Материалдар / Математика көшбасшысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика көшбасшысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
571
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көктерек орта жалпы білім беретін мектебі











«Математика көшбасшысы»


(зияткерлік сайысы)








Орындаған: Егінбаев.Е.







2018- 2019 оқу жыл


«Математика көшбасшысы» сайысы


Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Окушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.



1-жүргізуші: Армысыңдар, ағайын,

Ағайын тілін табайын


2-жүргізуші: Бармысыңдар бауырлар

Өкпе жоқ, бізде бауыр бар


1-жүргізуші: Есенбісіз, ұстаздар,

Шаршамайтын қыс-жаздар


2-жүргізуші: Ізетке ие інілер,

Інілер, еті тірілер


1-жүргізуші: Кешке келген сайланып,

Отырам деп жайланып


2-жүргізуші: Көрермендер аман ба,

Отырған анау ойланып


Екеуі бірігіп: Бәріңізге бір сәлем.


1-жүргізуші: Енді кешті бастайық

2-жүргізуші: Екеуміз енді саспайық

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Математика көшбасшысы» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.

2-жүргізуші: Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз.

1-жүргізуші: Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты,әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.

2-жүргізуші: Ал енді бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық

1-жүргізуші: Ашық жарқын жүзді

Әділқазылар біздің,

Әділ баға берерге,

Шақырайық біз төрге.

Шеберлікті, білімді,

Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңіздер –деп алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Мүшелері:


2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық . Сайыс бес кезеннен тұрады. .

  1. Бәйге. / 10 ұпай /

ІІ-тур. Көкпар. / 10, 20, 30, 40 ұпай /

ІІІ-тур. Полиглот. / 3 тілде – 30 ұпай, 2 – 20, 1 – 10 /

ІV-тур. Жорға. / 15 сұрақ, 1 минутта әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай /

V-тур. Жекпе-жек./ 2 ойыншыға бір сұрақ қойылады, дұрыс жауапқа 10 ұпай /


І ТАНЫСТЫРУ

  1. Есмағамбетова Аэлита

  2. Тельманова Қатима

  3. Салауатова Айгерім

  4. Қуанышқали Нұржамал

  5. Мұтиғоллин Жарқын

  6. Асқарова Айымжан

  7. Салауатова Іңкәрім

  8. Орманов Әлішер


2-жүргізуші: Қарап тұрмай бәйгеге ерініз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.


ІІ БӘЙГЕ / 10 ұпай/

1-сұрақ. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу (Радиус)

2-сұрақ. Үштің нешінші дәрежесі 729-ға тең? (6)

3. Қанша үш таңбалы сан бар ? (900)

4. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда? (диаметр)

5. Бір әтеш екі адамды оятса, 10 адамды ояту үшін қанша әтеш керек ? (1)

6. Жарты алманың жартысы неге тең? (жартысының жартысына тең )

7. Бір топ үйрек ұшып келе жатты.Біреуі алдында,екеуі артында, бірі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында тізбектеліп қатар ұшқан.

Қанша үйрек ұшып келеді ? (3)

8.Түмен сөзі қандай санды көрсетеді ? (10000)

9. Әріпті өрнектердің алдында тұрған санды не деп атаймыз? (коэффициент )

10. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар ? (6*6-6 )

11. Екі нүктенің арасындағы түзу? (кесінді)

12.Бірнеше санның қосындысын қосылғыштар санына бөлгеннен шығатын бөлінді?

(арифметикалық орта )

13. Сынып оқушылары 203 оқулық сатып алды. Барлық оқушылардың алған кітаптарының саны бірдей, сыныпта неше оқушы бар? (7 кітап 29 оқушы )

14. Айқасқан екі таяқ тұрады жоқты сұрап? (Х )

15. Дәлелдеуді қажет ететін математиклық сөйлем? (теорема )

16. 1 мен 10 цифрларынан қандай амал қолданғанда 1 шығады? (дәрежелеу)

17. Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан? (Әл-Жебр )

18. Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? (12 қыры, 6 жағы )

19. Қабырғасы 6 см-ге тең квадратқа іштей сызылған шеңбердің радиусы неге тең? (3 см )

20. Сызықтық функцияның графигі (түзу сызық )

21. Әріпті өрнектің алдында тұрған қандай коэффициент жазылмайды? (Бір)

22. Асқар Жанардан кіші, бірақ Дамирден үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсы? (Ажар)

23. Үш әке мен алты бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6-дан алма тиді. Бұл қалай болғаны?

(1 атасы, 2 әкесі, 4 немересі )

24. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (Біреуі )


1-жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.


2-жүргізуші:

Ең қиыны жарыстың «Көкпар» келді

Мықтыларды қалыпты жеңсің енді.

Тез жауап бер ойланып тұрыпқалмай

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.


ІІІ КӨКПАР


ТҰЛҒАЛАР

Тұлғалар - 10 . Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған. Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым. (Аристотель)

Тұлғалар - 20 Аристотель еңбегін зерттеген, «Шығыс Аристотелі немесе екінші ұстаз» атанған 870-950ж. ж. өмір сүрген ғалым? (Әл-Фараби)

Тұлғалар - 30 .«Математика – ғылымдар патшасы, ал арифметика – математика патшасы» сөзінің авторы кім? ( Гаусс)

Тұлғалар - 40 . Тұнғыш қазақ геологы, Қазақ ССР ҒА-ның кеңестік шығыстан шыққан бірінші академигі.қазақ тіліндегі тұнғыш алгебра оқулығының авторы. (Қ. Сатбаев)


Математикалық сөздік

Математикалық сөздік - 10 . Квадрат сөзінің аудармасы? (шаршы)

Математикалық сөздік - 20 Куб сөзінің аудармасы? (Текше )

Математикалық сөздік - 30 . Дискриминант сөзінің аудармасы? (Айқындауыш)

Математикалық сөздік - 40 . Биссектриса сөзінің аудармасы? (Жарма)




Байырғы есептер

Байырғы есептер - 10 Үш пар ат 30-км-ге шапса, әр ат қанша км-ге шапқан? (30 км)

Байырғы есептер - 20 .Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа неше күнде жетеді? (9 күнде)

Байырғы есептер - 30 .Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтады. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтады.? (Төрттен бірін)

Байырғы есептер - 40 . Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: қанша асық ұттың – деді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, – деді 

- Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, – дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып. 

- Ең көп асықтан ұтылған мен болдым, – дейді мұнайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық? ( 4, 8 18 )


Ең ең ең ...

Ең ең ең ... - 10 . Ең кіші жай сан? (2 )

Ең ең ең ... - 20 . Ең үлкен екі таңбалы құрама сан? 99

Ең ең ең ... - 30 . Ең алғашқы математик әйел? (С. Ковалевская)

Ең ең ең ... - 40 Ең алғаш координаттар жүйесін енгізген кім? Р. Декарт


1-жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз 3 оқушы ойыннан

шығады. Сіздерге рахмет!

1-жүргізуші: Шығыс елдерінде 7 санын әсіресе құрметтеген, жер дүниені 7 мен

белгілеген.

2-жүргізуші: Вавилондықтардың сенуі бойынша жер астындағы жұмаққа жету үшін негізгі жеті қақпадан өту керек.

1-жүргізуші: Ай туып жеті күннен кейін жартылай толып, тағы жеті күннен кейін түгел толып, одан кейінгі жеті күннен кейін жарты болып.Ал келесі жеті күннен кейін аспанда тек қана жұлдыздар қалады. Содан 4 аптадан, әр

апта жеті күннен «ай» деген ұғым пайда болды.

2-жүргізуші: «Бұл жерге кемейді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан цифр термек үшін,

Көрсетіп есептеудің жолын қалай,

Келдім оларды айтып бермек үшін»- деп ойнымыздың «Полиглот» деп аталатын бөлімін бастаймыз.

  1. Айдағаны ... ешкі ысқырығы жер жарады.

Жауабы: бес- пять- five

  1. Жігітке жеті өнер де аз, ... өнер көп емес.

Жетпіс- семьдесят- seventy

  1. Бір-бірімен жарысқа

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді?. Сегіз - восемь - eight




  1. Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі. Қарандаш- Карандаш - pencil


  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. Сызғыш – Линейка - Ruler


  1. Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды. Сағат - Часы - Clock


  1. Білімнің жолбасшысы,

Шәкірттің қолбасшысы. Мұғалім - учитель - teacher


  1. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым

Салу үшін сен оны сызғыш ізде

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. Түзу - Линия - Line

  1. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай.

Натурал сан - Натуральные числа - Real

  1. Мың кісіге бір белбеу. Сыпырғыш - веник - broom


1-жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз 2 оқушы ойыннан

шығады. Сізге рахмет!


1-жүргізуші: Мәнгі бақи есте қалар,

Қызықты бір ойын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын

-дей отырып сайысымыздың келесі кезеңі «Жорға» бөліміне көшейік.

Бұл бөлім бойынша сіздер дайындалған сұрақтарға тез, әрі нақты жауап

берулеріңіз керек. Бір минут ішінде қанша сұрақ тындап, нешеуіне дұрыс

жауап беру сіздің шапшаңдығыңызға байланысты. Әр дұрыс жауап 10

ұпай.


IV. ЖОРҒА


А- нұсқасы

1. Айырмашылығы тек таңбасында болатын сан. (қарама қарсы сан)

2. Нолден үлкен сандар. (оң сандар)

3. Қарама қарсы сандардың қосындысы. (нол)

4. 9-ға кері сан. (тоғыздан бір)

5. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

6. Вектор дегеніміз не? (бағытталған кесінді)

7. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем. (аксиома)

8. cos0° –та неге тең. (бірге)

9. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. (360°)

10. Бір жазықтықта жатпайтын түзулер. (айқас)

11. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (нол)

12. a²+b²=c² кімнің теоремасы. (Пифагор)

13. 75% санның қандай бөлігі. ( ¾ )

14. бестің квадраты. ( 25 )

15. 11 жай сан ба? (ия)


Ә- нұсқасы


1. Бір нәрселерді санау үшін қажет сандар. (натурал сан)

2. Нолден кіші сандар. (теріс сандар)

3. Кері сандардыңкөбейтіндісі. (бір)

4. Жарты түзу. (сәуле)

5. 9-ға қарама қарсы сан. (- 9 )

6. Бағытталған кесінді. (вектор)

7. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем. (теорема)

8. tg45°-та неге тең. (бірге)

9. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. (180°)

10. Қиылыспайтын түзулер. (параллельтүзулер)

11. ax4+bx2+c=0 қандай теңдеу? (биквадрат теңдеу)

12. sin²α+cos²α неге тең? (бірге)

13. 100 санының ¼ бөлігі неше? (25)

14. Тоғыздың квадраты. (81)

15. 13 құрама сан ба? (жоқ)


Б- нұсқасы


1. Берілген шаманың жүзден бір бөлігі. ( % )

2. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)

3. Пифагор теоремасы. (a²+b²=c²)

4. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер. (перпендикуляр түзулер)

5. ax²+bx+c=0 қандай теңдеу. (квадрат теңдеу)

6. Кесінді деген ке? (екі нүкте арасындағы түзу)

7. Квадраттық функцияның графигі. (парабола)

8. sin0°-та неге тең. (нол)

9. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

10. Екі қабырғасы тең үшбұрыш. (тең бүйірлі үшбұрыш)

11. Шешімдері бірдей теңсіздіктер. (мәндес теңсіздіктер)

12. tgx·ctgx неге тең. (бірге)

13. 100 санының ¾ бөлігі неше? ( 75 )

14. Үштің кубы. (27)

15. 15 жай сан ба? (жоқ)


1-жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз бір оқушы ойыннан

шығады. Сізге рахмет!

1-жүргізуші: Сонымен сайысымыздың ең шешуші кезеңі «Жекпе жек» бөліміне көшейік.

2-жүргізуші: Бұл бөлімде екі оқушыға бірдей тапсырма беріледі. Қайсысы бірінші әрі дұрыс орындаса сол оқушы жеңімпаз болып «Математика көшбасшысы» атанады

1-жүргізуші: Күзетшілерді орналастыру. Квадрат пішінді қорғанның қабырғаларының бойына 16 күзетшіні орналастыру керек еді. Комендат оларды суреттегідеі орналастырды, яғни әр қабырғаның бойына 5 күзетшіден тексеруге келген полковник әр қабырғаға 6 күзетшіден қоюға бұйрық берді, полковниктен кейін тексеруге келген генерал оның бұйрығын бұзуға және әр қабырғаның бойына 7 адамнан қоюға бұйрық берді. Күзетшілер қалай орналастырылды.

DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1










2-жүргізуші: Қазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша, жанкүйерлердің

дайындаған музыкалық өнерлерін тамашалайық .


1-жүргізуші: Қанып сандар сырына,

Шықсақ білім шыңына.

Деп алаулап жүрегі

Қосқан әуен жырына,

Математиктер жасасын!- дей отырып кешіміздің қортындысын хабарлау үшін сөз қазылар алқасының төрағасына беріледі.


2-жүргізуші: Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.

Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.

Математика ғылымдар патшасы атты

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

Омар Хайям, әл-Фараби жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді,

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.


1-жүргізуші: Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесеміз біздер әлі.

Әділ-қазы, көрермен сау тұрындар

Күтеді бізді жарқын күндер әлі.


2-жүргізуші: Осымен «Математика көшбасшысы» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!