Материалдар / Математика әлемінде таңдау сағатына арналған логикалық есептер жиынтығы. Құрастырушы 4 "Ә" сынып оқушысы Идрисова Айлана
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Математика әлемінде таңдау сағатына арналған логикалық есептер жиынтығы. Құрастырушы 4 "Ә" сынып оқушысы Идрисова Айлана

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
485
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Логикалық есептер жауабымен

1. Кірпілер алмаға таласып жатыр.Оларға көмектесуге тиін келді. Тиін әр кірпіге бір алмадан берсе, бір алма артылып қалады. Ал әр кірпіге екі алмадан берсе, екі алма жетпей қалады.

Неше кірпі бар? Неше алма бар?

Жауабы:

3 кірпі бар.



4 алма бар.

2. Түлкі базарда жемістер атып тұр. Сауда жасауға оған маймыл, кірпі, қоян келді. Түлкі айтты:

-1 алма, 2 алмұрт, 3 банан 200 теңге тұрады.

3 алма, 2 алмұрт, 1 банан 200 теңге тұрады.

-13-

Сонда 1 алма, 1 алмұрт, 1 банан қанша тұрады?

Жауабы: 4 алма+4 алмұрт+4 банан = 400 теңге

400:4=100 теңге

1 алма+1 алмұрт+ 1 банан=100 теңге

4. Көжектер мен балапан.

Ішпейді екен көжені,

Қоянның қос көжегі.

Бұған тағы қосйық,

Дән шоқитын шөжені.

Екі көжек, балапан-

Бәрі қанша ,балақан?

Қателессең байқамай,

Тағы қайта санатам.

2+1=1

Тиіннің жаңғағы.

Үшеу еді қолында,

Бірі қалды оның да.

Неше жаңғақ, есепте,

Түсіп қалды жолында?

3-1=2

Батыр бақалар

Үш құрбақа батыр ма,

Үш ноянға татыр ма?

Қоян көріп жағадан,

Қанша қой?

Бес қой қосу екі қой

Жалпы саны.......ғой.

Екі қой-қайта алғаным,

Айтшы қанша қалғаны?

5+2=7

7-2=5

Қашып бара жатыр ма?

Қоян қорқып құмда тұр,

Бұзау үркіп шымда тұр.

Сүңгіп кетсе екеуі,Нешеу екен шын батыр?3-2=1


13.Төменде салынған квадраттың әрбір тор көзіне 1,2,3 сандарының бірін қою керек.Әрбір жатық жол мен тік жолда осы үш сан кездесу керек. Шыңғыс квадраттың торларын толтыра бастады. ? белгісі тұрған торға қай сан жазылуы керек?

14. Кенгуру және математика сөздеріндегі ортақ әріптің саны.


15.Динара, Гүлдана, Мерей, Аяулым және Гүлназ бірінің соңынан бірі тұр. Динара Мерейден кейін, Гүлдана Динараның алдында, Аяулымнан кейін тұр. Аяулым Мерейдің алдында, бірақ бірінші емес. Гүлназдың орнын табыңыз.


16.Үш баланың әрқайсысына бірдей 30 бәліш әкеліп берді. Бірінші бала бірнеше бәлішін жегеннен кейін, екіншісі бірінші баланың қалған бәлішіндей, ал үшінші бала бірінші бала мен екінші баланың бірігіп жеген бәлішіндей жеді. Үш балада барлығы желінбеген қанша бәліш қалды?


17. Ерғали көк пен қараны кимеді. Ал Дәурен өзіне көк жарасатынын айтты. Шыңғыс таңдамай-ақ кие беретінін айтты.Балалардың әрқайсысы қандай түсті тақия киді?


18.Бір сыныпта 25 оқушы бар. Құжаттарын қарамай, ата-аналарынан сұрамай, ең болмаса,3 баланың бір айдың ішінде туғанын қалай дәлелдеуге болады?


19.Қайыңның ұзынддығы 20 м. ұлу күндіз қайыңның басына 2 м көтеріледі.Ал түнде 1 м төмен түседі.Ұлу қайыңның басына неше күнде жетеді?


10. Динара 1 сағат бойы үй тапсырмасын орындады да, оның бестен бір бөлігіндей уақыт демалды. Қалған уақыттың алтыдан бір бөлігінде жаттығу жасады. Қалған уақытта математика мен қазақ тілінен жазбаша тапсырмалар орындады. Осылардың әрқайсысына қанша минут бөлінді?


11.Динараның жасы Гүлданадан 1 жыл 1 күн үлкен. Динара 2002 жылдың 1 қаңтарында туылса, Гүлдана қашан туылған?


12 . Үш ағашқа 60 құс қонды. Бірінші ағаштан 6 құс, екінші ағаштан 8 құс, ал үшіншіден 4 құс ұшып кетіп еді, қалған үш ағаштағы құстардың саны теңесті. Алғашқыда екінші ағашта қанша құс қонып еді.


Қашып бара жатыр ма?

Қоян қорқып құмда тұр,

Бұзау үркіп шымда тұр.

Сүңгіп кетсе екеуі,

Нешеу екен шын батыр?

3-2=1


Қанша қой?

Бес қой қосу екі қой

Жалпы саны.......ғой.

Екі қой-қайта алғаным,

Айтшы қанша қалғаны?

5+2=7

7-2=5


Кірпінің олжасы

Бір алмасы солында,

Екі алма оңында.

Неше алма барлығы,

Бірі жатса жонында?

1+2+1=4



Мерейдің кәмпиттері

Алты кәмпит көп еді.

Сараңдығым жоқ еді.

Бір кәмпитім атаға,

Бір кәмпитім апаға,

Екі кәмпит мамаға,

Бірін берсем көкеге,

Өзіме де жете ме?

Жауабы: жетеді, өйткені

6-1-1-2-1=1


5. Қозы, лақ, бота, бұзау өзеннің арғы жағасына өтпекші болды. Қайық 60 кг-нан артық жүк көтермейді. Бота 35 кг, лақ 28 кг, қозы 29 кг, ал бұзау 30 кг тартады. Төлдер өзеннің арғы бетіне қалай өтеді?

Жауабы:

1) лақ+қозы=28+29=57

2) лақ кері қайтады

3) лақ+бұзау=28+30=58

4) қозы кері қайтады

5) бота жалғыз өзі өзеннен өтеді

6) соңында лақ қозыны алып өтеді


6. 45 қоянды 9 торға әрқайсысында саны әр түрлі қояндар болатындай етіп орналастыр.

Шешуі:

1+2+3+4+5+6+7+8+9=45


7. Үш қоян бірге 13 сәбіз жинаған. Әрқайсысы кем дегенде 3 сәбіз тапқан. Бірінші қоян бәрінен де аз жинаған. Екінші қоян бәрінен де көп жинаған. Үш қоянның әрқайсысы неше сәбізден жинаған?


8.Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты. Бұлардың екеуі де Үштөбеде болып көрмегендігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген?.


9. Әкелерінің атын тап.

Шыңғыс, Әзімхан, Арман бір сыныпта оқиды Олар:Асқар, Кәрім,Самат деген кісілердің балалары.Егер Шыңғыс Саматтың, Арман Кәрімнің, Әзімхан Асқардың баласы еместігі,Асқар мен Арман бір үйде тұратыны белгілі болса, балалардың әкелері кім?


10. Әсем,Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім:

-Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар.Бірақ әрқайсысыңның бағаларың әр түрлі.Әсемнің бағасы «3» емес,ал Анардың бағасы «3» те «5» те емес.Сонда әркім қандай баға алған?


11.Қай баланың әкесінің мамандығы қандай?

Айша, Айдана, Айзада үшеуінің әкелері-дәрігер, мұғалім, ұшқыш. Айша мен Айдана ұшқыштың қыздары емес,Айдана мен мұғалімнің қызы көрші

тұрады. Қыздардың әкелері кім?


12.Тақияның түсі қандай?

Ойын жүргізу үшін қызыл,көк, қара түсті үш тақия дайындалған.Ерғали Дәурен, Шыңғыс үшеуі ойынға қатысарда тақияны таңдады.


13. Айдың, аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен атап шық. (алыңғы күн, кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні)


14. Алдында 1, артында 2, артында 1, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келе жатты.Барлығы неше қаз бар? (3)


15.Бірлігі мен ондығының санының қосындысы 2-ге тең болатын санды ата. (11,20)

«Жамбы» ату

Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру. Логикалық есептерді дәл жамбыға жебемен атқандай шығару керек.




Логикалық жаттығулар.

1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарының аттарын ата. Айжан мен Маржан-Асқар мен Мұраттың қыздары.Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?

2. Үш ағайынды.

Арман , Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі класта оқиды.Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

3.Қай ауылдың балалары?

Әділет, Еркін, Ерлік үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі-Қосқұдықтан, екіншісі-Үштөбеден, Үшіншісі-Көктөбеден келген.

4.Үйретуші бірінші рет ысқырғанда маймылдар 6 қатарға сап түзеп орналасады. Әр қатарда 4 маймыл бар.Екінші ысқырықтан кейін маймылдар 8 қатарға орналасқан. Осы жағдайда әр қатарда неше маймыл болған?

6*4=24

24:8=3 Жауабы: 3 маймыл

5. Бала 600г тосапты 6 минутта жеп тауысады., ал Карлсон одан екі есе тез тауысады. Олар бірге тосапты неше минутта жеп тауысады?

6 мин:2=3 мин

600г:6 мин=100г

600г:3 мин=200г

600г:300г=2 мин

100г+200г=300г

Жауабы: 2 мин

6. 5 ат пен 40 сиырға 140 кг пішен берілген. Әр атқа 4 кг шөп берген.Әр сиырға қанша кг шөп берілді?

5*4=20

140-20=120

120:40=3

Жауабы: Әр сиырға 3 кг шөп берілген.

7. Тор ішінде қояндар мен қырғауылдар бар. Қояндар мен қырғауылдардың бастарының саны- 35, ал аяқтарының саны- 94, торда неше қоян және неше қырғауыл бар?

12 қоян-48 аяқ

23 қырғауыл-46 аяқ

12*4=48

23*2=46

12+23=35

48+46=94




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!