Материалдар / "Математика - ақыл - ойды дамытады" (мақала)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Математика - ақыл - ойды дамытады" (мақала)

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал математика пәнінің мұғалімдеріне керек, оқушымен дұрыс жұмыс жасау, қызықтыру мақсатында мақала жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
647
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика – ақыл – ойды дамытады «Ақыл – ойды дамытатын – математика» деп анық айтуға болады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050» , «Бір – мақсат, бір - мүдде, бір – болашақ» атты халыққа Жолдауында айтылғандай «Бала тәрбиелеу – болашаққа үлкен инвестиция» деуінің терең мән – мағынасы бар. Мұның барлығы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қолдап, ата – бабаларымыздан қалған адами құндылықтардың мәдениетті сақтап жасөспірімдердің, жеткіншектердің бойына сіңіріп дамытуға арналған іс – әрекет. Баланың ақыл, ойлаудың жүйелі болуы, ойлау қабілетін жеңілдерту, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу – бүгінгі күннің мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың алғашқы математикалық түсініктерді қалыптастыру «Балабақшада» немесе «Оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы» бойынша жүргізіледі. Білім педагог А.С.Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі туралы «Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін баланың ойының маңызы сондай болмақ», - деген. Ересек адамның ісі, жұмысындағы қызметі сияқты ойында бала өміріндегі маңызды болып саналады. «Бала ойында қандай болса, ол өскенде де жұмыста» сондай болады деген. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан – жақты дамуы үшін логикалық ойындардың рөлі ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып, адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатын атап анық айтылған. Логикалық ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады, бала зейінінің, жадының қалыптасуына, ойлау қабілетін дамытуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады. Логикалық ойлау – адамның интеллектуалды қабілеттерінің негізін құрайды. Ақыл – ойды тәрбиелеуде және ой – өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады. Балаға математикалық қарапайым ұғымдарды түсіндіру, бекіту мақсатында қолдануға болады. Сондай – ақ, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін), саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу тәсілдерін меңгереді. Мектеп жасына дейінгі балалардың кішігірім математикалық терминдерді, геометриялық пішіндердің атауларын дөңгелек шаршы, үшбұрыш, т.б. және олардың элементтері: қыры, бұрышы болатын және де қосу азайту, тең ұғымдарын үйренеді. Балалар қарапайым математикалық дәлдікті шешуді үйренеді. Сонымен қатар, балалардың математикалық білімге деген қызығушылығын арттыруға, берілген есепті шешуге өз күш – жүгерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктерді индуктивті және дидуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына қасиетіне (түсі, пішіні, т.с.с.) қарай талдау, саралау, салыстыру жеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады. Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі формасы – оқу іс – әрекеті. Оқу іс – әрекеті барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Балаларда бір ізді жүйе қалыптастырады. Күнделікті өмірде және оқу іс – әрекетінде дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулары қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс – әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты бағыт – бағдыр беріп отырады. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау, кезектестіріп оқыту кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты бағыт – бағдар беріп отырады. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау кезектестіріп оқыту түрінде қолдану, баланың белсенділігін арттырады. Оқу іс – әрекетінің құрылымның көлемі, мазмұны бағдарламаға сай балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі, математика оқу іс – әрекетінде дидактикалық ойындары ерекше көңіл бөлемін. Қызықты жаттығулар, тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар қолданамын. Оқу іс – әрекетін өткізу барысында жұмбақтар жасырып, өлеңдер, тақпақтар, логикалық ойлауға арналған тапсырмалар, сөзжұмбақтарды әрдайым қолданып отырамын. Әр түрлі қызықты материалдарды қолдану педагогикалық үрдістің тиімділігін арттырады. Сондай – ақ, олар балалардың ақыл – ойының дамуына үлкен ықпал етіп отырады. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттырад. Балалардың ойын үрдісі арқылыоқыта отырып, ойыннан алған қуанышты әсері мен қызығушылығын тудыруға тырысамын. Мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру үшін геометриялық пішіндерді, денелермен таныстыра отырып, 20 – ға дейінгі көлемдегі сандарды түсіндіре дамыту, шартты өлшемдердің көмегімен көзбен қабылдау, түсіндіру, ұғымды етуге тырысамыз. Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішіне психология мен логика ерекше орын алады. Менің ойымша, әр педагог баланың ойлау қабілетін арттыру мақсатында баланың психологиясы мен логикалық қабілетін арттыру үшін бар білгенін үйретумен болады. Сол себепті мектепке дейінгі балалармен логикалық бағдарламамен дайындау керек деп түсінемін. Қорытындылай келсем, мектепке дейінгі балаларды логикалық қызығушылығын арттырсақ, математика әр балаға өте қызықты қызығына тоймайтын пән болып көрінеді. Еліміздің ертегі тұғыры – біздің бүлдіршіндер. Сондықтан бүлдіршіндерімізді жан – жақты дамытып білім алуға деген қызығушылығын арттырып, әрдайым қолдауымызды алмайық. Әр ұстаздың еңбегі – нәтижелі жұмыспен әрі оқушысының жемісімен көрсетіледі. Ұлағатты ұрпақты тәрбиелеп, білімді азамат пен азаматшалардың ақыл – ойын, дұрыс ойлау қабілеттерін дамытып, еліміздің болашағын тек қана біліммен , игі істермен жетелейік!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!