қасиетіңіз бар.

«1122» Сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Бірақ кейбір сәттері тым қарапайым, сенгіш боласыз. Өзіңіздің істеріңізді сынға салғанды ұнатасыз.

«1121» Сіз адамдарға тым сенесіз, мінезіңіз жұмсақ. Өнерге жақын болуыңыз мүмкін.

«1111» — (толық солақай). Сіз өнерлі, кретивті адамсыз. Үйреншікті стереотиптер сіз үшін емес. Индивидуалистсіз, кейде тіпті эгоистсіз.

«1212»  Мақсатыңызға жетпей қоймайтын батыл жансыз.

«1211» Сіз басқалардан оқшауланған өмір қалайсыз. Басқалармен тіл табысып, достасу — сіз үшін қиын мәселе. Алайда рухыңыз мықты, қойған мақсаттарыңызға қалайда жететін адамсыз.

«2112» Мінезіңіз жайлы, жаңа достарды оңайлықпен табасыз. Қызығушылықтарыңызды жиі ауыстырасыз. Жаңашылдықтан қорықпайсыз.


Психологиялық шаршау және оны жеңу жолдары

Қазіргі таңда стресс түрлерінің біріне созылмалы шаршау синдромы жатады. Американдық ғалымдардың зерттеулері бойынша АҚШ-та 3-тен 10 млн-ға дейін адам осы синдроммен ауырады екен. Бұл аурудың негізгі себептері анықталмаған. Ғалымдардың жобалауында бұл ауру түрлі вирустардан немесе жағымсыз экологиялық жай- күйден болады деп болжайды. Дегенмен көптеген зерттеушілер синдромның негізінде шектен тыс организмге жасалған ауырлық, былайша айтқанда стресс жатыр деп есептейді. Аталған ауру грипп сияқты болып басталады және оның түрлі симптомдары анықталған.


Тәжірибелік алаң

«Көпір» жаттығуы

Мақсаты: педагогикалық ұжымды қалыптастыру, мұғалімдердің бір-бірін қолдауға бағыттау, көмек беру.

Ойынның мақсаты: екі адам қарама-қарсы бағытта осы көпір бойымен өтуі тиіс. Көпірден өтетіндер екі ұлт өкілі, сондықтан олар бір-бірінің тілін түсінбейді

Талқыланатын мәселе: ойын барысында бір-біріңізге көмектесуге тырыстыңыздар ма, жоқ әлде тек өзіңіздің мақсатыңыздың жүзеге асуын көздедіңіз ба? 


Ернеу» жаттығуы

Мақсаты: педагогикалық ұжымда мейірімділікті, ашықтықты және көмек беру қасиетін қалыптастыру.

Барысы:

Мұғалімдер бір-бірінің артына тұрып, иықтарын жалғастыра отырып бөлген линиясы бойынша тұрады. Ол айтады: «Бұл сызық – үйдегі ернеудің биіктігі. Сіздің аяқ киіміңіздің ұшы – ернеудің соңы. Бұл адам қалауы бойынша осы ернеу бойына құлап қалмай жүріп өтуі керек. Ал топтың мақсаты – осы жағдайда көмектесу. Мұнда шамалы сөйлесуге, физикалық контактіге түсуге, қолдау көрсетуге болады. Ең бастысы – осы ернеу бойынша жүріп өту». Соңынан ернеу бойынан жүріп өткен қатысушы өз сезімін айта отырып, қай жерде қиындық көргенін және қай жерде қолдау сезгенін айтады. Топ мүшелері қай жағдайда қолдаудың сәтті болғанын, ал қай жағдайда болмағаны жөнінде өздерінің пікірілерін айтады. Егер де қатысушы құлап бара жатса, бұл мәселе де топта талқыланады. 

«Қалаймын – Істей аламын - Қажет» жаттығуы

Мақсаты: Мұғалімнің қажеттіліктеріне және өз армандарына сенімін бекіту және белсендіру, дүниетанымын кеңейту және дамыту, педагогикалық іс-әрекеті стилінің жеке дара түрін табу.

Барысы:

Мұғалімдер тобын жарты шеңбер тәрізді етіп отырғызамыз, жарты шеңбер алдына екі орындық қоямыз. Ортаға қалаулары бойынша екі мұғалімді шығарып орындыққа отырғызамыз. Олардың біреуі – тыңдаушы, екіншісі – сөйлеуші болады. Соңғысы тренер ұсынған басы берілген үш сөйлемді аяқтайды.

Мысалы, «Мен өзімді сенімді сезінуге міндеттімін», «Мен өзімді сенімді сезіне аламын», «Мен өзімді сенімді сезінгім келеді». Сөйлеушінің интонациясы, оның бет әлпетінің қимылы, жестіне және т.с.с. назар аударылады. 

Қорытынды 37 Стреске қарсы әдіс-тәсілдер Барлығы үшін сауықтыру ережелері Қазіргі біздің өміріміз қарқын алғандығы соншалықты, бұл жүйкемізге әсер етіп қоймай, денсаулыққа да ықпалын тигізуде. Ғалымдар қазірге адамға «стресс торына» түсіп қалмауға көмектесетін әдістер мен тәсілдерді ойлап табуға еш шаршамайды. Австралиялық мамандар келесі жайттарды ұсынады: аптасына жарты күн Сізге не ұнайды соны істеңіз: билеңіз, жүзіңіз, қыдырыңыз немесе саябақ орындығында отырыңыз. Жалпы өзіңізді тек жұмысқа беруді тоқтатыңыз;

Бір күнде кем дегенде бір рет немесе одан көп ең қымбат деген адамға жылы сөздер айтыңыз. Еш күмәнданбаңыз: ол да Сізге солай жауап береді. Біздің қатал өмірде біреу өзіңді жақсы көреді деген ойдың өзі санамыздағы ауыр стрестен қорғауға қабілетті;

Аптасына екі немесе үш рет дене жаттығуларын жасаңыз. Көп су ішіңіз (ішімдік суы емес). Денені жақсы формада ұстау үшін бір күнде кемінде 1-1,5 литр су ішу қажет; 

Релаксация өте пайдалы әдіс әрі оны меңгеру де оңай – ол үшін арнайы білімнің және табиғат сырының қажеті жоқ. Бірақ бір қажетті шарт – мотивацияның (түрткінің) болуы, яғни әрбір адам не үшін релаксацияны меңгеру керек, соны білген жөн. Релаксация әдістерін ертерек меңгеру керек, яғни өте қиын кезеңде шаршау мен тітіркенуге қарсы тұру үшін. Сабақ өз кезегімен өтсе, релаксациялық жаттығулар әдетке айналады және жағымды әсерлермен ассоциацияланады, оларды меңгеру үшін табандылық пен шыдамдылық қажет.

Адам баласы өзін-өзі ашпаса, өзін-өзі терең танып білуі мүмкін емес. Жаттығулар адамның тұлға ретінде дамуына және өмірде өз әлеуетін барынша көп қолдануына бағытталған. Олардың тұлғалық өсуіне ықпал етеді. Әрбір адамның өзін-өзі тануына, ойдағыдай әлеуметтік бейімделулеріне көмектеседі және өзінің жеке ерекшеліктерін, қабілеттіліктерін танып білуге жағдай жасайды.

Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тануға байланысты жаттығулардың негізгі мақсаты: жаттығулардың көмегімен тұлғаның өзін-өзі түсінуі мен өзін-өзі зерттеуі және өзі туралы білімін кеңейту. Сондықтан қазіргі мектептерде мұғалімдер оқу-тәрбие жұмысымен ғана айналысып қоймай, сапалы да нәтижелі жұмыс болуы үшін өздерінің психологиялық жай-күйіне және де өз әріптестері мен оқушыларының психологиясын жетік білуі тиіс. Сонда ғана педагогикалық ұжымда жағымды қарым- қатынас және қолайлы психологиялық ахуал орнайды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!