Материалдар / Математика - қызық time
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика - қызық time

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқуға құштар мектеп жобасына сәйкес Ертөстік ертгеісі желісі бойынша ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2024
67
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Математика – қызық time»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру; Оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту;

Көрнекіліктер

Барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Цифрлық әлемге –кемел біліммен» тақырыбындағы математика, информатика және физика пәндері апталығының «Математика – қызық time» атты сынып аралық математикалық сайысымызға қош келдіңіздер!

Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

Әлем математика тілімен бейнеленген

Математиканы білмейтін адам басқа ғылымдарға қабілетті емес. Міне осы тәрізді қанатты сөздер тегіннен тегін айтылған жоқ. Математиканы жақсы білсең, көптеген мәселелерді шешудің жолы оңай болмақ. Өздеріңіз байқасаңыздар математиканың күнделікті өмірдеде маңыздылыіы ерекше.


Сырын ашып беретін әр ұғымның,
Ғажап сырды осыдан сен ұғындың.
Қиыны мен қатар тұрар қызығы,
Математика – патшасы сан ғылымның.

Тереңінде жатады ма бір сиқыр,
Ол нәрсе емес ойлап көрсең жай жылтыр.
Математика – ақыл-ойдың иесі,
Ес тандырып баурап алар сан цифр.

Шағылса егер өр талабың, сынбағын,
Жанып қайрат, ұстаз сөзін тыңдағын.
Түсінбеген тұрса қарап аңырып,
Түсінгенге ашады ол жұмбағын.

Бүгінгі сайысымызға 9а-10а сынып оқушылары арасына екі топ қатысады. Сайысымызға қатысатын оқушыларымызды ортаға шақырайық.

Осы жерде тренинг жүргізіледі.

1 топқа – қағаздан науа жасап шарикті жерге түсірмей соңына дейін жеткізу

2-топқа – ақ қағаздан кез келген форма жасау

Трениниг мақсаты: Оқушылардың ынтымағын бірлігін ұйымшылдығын арттыру. Топта жұмыс жасау қабілетерін арттыру және нақты мақсат қоя білуді үйрету.

Әрқашанда білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген,

Сәлем бердік ұландарға талапкер,

Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен – демекші, бүгінгі сайыста қатысушы топтардың жолдамдығы мен ептілігін, тапқырлығы мен алғырлығы додаға түседі.

Топтармен танысу

Баға берер топтарға,

Қара қалды қылышпен қақ жаруға.

Әділқазы алқасын біз салайық,

Жүлдегерді таңдап бүгін алуға – деп әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Әділ қазылармен таныстыру

Қаазақ халқының  ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары — тұрмыс-салт жырлары, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар, шешендік сөздер, ертегілер, батырлар жыры, ғашықтық жырлар (лиро-эпос), тарихи жырлар, айтыс өлеңдер. Осылардың ішіндегі бала кезден біздің ерекше жақсы көретініміз ертегі жанры. Ертегілер сол кездегі адамдардың қиял –ғажап ойларынан, арман-мақсаттарынан туындаған. Барлығымызда бала күнімізден ертегі тыңдағанды жақсы көреміз. Осындай сүйікті ертегілеріміздің бірі –Ер Төстік ертегісі. Оқиға желісі Төстік қиял-ғажайып жағдайда дүниеге келіп өседі. Жылан Бапы ханның жұмсауымен Төстіктің Темір хан еліне барып, онда қалыңдықты алу үшін сайысқа түсуі, осы сайыста кейіпкердің өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі – қиял-ғажайып ертегінің заңдылығы.Бүгінгі сайысымызды да осы Ер төстік сияқты небір кезеңдерден өтіп, шын мықтыларды анықтаймыз.

Ертегідегі Ер төстіктің достары Саққұлақ, Қырағы, Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар, Осындай достарының арқасында Ер төстік біраз сайыстардан жеңіп шығады.

Бүгінгі сайсымызда тапсырмаларды орындау арқылы Ер төстікке достарымен бірге көмектесіп, оны Темірханның құрығынан құтқаруымыз керек.

1 кезең: Кім жылдам?

Саққұлақ тапсырмалары.

Әр дұрыс жауапқа 1 баллдан есептеледі

  1. Алгебра сөзінің мағынасы

  2. Геометрия сөзінің мағынасы

  3. 1 сағатта неше секунд бар?

  4. Жазыңқы бұрыш неге тең?

  5. Квадраттың ауданы

  6. Хорда дегеніміз не?

  7. Бір нүктеден бірдей қашықтықтағы нүктелер жиыны

  8. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

  9. Барлық қабырғалары тең параллелограмм

  10. π-дің сан мәні

  11. Шеңбердің центрі арқылы өтетін кесінді

  12. Дөңгелектің төрттен бір бөлігі неше градусқа тең?

  13. c2=a2+b2 кімнің формуласы

  14. Сызықтық функцияның графигі

  15. Биссектриса

  16. Медиана

2 кезең: Мақал-мәтелдер сайысы

Қырағының тапсырмалары: Мақал мәтелді жалғастыру және мағынасын түсіндіру

1.«Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер - мәңгілік»
2. «Бір жылы сөз бір күнге азық»
3. «Он рет айтқанынан бір рет көрсеткен артық»

4. «Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық»
5.«Жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе көп алады»
6.«Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына»
7.«Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді»
8.«Ат баспаймын деген жерін үш басады»
9. «Бес саусақ біріксе, жұдырық болады»
10.«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»
11.«Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі»
12. «Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады»
«Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады»
13.«Тойған жерге тоғыз кел»
14. «Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды»


3- кезең «Мен жаңылмаймын»

Желаяқтың тапсырмалары 3 пен 4ке бөлінетін сандарды жаңылмаймын деп айту.

4- кезең: Логикалық тапсырмалар

«Көлтаусар» тапсырмалары

1.Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады. Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап, бір қатарға қойып, ұзын үстел жасады. Осы үстелді айналып неше адам отыра алады?

2. 5 жұмыскер, 5 сағаттың ішінде тереңдігі 5 метр арық қазады. Ал, 100 сағаттың ішінде 100 метр арықты қазу үшін неше жұмыскер керек?

3. Цифрлар саны да, әріптер саны да 7 символдан тұратын санды атаңыз?

4. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат – үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?

4- кезең: Сәйкестендіру

«Таусоғар» тапсырмалары


https://learningapps.org/watch?v=pfjvbq16224



Көрермендермен жұмыс

Лентадан 30 см қиып алу, бір минутқа санау, жұмыртқаны айналдыру.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!