Материалдар / Матаға көркем өрнек салу. 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Матаға көркем өрнек салу. 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі (заманауи) технологиялар мен өнер материалдарын анықтау, таңдау және біріктіру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән мұғалімі:

Ахметбаева Арай Кошкеновна

Сыныбы:

7 «Ә» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Матаға көркем өрнек салу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7. 1. 6. 4. Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі (заманауи) технологиялар мен өнер материалдарын анықтау, таңдау және біріктіру.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар: Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі (заманауи) технологиялар мен өнер материалдарын анықтайды, таңдайды және біріктіреді.
Көпшілік оқушылар: Ыстық, суық, түйінді батик техникасында жұмыс жасайды.
Кейбір оқушылар: Синквейн тәсілімен сөз құрастырады.

Бағалау криетийлері:

Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі (заманауи) технологиялар мен өнер материалдарын анықтайды, таңдайды және біріктіреді.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар …

  • Батик дегеніміз не?

  • Батик түрлері туралы айтады.

  • Батиктің шығу тарихы туралы сұрақтарға жауап береді

Пәндік лексика және терминалогия:

  • Батик, суық, ыстық және түйінді батик.

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • Ыстық батик дегеніміз....

  • Түйінді батик техникасында........

Себебі,...

Осыған дейінгі меңгерген білім:

Оқушылардың батик туралы бастапқы білімі бар, батик түрлерін бір - бірінен ажырата алады алады.

Құрал-жабдықтар:

Кітап, дәптер, Интерактивті тақта

Сабақ түрі

Теориялық, практикалық

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Презентация, слайттар, әр түрлі әшекейлеу бұйымдары, ине, жіп, қайшы, тігім машинасы, термо пистолет, желімі, мата қиындыларынан жасалған картина жұмыстары

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақ басы

5 мин




Ұйымдастыру кезеңі:
Топқа бөлу: «Қаламсап» әдісі бойынша 3 топқа бөлу.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Орнымызға отырып,
Өз ара көз тастаймыз
Табыс тілеп достарға
Жаңа білім алуға,
Алға қадам бастаймыз,- дей отырып сабағымызды бастаймыз.
Үй жұмысын тексеру: «Сен білесіңбе?»
Біздің алдыңғы тақырыбымыз қандай болды? (Батик жасауға дайындық)
Үй жұмысына қандай тапсырма берілді?(Батиктің 3 түрін жасау үшін, пайдаланатын құрал - жабдықтарды дайындап келу, өрнектің суретін салу)
ҚБ (Ауызша.
Мадақтау, мақтау) 

Қаламсап әдісі бойынша топтасады, Өзара көңіл-күй сыйлайды.



«Сен білесіңбе?» ойыны арқылы өз білімдерін көрсетеді. Өткен сабақ жұмысының орындалуын тексеріп шығады.












«Өте жақсы», «Жақсы», «Орташа» мұғалімнің тарапынан бағалау






Оқулық, инетбелсенді тақта, презентация

Сабақ ортасы

20 минут






























15 минут



Бүгін өтетін сабағымыздың тақырыбы «Матаға көркем өрнек салу».
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Түсіп калған әріптер» әдісін пайдалану. Жаңа тақырыпқа қатысты сұрақ қою
  - Мата дегеніміз не?
- Ою - өрнек түрлерін ата?
Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі (заманауи) технологиялар мен өнер материалдарын анықтау, таңдау және біріктіру.
Сабағымыз Практикалық сабақ болғандықтан өткен тақырыптарымызды «Лото» әдісімен қайталайық...
1. Батик сөзі яван тілінен аударылғанда қандай мағына білдіреді? - ыстақ балауызбен сурет салу деген мағына береді.
2. Батиктің түрлері: суық, ыстық, түйінді
3. Батик жасау үшін қолданылатын құралдар: мата, жақтау, резерв немесе ыстық шам, матаға арналған акрил бояулар, қылқалам, политра, су, фен.
4. 
Батик жасауға пайдаланатын маталар: мақта мата (бөз, шыт, шифон) маталары.
5. Батиктің шығу тарихы. Батик өнері ең алғаш рет Индонезиядағы Ява аралдарынан басталған өнер
6. Ba - tik» - Ba сөзі х. б. мата, ал tik – тамшы, нүкте деген мағынаны білдіреді.
Жұмыс жасамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске тусірейік және сабақ барысында ережені ұстанайық балалар?!
Қорғаныш киімдері: химиялық қоспаларды қолданғанда қолыңның терісін сақтау үшін резенке бес саусақ қолғап. Әр түрлі бояуларды қолданғанда алжапқыш кию міндетті, олар бояулардан дақ түспеу үшін киіледі. Қылқаламдарды сүртіп отыру үшін қиық маталар.

Жұптық жұмыс.
1 - топ. Ыстық батик техникасымен жұмыс жасайды.
2 - топ. Суық батик техникасымен жұмыс жасайды.
3 - топ. Түйінді батик техникасымен жұмыс жасайды.
Сергіту сәті. Музыка арқылы
Топтық жұмысты талқылау. Әр топ батиктерді аяқтап болған соң, батикті қай технология әдісімен жасағаны туралы айтып, түсіндіріп береді. Қосымша мына сұрақтарға жауап береді?
1. Жұмыстың қай жері сәтті шықты?
2. Батик әдісі несімен ұнады?
3. Қандай бұйымдарды батик әдісімен безендіргің келеді?
Жұптық тапсырма: Синквейн тәсілімен сөз құрастыру.
Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады
2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі
3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады
4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.
  5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним жазылады.
Дескриптор
Батиктің 3 түрін бір - бірінен ажырата алады

  • Батикті жасауда, топқа берілген техника бойынша жұмыс жасайды.



Презентацияға шолу жасайды, сабақ мақсатын айқындайды

Түсіп қалған әріптерді табады. Берілген сұрақтарға жауап береді.







Шығармашылық идеяларымен бөліседі.





Жұмыс түріне байланысты ҚЕ айтып түсіндіреді.




















Пракикалық жұмыс орындайды. Мұғалім нұсқаулығына бағынады. Әр топ бірлесіп ұқыптылықпен, өзара келісіммен матаға сурет салу процесін жасайды.




ҚБ: «Жарайсың», «Жақсы», «Талпын» стикерлерімен бағалайды.





ҚБ әдісі арқылы 3 жұп бірін - бірі бағалайды.










презентация








слайд









слайд






слайд






слайд

Сабақ соңы

5 минут





«Аяқталмаған ой» әдісі бойынша әр топ өз нұсқасын түсіндіріп, ақпаратты толықтыру:

І топ: «Мен................ білдім»;

ІІ иоп: «Мен үшін............ қызықты болды»;

ІІІ топ «Маған тапсырма орындауда........... оңай болады»;


Оқушылар сабақты қандай деңгейде түсініп, меңгергендерін және сабақтан алған әсерлерін жазып, мұғалімге жеткізеді






«Бас бармақ» әдісімен бағалау










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!