Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Матемаликалық құндылық
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
10 –11 сыныптар оқушыларына арналған «Математикалық сауаттылық» курсы
Түсінік хат
Бұл бағдарлама жаратылыстану математика бағытындағы математикадан базалық білімі бар жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларына арналған және 68 сағатқа есептелінген.
Бағдарлама:
- ҚР «Білім туралы» Заңына;
- «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартының» негізіне;
-PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне арналған есептеріне;
- математикадан 5-11 сыныптарға арналған мемлекеттік бағдарламаға
сүйене отырып құрастырылды.
Басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: белсенділік; шығармашылық тұрғыда ойлау; шешім қабылдай алу; өз кәсібін дұрыс таңдай алу; өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының бағдарламасында айқын көрсетілген. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» екенін айта келіп, ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», – деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін алға қойған болатын. Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа мыналар жатады :
- Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады. - Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі.
Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол – оқытудағы математикалық сауаттылық.
Математикалық сауаттылық – математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну, әр түрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру, дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту, есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру, математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану болып табылады.
Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен (танымдық салалармен) сипатталады:
- білу (еске түсіру);
- қолдану (байланыстарды орнату);
- ойлау (пайымдау).
Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі.
Математикалық құзыреттіліктің деңгейлері (танымдық салалар):
Білу (еске түсіру):
Терминдерді, сандарды қасиеттері бойынша суреттеу және есептеу; график пен кестеден мәліметтерді алу; құралдарды қолдану; классификациалау, математикалық объектілерді танып білу.
Қолдану (байланыстарды орнату):
Нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты талдау және көрсету; модельдеу; тізбекке байланысты тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу.
Ойлау (пайымдау, тұжырымдау):
Объектілердің арасындағы тәуелділікке талдау жасау; қорытындылау, әртүрлі шешу жолдарын синтездеу; дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді шешу.
Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөлімдерінің біріне сәйкес келеді:
- сандар;
- кеңістік және форма;
- өзгерістер мен қатынастар;
- белгісіздік.
Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа мыналар жатады :
1. Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады.
2. Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі.
3. «Математикалық сауаттылық» ауызша, жазбаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетін шыңдайды.
4. Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты, жаңалықты дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі.
5. Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қалыптастыруда да тәрбиелік мәні бар.
Математикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін:
- теорияны білу , оны логикамен ұштастыру;
- есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу;
Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам тағдырына, бала тағдырына жауаптымыз. Сондықтан оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру үшін мынадай жұмыстар жүргізуіміз керек.
Сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығарту;
Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйрету.
Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі.
Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруда PISA есептерін қолданудың тиімділігі:
PISA зерттеуіндегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешімдері үшін математикалық талдауды талап ететін, мектептің өмірі, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсіби қызметі, спорт және тағы басқалар туралы мәлімет ұсынады.
Осындай бағыттағы есептерді сабақ барысында қолдану арқылы ғана біз – алған математикалық білімдерін тиімді пайдалана алатын, өмірдегі кез келген жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдайтын, өзінің математикалық сауатты екенін дәлелдей алатын функционалдық сауатты тұлға тәрбиелеп шығамыз.
Курстың мақсаты:
Білімді , бәсекеге қабілетті, функционалдық сауатты, алған білімін шынайы өмірде өзін-өзі жүзеге асыруға қолдана білетін тұлғаны тәрбиелеу.
Оқушылардың математикалық мәдениетін және шығармашылық қабілетін қалыптастыру және мектеп бітірушілердің жоғары оқу орындарына түсіп, білімдерін жалғастыруға сапалы дайындықты қамтамасыз ету.
Курстың міндеттері :
Белсенділік танытып; шығармашылық тұрғыда ойлап; шешім қабылдай алатын ; өз кәсібін дұрыс таңдай алатын; өмір бойы білім алуға дайын тұратын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
- теорияны білу , оны логикамен ұштастыру
- есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу
- есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару»
-алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйрету
- оқушыларда берілген тақырыптың математикадағы маңызы туралы, басқа тақырыптармен байланысы туралы біртұтас ұғым қалыптастырады;
Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Тиімді шешімді іздеп жазудың, сызудың ықшамдығы мен мұқияттығын керек етеді
- шығармашылық іздену әдістерін іріктеуге, талдап-ойлауға, есте сақтауға, ой-өрісті дамытуға, күрделі есептерді шешуде кездесетін қиыншылықтарды жеңіп шығуға дағдыландырады;
- қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауды жүзеге асырады;
Күтілетін нәтижелер:
- Алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірлерінде:
- қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу;
- ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;
- нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру;
- геометриялық, физикалық, экономикалық және т.б. мазмұнды қолданбалы есептерді шешу;
- диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып білу, талдау;
- оқып игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу (моделдеу);
- шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу».
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қ.Бекболат. А.Сердалы. Математикалық сауаттылық. Астана-2017. «KAZBILIM» орталығы
2. Қ.Қапатұлы. Ә.Қайсаұлы. Н. Бәзікей. Математикалық сауаттылық. Астана-2017. «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығы
3. Жанбырбаев Б.С. Ықтималдықтар теориясы жəне математикалық статистика элементтері, Алматы, мектеп, 1986ж
4. PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту. Әдістемелік құрал. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Астана 2014
5 Т. Күшай, Х. Мейрам. «Мәтін және логикалық есептер мен тест тапсырмалары», Астана 2014ж.
Курс бағдарламасына келесі тақырыптар кірген:
1.Сандар және олардың қасиеті .Сандар қатарының құрылу ережесін тұжырымдау
2. Өмір жағдаяттарындағы проценттер
3. Проценттер және банк операциялары
4. Қоспалар, қорытпалар және ерітінділерге есептер
5. Теңдеу құруға берілген есептердің типтері
6. Логикалық есептер
7. Өмір жағдаяттарындағы есептер
8. Сәйкестендірулер мен салыстырулар
9. Өзгерістер мен тәуелділіктер
10. Орналастыру және терулер,ықтималдық
11. Диаграмма,график және кестелер
12. Венн диаграммасын қолдану есептері
13. Геометриялық есептер
Математикалық сауаттылық курсының
тақырыптық - оқу жоспары
10-сынып
№ |
Бөлімдер мен тақырыптардың атауы |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
Сандар және олардың қасиеті .Сандар қатарының құрылу ережесін тұжырымдау |
|
|
1 |
Сандар тізбегі. Сандық тәуелділіктер |
1 |
|
2 |
Сандар тізбегі. Сандық тәуелділіктер |
1 |
|
3 |
Сандар мен фигуралардың арасындағы байланыс |
1 |
|
4 |
Сандар мен фигуралардың арасындағы байланыс |
1 |
|
5 |
Сандық өрнектің қандай цифрамен аяқталуын анықтау |
1 |
|
|
Өмір жағдаяттарындағы проценттер
|
|
|
6 |
Жаппай сатылым, тариф, айыппұл және дауыс беру туралы есептер |
1 |
|
7 |
Жаппай сатылым, тариф, айыппұл және дауыс беру туралы есептер |
1 |
|
|
Проценттер және банк операциялары |
|
|
8 |
Жай және күрделі проценттер. |
1 |
|
9 |
Жай және күрделі проценттер. |
|
|
10 |
Кредит мерзімі. Есеп айырысу ставкасы. Вексельдерді рәсімдеу. Дисконт. |
1 |
|
11 |
Проценттік ставканы есептеу. Есептер шығару. |
1 |
|
12 |
Проценттік ставканы есептеу. Есептер шығару. |
1 |
|
13 |
Пропорция және процент |
1 |
|
14 |
Пропорция және процент |
1 |
|
|
Қоспалар, қорытпалар және ерітінділерге есептер |
|
Материалды жүктеу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |