Материалдар / Математика және логика вариативтік жұмыс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Математика және логика вариативтік жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
компонент сабақ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады








Бастауыш класс оқушыларына арналған

«Математика және логика» вариативтік бағдарламасы

Кожантаева Жанат Абибуллаева

Мухтарова Гульмира Танжарбаевна

(іс-тәжірибесінен)

















Құрастырғандар: Кожантаева Жанат Абибуллаевна – Ә. Дербісәлин атындағы Саралжын орта мектебінің бастауыш сынып мұғаліімі, педагог- зерттеуші

Мухтарова Гульмира Танжарбаевна - Қараой мектеп -балабақшасы бастауыш сынып мұгалімі, педагог -зерттеуші



Пікір жазған:

Атшибаева Алия Рашевна – аудандық білім бөліміне қарасты әдістемелік кабинеттің бастауыш кластар бойынша әдіскері







Бұл жинақта ұстаздың бастауыш сыныптардағы балаларға арналған «Математика және логика» әдістемелік құралына курсты оқытудың бағдарламасы және сабақ жоспары, балаларға арналған шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық ойындар енгізілген. Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылырдың ойлауы, зейіні, есте сақтауы,өзіндік бағалау және қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды үйренеді.

Жинақ бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынады.

.









Мазмұны



Алғы сөз.............................................................................................................. 4

Курс бойынша мазмұны мен құрылымы......................................................... 6

I бөлім «Қиял мен зейінге шолу»

Тақырыптық күнтізбелік жоспары..................................................................... 11

Сабақ жоспарлары............................................................................................... 14

II бөлім «Өмірдегі тиімділік»

Логикалық тапсырмалар....................................................................................... 47

Қорытынды ........................................................................................................... 67

Қолданылған әдебиеттер ..................................................................................... 68















Алғы сөз


Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Математика» пәнінің негізгі мақсаты – білім алушылардың логикалық ойлауын дамыту арқылы математикалық білім негіздерін қалыптастыру. Бастауыш білім- жалпы орта білім алудың негізгі базасы.Тек өздігінен оқи алғанда ғана оқушы білімді мақсатты және нәтижелі түрде игеретіні анық. Ол үшін оқушы оқу еңбегінің дағдысы мен икемділігін қалыптастыру керек. Кейбір оқушылар күрделі мәселелер шешімін оңай тауып,ал кейбіреулері күнделікті жәй тапсырмалардың шешуін таппай тығырыққа тіреліп жатады. Бірыңғай дұрыс шешім қабылдау үшін жағдайды дұрыс бағалауды қалай үйренуге болады? Өмірлік жетістіктерге жету үшін адам қандай қасиеттерге ие болуы қажет? Оқушылар ақпаратты қабылдап қана қоймай,оны меңгеру технологиясын игеруі қажет. Бұл үшін "Математика және логика" атты дамыту курсының тигізер көмегі зор.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) басшылыққа ала отырып,1-4 кластарда танымдық қабылеттерін логикалық ойлау тұрғысынана жан- жақты дамыта білім беру мақсатында «Математика және логика» тақырыбымен элективтік курс бағдарламасы дайындалды.

Бұл бағдарламада тапсырмалар мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамайды. Әр сабақ сайын қиындайды, көлемі үлкейіп, күрделенеді, сөйтіп балалар жалықпай, тапсырманы орындау жылдамдығы артады. Тапсырма баға қоюға бағытталмаған, керісінше, оқыту мен дамытуды көздейді. Сол себепті логикалық тапсырмалар, жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады. Бұл - көңіл бөлу, елестету, есте сақтау мен ойлау. "Бүгін және әрқашан өзің үшін жаса!" -міне, математика және логика курсының негізгі тақырыбы."Матемитика және логика" курсы ойлау, талдау, жинақтау, салыстыру, жүйелеу, шектеу, жіктеу,мойындамау(терістеу), сұрыптау, ой тұжырымы, есте сақтау, зейінді дамыту секілді тапсырмалармен қамтылған.

Вариативтік оқытудың негізгі мақсаты - оқушылардың жалпы білім беру бағдарламасындағы жекелеген пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін туғызу.

Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Оқытудың вариативтік негізінде құрастырылған таңдау курсы бастауыш сынып оқушыларына арналған.1-4 сыныптарда"Математика және логика " курс бағдарлама үлгісі 1-сынып аптасына 1-сағат, жылына 35 сағат ,2- 4 сыныпта аптасына 1 - сағат, жылына 36 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын үлгіге ала отырып, оқушылардың алған білім, білік, дағдыларын және пәнге деген қызығушылығын арттырады.

2022-2023 оқу жылындағы ҚР - ның жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы нұсқау хатты негізге ала отырып пәнді оқытуда оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында таңдау пәндері қосымша пайдаланылады.

«Математика және логика» сабақтары жүйесіндегі ұсынылған есептер мен жаттығулар үш түрлі мақсатты көздейді, олар: танымдық, дамытушылық. тәрбиелік.



Танымдық мақсаты.

Есте сақтаудың түрлері, қиял мен зейінді қалыптастыру, дамыту.Жаңа шешімдерді іздеу, қажетті нәтижеге жету, ерекше тәсілдерін табу.

Дамытушылық мақсаты.

Ойлау мен тіл бір--бірімен тығыз байланысты. Ойлау қызметі негізінде ойды дамыту, тексеру, салыстыру жіктеу болса, керектісін дәлелдеу, пікірін айту, өзгемен хабарласу, жауап беру тіл арқылы жүзеге асады. Осыған сәйкес сөйлеуді дамыту.Сөздермен, сөз тіркестерімен және сөйлеммен жұмыс істеу барысында тіл дамыту. Қиялдау, елестету және шығармашылық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты.

Тұлғааралық қатынастың тәрбиелік жүйелері. Қоршаған ортаға дұрыс көзқараспен қарым- қатынас жасауға тәрбиелеу.Алған білім-білік дағдыларын өмірде қолдана білуге үйрету, ізденімпаздыққа, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.

Курстың міндетті:

-Курстың басты міндетті- оқушыларға білім жүйесінің негіздерін меңгерту,тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру,оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін молайту.

-Зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.

-Өзіндік жұмыс жағдаяттарын тиімді шешу.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, дүниетану, логика негіздері, ұлттық дүниетаным.

Ұйымдастыру формалары: топтық жұмыс, зерттеу, бақылау жұмысы, жеке жұмыс, қосымша әдебиетпен жұмыс.

Оқушылар білуі тиіс:

- өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білуге дағдылану

- теориялық білімдерін практика жүзінде ұштастыра білу

- өз қиялын ұштай отырып, сұрақ қоя білу

- күнделікті өмірінде болып жатқан түрлі іс әрекеттің ерекшелігін бақылау әдісін қолдану арқылы анықтау

Оқушылар істей алуы тиіс:

- өзгеше және шапшаң ойлау

- әрекетті немесе нәтижені сынау

- өз көзқарасын және өз ойын ашық айту

- тірек сөздермен, мұғаліммен және дербес жұмыс жасау

Күтілетін нәтиже:

Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетімен жұмыстануға, дәлелдеуге, салыстыра отырып пікір айтуға, есте сақтауға, өз-өзіне сеніммен қарауға, жаңа шешімдерді іздей білетін тұлға қалыптастыру.

Сауатты оқуға, түсінуге, ажыратуға, салыстыруға алған білімін күнделікті өмірде қолдануға дағдыланады.





Курс бойынша мазмұны мен құрылымы

«Қиял мен зейінге шолу»

Қазіргі білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасына сай спиральды оқыту әдісі бойынша 4 тарау бойынша барлық кластарға бірдей тақырыптармен енгізілді. Әр класқа байланысты тапсырмалар күрделеніп дайындалады.

«Қызықты арифметика» бөлімінде балалардың сабақ үстінде танысқан көптеген ойындары арқылы есептей отырып, кейіннен күнделікті өмірге сіңіп кетеді. Мысалы: математикадан есептер, логикалық тапсырмалар мен логикалық есептер, қызықты есептер, айырмашылығын табу, есте сақтау тренингтері балалармен өткізілетін кез – келген тапсырманы сабақтың үстінде бой жазу ретінде қолдануға болады.

«Ойлауға берілген есептер» бөлімінде бастауыш сынып балалары ,яғни тұлғаның танымы мен интеллектуалды дамуына қажетті тапсырмалармен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама , математиканың негізін сапалы игеруді қамтамасыз етеді.

«Геометриялық ұғымдар» бөлімінде көрнекі-бейнелі, логикалық жəне абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейіндегі алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасауды көздейді.

«Сөйлеуді қалыптастыруға арналған тапсырмалар» бөлімінде математикалық жұмбақтар мен мақал-мәтелдер алуға және еңбекке бейімдеуге, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мөдени мұраларымен үндестіру арқылы, баланы түлға ретінде қалыптастыру және оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту.Мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.

Бастауыш класс оқушыларына арналған «Математика және логика » бағдарламасы құрылысы мен мазмұны математика курсының негізгі болып табылады. Мұнда тек қажетті дайындық деңгейі жетістіктерін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар логикалық - математикалық дайындықты күшейтетін терең, әрі жан - жақты математикалық білімді игеруді, математикалық нысандармен жұмыстағы нақты тәжірибені дифференциалдық тәсіл мүмкіндіктерін, оқу қызметінің маңызды элементтерін дамытуға жол ашады. Жаттығулар жинағында сабақтарды белгісіне қарай бөлуге және оларды орындауға, салыстыруға, жүйелеуге, логикалық сөздерді түсінуге және оларды дұрыс қолдануға, талдауға, ұғымды анықтауға, арналған тапсырмалар берілген.

Оқушыларды талқылай білуге, алған білімдерін қолдана білуге, негізделген ауызша есептеудің қызықты тәсілдеріне арналған тапсырмалар енгізілген.

Шығармашылық жаттығулар, геометриялық маңызды жаттығулар, логикалық тапсырмаларды шығару тәсілдерін үйретуді көздейді.

«Өмірдегі тиімділік»

Дарынды балаларға арналған «Математика және логика» көмекші, әдістемелік құралының ұтымдылығы оқушылардың бастауыш сыныптардан бастап өз ойын жүйелі де түсінікті етіп жеткізу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру болғандықтан, қызықты сұрақтар, мақал - мәтел, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды талдатуға басты назар аударылaды. Сондай-ақ сөйлеудің ауызша және жазбаша түрі, олардың ерекшеліктерін қамтыған материалдар берілді. Тез ойлап ,тез шешім қабылау, салыстыру, ажырату қабілеттерін дамытады.

Оқушыға өз ойын еркін айтуына, ойын дамыта өзгертуіне шығармашылық жұмыстағы еркіндікке, кез келген мәселені шешуге, баға беруге, таңдау жасауға, оқығанын өмірмен байланыстыруына, өмірде қолдана алуына мүмкіндік береді.

Оқушылар алдына өзекті міндеттерді қоя біледі, оларды шешеді, логикалық тапсырмаларды пайдаланып, салыстыру, топтау әдістерін қолданып, дәлелді тәуелділіктің шешуін табады, талдай білу дағдысын дамытады, тәуелділік байланысын орнатады және қорытынды жасауды үйренеді.

Сонымен қатар логикалық ойлауға дағдыланады, логикалық сөйлеу және ойша елестеу қабілеті дамиды.

Қоршаған ортаны танып, білу үрдісі баланың ойлануын дамытып қана қоймайды, оқушының қоршаған ортаға адамгершілік қарым - қатынасын қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Оқушылардың қоршаған дүние туралы алған білімін дұрыс қолданып, әлеуметтік және табиғи ортада өзінің жүріс тұрысын әділ бағалай білу қабілетін тәрбиелеу. Қоршаған ортаны танып білу сабақтарында алған білімі өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамытады.

Таным теориясы адамға жинақталған ақпаратты зерттеп, ішінен маңыздысын таңдап, соның негізінде дұрыс өмірлік салтын ретке келтіру, дұрыс таңдау жасау қабілетіне ие болуға, яғни өзінің болмысы мен әрекетін бағалау дағдысын көрсете білуге мүмкіндік береді.
































"Математика және логика " 3- сынып Күнтізбелік жоспар аптасына

1 сағат, жылына -34сағат


Бөлімі


Сабақтың тақырыбы


Тақырыптың мазмұны


Оқу мақсаты

Сағат саны


Мерзімі

І. Қызықты арифметика 9 сағат.

«Тез есепте,салыстыр»(21-100-ге дейінгі сандар )

Сандарды салыстыру,есептеу

3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау

1


1000 көлеміндегі сандарды оқу,жазу және салыстыру ,қосу және азайту

Шапшаң қосу мен азайтуға үйрету

3.1.1.2 үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

1


Сандардың разрядтық және кластық құрамы,ауызша қосу және азайту

Сандармен амалдарды орындау

3.1.1.3 үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар қосындысына жіктеу

1


Көбейтудің қасиеттері

Екі таңбалы сандарды заңдылықты сақтай отырып қосу мен азайту

3.5.2.4 көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану

1


0 және 1 санының қасиеті

0 және 1 сандарына амалдар орындау

3.1.2.2 көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу

1


Қасиетті сандар

Қазақтың киелі сандары туралы іздену

3.4.4.1 «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану

1


Байырғы өлшеуіштер

Қазақтың байырғы ұзындық,сыйымдылық өлшемдері

3.1.3.4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру

1


Математикалық эстафета

Ой шапшаңдықтарын қозғау,әрекет.Іздеу жұмысы


3.1.2.5** үш таңбалы сандарды олардың ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау


1


Кім шапшаң?

100 көлеміндегі сандарға амалдар қолдану

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану


1


ІІ.Ойлауға берілген есептер 12 сағат

«Бос тор көзді толтыр»

Көбейту кестесі

3.1.2.4 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану

1


«Теңдікті жалғастыр»

Сіріңке талынан теңдік құрауға арналған есептер

3.2.1.7 формулаларды шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретінде түсіну

1


«Сандарды орналастыр»

Суреттің орнына сан қойып есептеу

3.4.3.2 өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу

1


Графикалық моделдеуге берілген есептер

Сызба бойынша есептеулер жүргізу

3.3.2.4 солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру

2


Судоку

Кестелердің көмегімен есептер шешу

3.4.2.2 кестелер және графтар құру әдісімен логикалық пайымдауға берілген есептерді шығару

1


Логикалық есептер

Логикалық есептер шығару

3.4.2.2 кестелер және графтар құру әдісімен логикалық пайымдауға берілген есептерді шығару

1



«Санайық ,есептейік, ойланайық»

Арифметикалық амалдарды көзбен салыстыру арқылы тез есептеу жолдарын беру.

3.5.1.7 үш амалмен шығарылатын есептерді (шамалар арасындағы тәуелділкке құрылған жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеу және шығару

2


Теңдеу құру

Мәтін есептерден қарапайым теңдеу құру

3.5.1.8 айнымалысы бар өрнектер мен теңдеу түрінде барлық арифметикалық амалдарға берілген қарапайым есептерді шешу; қосу мен азайтуға берілген құрама есептерді санды өрнектер түрінде моделдеу

1


Күрделі теңдеу құру

Мәтін есептерден күрделі теңдеу құру

3.5.1.8 айнымалысы бар өрнектер мен теңдеу түрінде барлық арифметикалық амалдарға берілген қарапайым есептерді шешу; қосу мен азайтуға берілген құрама есептерді санды өрнектер түрінде моделдеу

1


ІІ

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!