Материалдар / Математика - ақыл-ойдың әуені
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика - ақыл-ойдың әуені

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика - ақыл-ойдың әуені
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
549
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көктерек орта жалпы білім беретін мектебі











«Математика – ақыл-ойдың әуені»


(Пән апталығы)










Орындаған: Егінбаев.Е.







2018- 2019 оқу жылы



«Математика – ақыл-ойдың әуені»


Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісі мен танымдық қасиеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.


Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Еліміздің ертеңі білімді азамттың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Олай болса 3-8 ақпан аралығында мектепте математика апталығына белсене араластыңдар. Сөз кезегін 10 сынып оқушыларына берсек:


Ұзақ ұйықтап жұмса түз бесігінде

Естімеппін Архимед есімін де

Жерді қозғау қиялы былай тұрсын

Жемісі де тимепті несібеме

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге

Бақтырып жұлдыздарды ескен желге

Жансызға жан бітіріп жолға салып

Сары құзы ақсақалға көрсетті елге

Бұл жерде танысасың Пифагормен

Кемеңгер, ол – философ кезінде өткен

Кездесесің дәл сондай тағы да бір

Ғылымдармен жер жаһанда білім еккен

Архимед, Пифагордың айтқаным бұл

Талаптанып, білімге зейін бұр

Таудан аққан, төбеден төкті олар нұр

Судай тасыр, әр бесік белден асқан

Дүниеде сан алуан өнер шашқан

Білім алып, олардың жолын қуған

Әрбір адам өмірде өрге басқан.



  1. оқушы:Балалар, 1 апта математика апталығын аяктап та калдық.

  2. оқушы:Менде бір керемет жаңалық бар, барлық мұғалімдер семинарга кетіпті, мектепте тек математиктер қалыпты, бүгін барлығы математика сабағы болмақшы.

  1. оқушы:Айттым емес пе?

  2. оқушы:Балалар бүгін сіздермен қызықты математика сабағын тамашалаймыз.

Қоңырау соғылады..


Қазақ тілі сабағы:

Мұнда қазақы өлшемдерге байланысты сұрақтар қойылады.

  1. Б ес саусақты үлкендер қалай атайды? (бас бармақ, сұқ саусақ, ортан саусақ, аты жок саусақ, шынашақ.

  2. Қарыс сүйем? (бас бармақ пен ортан саусақтың аралық мөлшері)

  3. Б ілем дегеніміз не? (ортан саусақтың ұшы қолдың бірінші буынының арасындағы қашықтық)

  4. білу үшін шырағым

Білмегенді сұрағын

Бір аттасаң алдыға

Сол болар бір (адым)


  1. Жүрген елдің ойында

Ескі өлшемдер көп екен

Бір сызықтың бойында

Созсақ сұқ қол бармақты

......деген сол екен (сүйем)


Жемісті, жақсы иісті бәйшешек

Аралайық пайдасын көрем десек

Ұғымдағы милы жастың ойын қозғап

Үйретер талай тәлім, талай есеп “ – деп Шәкәрім атамыз айтқандай Шәкәрім жұмбақтарын шешіп корелік:


Тоғыз ана жиылып бір толғатқан

Бірін –бірі буаз ғып жуандатқан

Тоғызының киімі тоғыз түрлі

Келген кісі сияқты әр тараптан.


  • Ал , балалар бұл не? (математикадағы цифрлар)


Тамам сөзді сөйлейді сөйле десе

Етінен ет кесемін сөйлемесе

Айт демесе айтпайтұғын жауабы жоқ

Сүйгенімді сөйлеттім әлденеше.

(Қарындаш)


Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады?

(дәреже)




Санға қосып, алсаң

Сол санның өзі шығады

Санды оған бөлуге болмайтынын

Математиктер ұғады

Көп адамдар сол санға

Шекесінен қараған

Сан осін қақ бөлуге

Сол санымыз жараған

(0)



Арифметикадан басталған өлең

Сәуір 20, 2010

Бірге бірді қосқанда не болады?

Онда өмірден бойдақтар жоғалады.

Алдында тұрған шақта асу белең

Қандай жақсы мақсатты қосу деген.


Өседі адам қияға қарап тұрып,

Қалықтайды қиялын қанат қылып.

Жалғыз өткен күндерден жалығады ол

Сенімінің жеңісін санап тұрып.


Алдында тұрған шақта асу белең,

Қандай жақсы мақсатты қосу деген.

Көрші, әні, айрылған сырласынан

Бір мұңлы күй төгілтіп тұлғасынан

Төсінде шөл даланың жалғыз ағаш

Тұрады қолын бұлғап қыр басынан.


Бұл өмір бір күн шаттық, бір күн егес,

Тірліктің барлық мәні күлкіде емес.

Болсын мейлі көл жалғыз, терек жалғыз

Менің жалғыз болуым мүмкін емес!


Бірге бірді қосқанда не болады?

Онда өмірден жалғыздық жоғалады

Жоғалсын, мәңгі көргің келмес оны

Білемін, аңсайсың-ау сен де соны


Ия, өмір бір күн шаттық, бір күн егес

Тірліктің барлық мәні күлкіде емес

Екі” деген егіз сан аман болса

Менің жалғыз қалуым мүмкін емес!

Авторы: Мұхтар Шаханов

Үзіліс...қоңырау.


Корермендерге сұрақ:

  1. 12-ні 10 есе арттыр (120)

  2. 6 2 -6 (30)

  3. Ең үлкен үш таңбалы сан?(999)

  4. минуттың 1/60 бөлігі (секунд)

  5. 25 % санның қандай бөлігі? (1/4)

  6. 1 кандай сандардың көбейтіндісі? (кері сандардың)

  7. Екі нүктенің арасындағы түзу? (кесінді)

  8. Қанша қалтам?

Өзімде бар сан қалта

Арт жағында қос қалта

Жейдеде екі төс қалта

Пиджакта екі іш қалта

Бір төс қалта және бар

Сонда есепте, кәне ал,

Менің қанша қалтам бар?

Тағы айтпақшы пальтом бар

Онда да төрт қалтам бар?

Сонда қанша қалта бар? (15)

  1. 360 санын 10 есе кеміт (36)

  2. Бір жазықтықта жатпайтын, бір –бірімен қиылыспайтын түзулер? (айқас)


Жүргізуші:

Математика ақыл ойдың әуені

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса

Елімнің болашағы гүлденеді

Омар Хайям, Әл – Фараби жолын қуса


Қоңырау. Орыс тілі сабағы


Орыс тілі. Орыстіліндегі ребустар




Сандық ребустар


Үзіліс.Корермендерден ән.


Жүргізуші:

Шәкәрім “Жастарға”

.Жақсы білім алуға жалықпалық!

Табылмаса тарығып талықпалық!

Салақтықты қоялық сақ болалық!

Білгенді, білмегенді анықталық!


Қоңырау. Математика

1-топқа

Ең үздік баға-5

24 сағат-1.. тәулік

Қосу және азайту... амал

Шарты, сұрағы, шешуі, жауабы есеп

Мектептегі оқушы жихазы парта


2-топқа

Уақыт бірлігі сағат

90градус бұрыш тік

Минут, сағат, тәулік уақыт

70-10 60

Грамм, килограмм салмақ


3-топқа

Сүйір, доғал, тік бұрыш

1 апта- 7 күн

90 градустан кем бұрыш сүйір

Үшбұрыштың төбесі, бұрышы, және ....... болады қабырғасы

80-20 60

4-топқа

50-30 20

Теріс санның жұп дәрежесі оңсан

11 санның квадраты 121

2 санның бөліндісі қатынас

Жүзден бір бөлік

(әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.

Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?

Қасқыр-100 Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық.

(әзіл есеп) «Қу түлкі»Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса,жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған. Ж: 127

(әзіл есеп) Мен құрбымнан 100 теңге қарыз алдым да, ол ақшамды дүкенге бара жатып, жоғалтып алдым. Жолда кездескен басқа құрбымнан тағы 50 теңге қарыз алдым. Оған 10 теңгеден екі шоколад сатып алдым. Қалған 30 теңгені бірінші құрбыма қайтарып бердім.

Енді санайық: бірінші құрбыма 70 теңге қарызбын+екінші құрбыма 50 теңге+менде 20 теңгеге шоколадтар бар=барлығы 140 теңге болды. Менде барлығы 150 теңге болса, 10 теңге қайда кетті?

(әзіл есеп) Мен құрбымнан тағы да 100 теңге қарыз алдым да, ол ақшамды дүкенге бара жатып, тағы да жоғалтып алдым. Жолда кездескен басқа құрбымнан және 50 теңге қарыз алдым. Оған бұл жолы 10 теңгеден 3 шоколад сатып алдым. Қалған 20 теңгені бірінші құрбыма қайтарып бердім.

Енді санайық: бірінші құрбыма 80 теңге қарызбын+екінші құрбыма 50 теңге+менде 30 теңгеге шоколадтар бар=барлығы 160 теңге болды. Ал менің қолымда бар-жоғы 150 теңге болды. Сонда бұл жолы артық 10 теңге қайдан шықты? Алде өткен жолы жетпей қалған 10 теңгем осы ма?



Жүргізуші:

«Игеріп атом күшін ігілікке

Бұл күнде ғылым саны тұр биікте

Ойлап тапқан бәрін де адам миы

Сондықтан бас иемін жүйріктікке» - дей отырып,

Дене тәрбиесі сабағы


«Доппен секіру»

Шарты: мына бөгеттерден өтіп, тапсырмалар столына жетіп, математикалық тапсырма алып, оны шешіп беру керек. Сол жолмен қайтып барып эстафетаны ары қарай жалғастыру керек. Шығарылған есепке 10 ұпай беріледі және бірінші эстафетаны аяқтаған командаға 10 ұпай қосылады. ( Тапсырмалар столдың үстінде тұрады.)


(27,2-12,6):3,65=4

7,95:(1,62+1,56)=2.5

0,45*(7,3-2,5)=2.16

4,6*3,4-9,64=6


8,2:4+0,25=2.3

1,4*(5-1,5)=4.9

(2,8-7,5)*3,2=-15.04

34,68:(7,11+1,56)=4


(12,5-7,6)*0,1=0.49

(32,5+0,5)*6=198

5,6*(2,5-13,1)=-59.36

(113,3+65,9):32=5.6


(67,22-17,63):87=0.57

7,2:(21,3-16,8)=1.6

(4,91-3,63)*10=12.8

(13,67-9,99):2,3=1.6


3-тур. «Кім жылдам?»

Геометриялық фигуралардың аттарын табу.

  1. апрцетяи -трапеция

  2. еңшбре - шеңбер

  3. шұбршүы - үшбұрыш

  4. трұбышрөт-төртбұрыш

  5. мбор - ромб


4- тур. «Жұбыңды тап.» математикалық формулалардың жартысы жазылған.екінші жартысын тауып, сол жұппен вальс биін билеу.




5-тур. « Саған ұнайма?» Дене тәрбиесі деген жазу оқушыға көрсетіледі, алгебра деген жазу көрермендерге корсетіледі.

  1. Осы пәнді ұнатасың ба?

  2. Сабақта немен айналысасыңдар?

  3. Олимпиада, жарыстарға қатысасыңдар ма?

  4. Үйге қандай тапсырма береді?

  5. Пән мұғалімі сабақты жақсы түсіндіреді ме?

  6. Барлық балалар жаксы кореді ме пәнді?

  7. Кандай ұсыныс айтар едің?

  8. Бұл пәнге арнайы киім киесіңдер ме?

  9. Құралдар пайдаланасыңдар ма? Ол кандай құралдар?


Жүргізуші: «Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талапқа

Қолыңды бекерге бос соға берме

Ойсыз соқыр сезімнің соңына ерме

Зерделеп сұрақ – жауап санаңа түй

Сонда ортақ боласын бар жеңіске». –дей отырып, қазылар алқасы турдың нәтижесін шығарғанша, жанкүйерлерден музыкалық сәлемдеме.

Жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл сайыстан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Соңы би кешімен жалғасады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!