Материалдар / Математика Мазмұны ұқсас есептерді шығару жолы 10 сынып

Математика Мазмұны ұқсас есептерді шығару жолы 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер мен оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2020
635
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе

Жердің табиғи серігі- Айды білмейтін саналы адам баласы жоқ. Күн жүйесі газды-тозаңды бұлттан пайда болғанда Айдың да атмосферасы, гидросферасының өзге ғаламшарлармен тең дәрежеде түзілгенін, табиғи серіктің жеке ғаламшар болып саналатынын ғылым бүгінде еске жиі салып келеді. Уақыт өте келе Күн жүйесіндегі ғаламшарлар мен олардың серіктері түрлі жағдайға ұшыраған. Ай Жер сияқты өзінің атмосферасын да, гидросферасын да ұстап қала алмаған, олар кеңістікке ыдырап, ұшып кетті. Сондықтан да бұлтсыз тұнық түнде қараңғы аспанды сейілтіп, Жер бетіне күміс сәулесін төгетін Айымыз тіршіліксіз. Соған қарамастан Айға адам баласы ертеден назар аударды. Оның бірінші қасиеті Жердегі ауа райына, Жердің жалпы қозғалысына, өз осіне айналуына жасайтын ықпалынан көрінеді.Ай — табиғи Жер серігі және ең жарқын нысанКүн жүйесінде ресми тіркелген 146 ғаламшар серігі бар. Одан бөлек, ғылыми тұрғыдан әзірге нақты дәлелденбеген 27 табиғи серік табылған. Бір қызығы, ғаламшар серіктері әртүрлі атауға ие болған. Атап айтқанда, Каллисто, Титан Еуропа немесе Прометей сынды Шекспир кейіпкерлері мен көне грек мифологиясындағы құдайлар есімі берілген. Ал жердің табиғи серігі жай ғана Ай деп аталыпты. Неге? Астрономия ғылым саласының терминологиясында «Ай» барлық серіктердің жалпы атауы ретінде беріледі. Ал жер сергінің ғылыми атауы бар ма? Расында Жердің табиғи серігін ғылымда Крелон, Крона, Аврон және Муад’Диб атауларымен атайды екен. Ал серіктің жалпы қолданыстағы атауы – Ай. Айта кетсек, 1610 жылы белгілі ғалым Галилео Галилей Айды алғаш телескоп арқылы зерттеп, оның атауын береді. Одан бөлек, италиялық ғалым Юпитердің серігін де зерттеген болатын. Бірақ оның ғаламшар серігі екенін нақты дәлелдей алмайды. Адамзат өркениеті дами бастағалы Ай біз үшін көктегі таныс ғарыш нысаны болған. Ал өзге де серіктердің бар екені небәрі 400 жыл бұрын анықталды. Себебі Коперникке дейін ешкім де Жердің Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың бірі екенін білмеген. Нақтырақ айтар болсақ, Коперникке дейінгі қоғам Жерді ғалам орталығы деп білетін. Ал Күннің галактикадамыздағы жұлдыздардың бірі екенін тек 1590 жылы Джордано Бруноның ғылыми тезисі арқылы таныдық. «Ай» термині латынның «Luna» сөзінен шығып, «табиғи серік» деген ұғымды береді. Бұл бейресми термин және ғылыми атау емес. Астрономдар барлық ғарыш нысандарына атау беруді жөн көреді. Себебі болашақта біздің ғаламның нысандары туралы нақты ақпараттар белгілі бола бастаса, мультиғаламның тұңғиығында адасып кетеріміз анық.

Зерттеудің мақсаты: Ай фазасының оқушылардың үлгеріміне әсерін анықтау

Гипотеза:Ай фазалары мектеп оқушыларының сабақ үлгеріміне әсерін анықтай аламыз

Зерттеу объектісі: Ай фазасының оқу үдерісіне және қатысушылардың тәртібі

Зерттеу пәні:ай фазаларының оқу әрекетіне әсер ету сипаты.

Зерттеу базасы: 8-9 сыныптар аралығындағы негізгі пәндер бойынша №201 мектеп-лицей оқушыларына жүргізілді.


Тапсырма:

1. Осы тақырып бойынша әдебиеттерді талдау және шолу.

2. Айдың адам ағзасына әсер етуінің негізгі кезеңдерін анықтау.

3. Айдың фазаларының мектеп оқушыларының оқу нәтижелеріне әсерін зерттеу (1 тоқсан).

4.Оқушылардың академиялық үлгеріміне айдың фазаларының әсерін дәлелдеңіз және сипаттаңыз (мысалы, 8-9 сынып).












Ай туралы жалпы мәліметтер


Айдың адам азғасына әсер ететіндігін ежелгі пәлсапашылар мен ойшылдар айтып кеткен. Олар жарықтың тірі және өлі табиғатқа қалай әсер ететіндігін зерттеп, астрономия, астрология және жаратылыстану ғылымдарының негізінің қалануына себеп болған. Табиғаттың әлі сыры ашылмаған ғажайып құбылыстары аз емес. Адамзат баласында ерте заманның өзінде-ақ дүниенің жаралуы, табиғаттың түрлі құбылыстары туралы өзіндік көзқарасы, түсінігі болды. Өйткені, адам – табиғаттың бір бөлшегі, ол өзін қоршаған әлем заңдылықтарын байқап-бағдарлап табиғаттағы ғажайып құбылыстардың сырын білуге ұдайы ұмтылып отырған.

Табиғат құбылысының терең тылсымына үңілуде адамзат баласы талай жолдардан өтті, мол тәжірибе жинақтады. Әзірше болмысы беймәлім, ғылыми тұрғыда түсіндірілмеген құбылыстар да жетерлік.

Адам баласы тіршілігінің алтын бесігі – жердегі болып жатқан әр түрлі құбылыстар аспан денелерімен байланысты екендігі ертеден белгілі. Жалпы жердегі тіршілікке күннен кейінгі ерекше әсер етуші аспан денесі – ай.

Айдың радиусы 1738 км, бұл жер радиусынан 3,6 есе аз (1-қосымша)

Айдың диаметрі жер бетінің төрттен бір бөлігі 476 км.

Ай суық, қатты беті бар, атмосферасы мен суы жоқ жартасты шар тәрізді дене.

Айда ауырлық күші жер бетінен 6 есе аз.

Айдың тығыздығы су тығыздығынан 3,3 есе көп, бұл жер тобының кез келген планетасына қарағанда аз: жердің өзі, Меркурия, Венера және Марс.

Айдыңмассасы 0,0123 жер массасын (шамамен 1/81) немесе 7 кг құрайды.

Ай Күн жүйесінің басқа денелерінің басым көпшілігі қозғалатын бағытта, яғни сағаттіліне қарсы шамамен эллиптикалық орбитада 1,02 км/спо орташа жылдамдықпен жера йналасында қозғалады.

Жер мен айды кейде екі ғаламшар деп атайды, өйткенібұлденелердіңөлшемдері мен массасынажақын. Географиялық тұрғыдан келсек, ай бізге ең жақын аспан денесі. Ай жерді айнала қозғалып жүреді, сондықтан жер серігі деп аталады. АҚШ астронавттарының таяудағы есептеуі бойынша жерден айға дейінгі қашықтық 384 401 шақырым екен («Егемен Қазақстан», 27.03.93). Ай пішіні кейде жарқыраған орта, кейде жарты дөңгелек, енді бірде тұтас дөңгелек сияқты болып көрінеді. Айдың осындай әртүрлі көріністерін ай фазалары деп атайды, оның себебі, ай да жер сияқты өзі жарық шығармайтын қараңғы дене, Ай жарықты Күннен алады да, оның бізге тек жарық түсетін жағы ғана көрінеді.

Бірінші фаза, жаңа ай деп аталады, бұл кезде ай күн мен жердің арасына келеді де, күн сәулесі түспейді, сондықтан ай бізге көрінбейді. Бұл кезеңді, яғни жаңа ай мен ескі ай аралығын халық «өлі-ара» деп атайды, ай күннен шығысқа қарай қозғала отырып, оның көрінетін орағы үлкейе береді. Сөйтіп, жеті күн өткен соң жарты ай көрінеді, оның дөңес жағы оңға қарап тұрады, айдың бұл кезеңі бірінші ширек деп аталады.

Келесіфазасы-толған ай депаталады. Бұлкезде ай күнгеқарама-карсыбағыттатұрады. Толған айдан соң жеті күнгі кезең – айдың соңғы ширегі деп аталады. Бұлкезде ай орағының дөңес жағы солға қарап тұрады. Жалпы, ай фазалары орташа 29,5 күн тәулігінде алмасып отырады.

Көшпелі өмір сүрген бабаларымыз тұрмыс-тіршілігінде табиғатты жатсынбаған, табиғатты болмыс-тіршілігінің құрамдас бірбөлігі депқараған. Көшпелі өмір салтының бір белгісі – табиғаттың табиғи жаратылысымен санаса отырып, өзің табиғатпен тұтастықта, табиғаттың бір бөлшегі дептану, табиғат пен кіндігіміз бір деп есептеу. Олар үшін аспан әлемі – барша тіршіліктің баспанасы, тірегі. Ал, айдың жалпы тіршілікке, адам баласына әсер ететіндігін ата-бабаларымыз білген. Сондықтан да болар қазақсалтында ай жаңаланғанда ауыл қариялары:

«Айкөрдім, аманкөрдім,

Жаңа Айда жарылқа,

Ескі Айда есірке»,-деп, жаңа айға бата қылып, бала-шаға, ағайын-туысқ ажақсылық тілеген. Халық ұғымында ай сұлулықтың белгісі, халқымыздың айға қарапалдағы ауа райын болжауын айтпағанда, жатқанда терезенің пердесін жауып жат, ай сәулесі түспесін немесе кейбір көтеріліп ауыратын адамдарды көргенде: Ай жаңарды, бұл бей бақтың ауруы да жаңарды,-деген сөзді тегін айтпаған болар.

Сондай-ақ халық түсінігі бойынша, айды саусақпен көрсетуге, айға қарап дәретсындыруға болмайды.

Зертеуші ғалымдар ай әсері тек жерге ғана емес, сондай-ақ осы планетаны мекендеген барлық тіршілік атаудыға жүретіндігін айтады. Үлкен Палиний өзініңе ежелгі ғылыми ілімдер жинағынан тұратын «Табиғаттарихы» аттыеңбегінде «айдың құдіретті күшін өсімдіктер де, жануарлар да, адамдар да күнбе-күн сезіп отырады»,*деп жазған екен. Жалпы ай циклін 14,5 күннен тұратын екі кезеңге бөлуге болады. Біріншісі – толысып келе жатқан ай (туған айдан толған айға дейінгі (кезеңі, кішірейіп бара жатқан ай), толған айдан туған айға дейінгі кезеңі.

Сондай-ақ тірі организимдерге айдың толған және туған күндерінде үш (айдың толған және туған, осы екі кезеңнің алдындағы және соныңдағы) күн ерекше әсер ететін корінеді.

Географияның мектеп бағдарламасы бойынша біз мұхиттар мен теңіздер суы айдың өзіне тартуы әсерінен деңгейі тәулігіне екі рет көтеріліп, екі рет төмендейтінін білеміз. Бұл құбылысты судың толысуы мен қайтуы деп атайды.

Француз зерттеушілері А.Либер мен К.Шерин судың толысу мен қайту құбылыстары айдың әсеріне байланысты екендігін айта келіп (аталған құбылысты тұңғыш рет И.Ньютон дәлелдеген болатын), ай адам организміне де сондай әсер етеді деген болжам (гипотеза) айтады. Себебі, адам денесінің жартысынан көбі судан тұрады. Мәселен, адам қанында су үлесі-83 процент шамасында, ал, қан болса, тіршілік негізі, мидың өзіндегі су мөлшері-85 процент.

Олай болса, ай мұхит суы деңгейіне өзгерістер әкелген сияқты, адам бойындағы суға да біршама өзгерістер әкелуі мүмкін. Оны өзіміздің күнделікті тіршілігіміздегі денсаулымыздағы және мінез құлқымыздағы өзгерістерден байқауға болады.

Жалпы, ғалымдардың айтуынша, жер бетіндегі адам қолымен жасалынатын қылмыстың көпшілігі ай толысқан кезеңде жүзеге асып жатады екен. Осы арада мынадай мысал келтіруге болады, 70-жылдың басында Филадельфияда «Адам мінез-құлқына ай толысуынын әсері» деген ресми баяндама дайындалып, онда былый дейді: «Күнделікті қызмет барысында телефон арқылы шұғыл шақыру алатын полияцияның жетпіс офицері адамдардың полиция көбірек шағымданатын кездері әсіресе, айдың толысу кезінде жиі болатынын айтқан»,-деп жазды француз ғалымы М.Гоклен.

Сондай-ақ мұндай қылмыстардың жиі болатын екінші кезеңі – жаңа айдың тууына сәйкес келеді екен. Аспан әлемін зерттеуші жұлдызшалар: «Толысып айдың кезеңінде адамдардың өмірлік белсенділігі жоғары болады, қолға алған істері табысты болып, өздерін ширақ сезінеді. Ал, екінші жағынан Ай толған күндері әр түрлі қылмыстар жасау, жол-көлік оқиғалары, түрлі бұзақылық көп кездеседі. Бұл кезде спирттік ішімдіктер ішу де қатерлі… Ай туған күн адамның мінезіне жағымыз әсер етеді, себебі, бұл кезде адамның өмірлік белсенділігі төмендейді. Адам ашуланшақ, күйгелек келеді. Қолға алған ісінің қиюы қашып, қате басу жиі байқалады»,-дейді. Әрине мұның бәрі қатып қалған заңдылық емес, өйткені, жаратылыстың адам баласына белгісіз сырлары көп қой!

Жалпы, аспан әлемінің құпия сырларын зерттеушілер адамның көңіл- күйі, өмірлік белсенділігі ай фазаларына байланысты екендігін айтады. Ал, айдың туу, бату уақыттарын, оның фазаларының қай күндерге сәйкес келетінін білгіңіз келсе, онда күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген күнтізбе бетіне қараңыз. Онда айдың қай ширегі қай күндерге сәйкес келетіні және айдың туу, бату уақыттары көрсетілген.












Ай фазалары

Ай - ғарыштағы Жердің ең жақын көршісі. Біз Айды Күн сәулесін шағылдыратын болғандықтан аспаннан жақсы көреміз.

Ай Жерді айнала қозғалады. Күн мен Жердің бір-біріне қатысты орналасуына

байланысты, жер серігінің жарықталу беті де өзгеріп отырады. Айдың жарықталып көрінетін бөлігі фаза деп аталады.

Жер бетінен байқалатын, күн сәулелерінің бағыттарының өзгеруінен,айдың көрінетін бөлігінің әр түрлі пішіні. Ай түрінің өзгеруі оның Жерге және өзіне жарық түсіретін Күнге қатысты әр түрлі қалыпта орналасуы. Ай фазасы — Айдың көрінетін бөлігінің әр түрлі пішіні. Ай түрінің өзгеруі оның Жерге  және өзіне жарық түсіретін Күнге қатысты әр түрлі қалыпта орналасуынан болады (суретті қ.).

Ай Жер мен Күннің арасына келгенде, оның бізге қараған жарты шарына Күн сәулесі түспейді, сондықтан бізге Ай көрінбейді. Қазақ таусылған ескі Ай мен әлі туып үлгермеген жаңа Айдың бұл аралығын өлара дейді. Егер осы кезде Ай Күн мен Жердің арасына дәл келсе, Күн тұтылуы мүмкін
Туар Ай қарсаңында немесе онан сәл кейін Айдың жіңішке орағымен қатар, оның қалған бөлігі көгілдір түсті болып көрінеді. Бұл — Жердің Айға түсірген жарығы.
Жаңа Айдан соң Ай Күннен шығысқа қарай қозғалады да, оның көрінетін орағы үлкейе береді. Жаңа Айдан жеті күн өткен соң, Ай 90°-қа бұрылып, жарты Ай көрінеді, оның жарық жағы (оңға) Күнге қарап тұрады. Айдың бұл фазасын 
бірінші ширек дейді. Жаңа Айдан 14-15 күн өткеннен кейінгі фаза толған Ай делінеді. Мұнда Ай Күнге қарама-қарсы тұрады. Егер бұл кезде Жер Ай мен Күннің арасына дәл келсе Ай тұтылуы байқалады. Толған Айдан кейінгі 7-күнгі фаза соңғы ширек деп аталады. Бұл уақытта Ай Күннен батысқа қарай 90°-қа бұрылып, оның жарық жағы (солға) Күнге тұстасады. Ай фазасы 29,53 орташа күн тәулігінде (синодтық ай) алмасып отырады. Ел арасында кеми бастаған Айды “Ай қорғалады” дейді. Айдың көк аспандағы орнын қалай ажыратамыз? «Жаңа Ай туыпты» деген сөзді үлкендерден жиі естиміз. Бұл кезде Ай қияқтанып, батыс көкжиектен шамалы жоғары көрініп тұрып, көп кешікпей батып кетеді. Келесі күні қарасақ, ол кешегіден шығысқа қарай таяқ бойы көтеріліп қарады әрі жарығы көбейеді.

Ай батыстан шығысқа қарай айналады. Айдың өз осінен тәуліктік айналысы Жердің айналысымен сәйкес келмейді. Сондықтан да біз Айдың бір бетін ғана көреміз. Айдың батыс көкжиектен қылтиып көрінуі - өларадан кейінгі шығуы. Өлара кезінде Айдың Күн мен Жердің арасында болатыны белгілі.Ай фазаларының түгел ауысуы айналудың синодық периоды немесе синодтық ай деп аталады. Синодтық ай 29,5 күн тәулігіне тең. Дәл осы уақытта Ай өзінің орбитасы бойымен айналу барысында бір фазадан екі рет өтеді. Жұлдыздарға қатысты айдың жерді толық бір айналып өтуін сидерлік период немесе сидерлік ай деп аталады. Оның ұзақтығы 27,3 күн тәулігі. Айдың толуы кезінде жер центрі мен ай (1) арқылы ойша түзу жүргіземіз (оң жақтағы қызыл сызық). Айдың толуы кезінде бұл түзу Күн центрінен басталады. Бұл бағытты (қара түзу арқылы) бекітеміз. Айдың орбита бойымен қозғалысы












барысында «Жер-Ай» түзу іде өзгеріп отырады. Дәл осы түзу кескін 27,3 күн тәулігінен соң қайталанады. Ай бұл кезде орбита бойымен (2) бір айналым жасайды. (2) суретте Жердің бетінде айдың толуы үшін біршама уақыт керек. Сондықтан айдың екі толуының арасы (немесе айдың кез-келген фазасының қайталануы) 27,3 күн тәулігі емес 29,3 күн тәулігіне тең. Бұлай болатын себебі Ай Жерді айналу барысында Жерде Күнді айналып біршама жол жүріп тастайды.



Жыл бойындағы Ай фазалары

Ай Фазалары

Айды бақылағанда әртүрлі көрінуіне байланысты 7 фаза, көрінбей тұрғандағысын қосса 8 фазаны ажыратады. Олар: Жаңа ай, Толысқан жарты ай, Бірінші тоқсан, Толысқан дөңес ай, Толық ай, Дөңес ай, Үшінші тоқсан, Кішірейіп бара жатқан ай. Фазалар Айдың Күнге қатысты тәуелдігіне байланысты анықталатындықтан, қолдануға маңызды ретінде 4 фаза қарастырылады. Олар: жаңа ай, толған ай, өсуші ай, кемуші ай.


Жаңа Ай

Жаңа Ай- бұл айдың мүлдем көрінбей қалатын кезеңі, бұл кезде кемуші айдан өсуші айға ауысым процесі өтеді. Біраз жылдық тәжірибе бойынша бұл кезеңде адам бойында энергия таусылып, потенциал жоғарылайды.


Толған Ай

Толған Ай- бұл айдың дөңгелек шар тәрізді пішіндес толықтай жарқырауы, бұл кезде өсуші айдан кемуші айға ауысым процесі өтеді. Біраз жылдық тәжірибе бойынша бұл кезеңде адам бойында энергия біршама көтеріліп, керісінше потенциал азаяды.

Өсуші Ай

Біраз жылдық тәжірибе бойынша бұл кезеңде адам бойында энергия толып, астралдық информация көбейеді. Бұл кез жақсылықтың бастауы болып табылады.

Кемуші Ай

Бұл кезең ғалымдардың айтуы бойынша адам бойындағы энергия толықтай таусылып, дем алуға жақындауы болып табылады.

Ай фазаларының адамға әсері

Ай фазалары адамға келесідей әсер етеді деп есептелінеді: Ай толық кезінде көптеген адамдардың ой, күш-қуаты артады. Ескі ай кішірейіп, жоқ боларда және жаңа ай туғанша адамдардың көңіл –күйі төмендейді. Интеллектуалды өрлеу, шарықтау айдың 1/4 бөлігінен толық айға айналғанға дейін артады. Жаңа туған ай - өзіне жайлы, елге жайсыз. Ал айдың шалқайып немесе тік тууы егін шаруашылығына ыңғайсыз

Ай фазасы Ай пішіндерінің өзгеруі. Қалыпты жағдайда аспан әлемінде байқалатын ай тұрақсыз күйде болады. Ол, біресе шар тәріздес домалақ күйде жарқырайды, біресе орақ тәріздес күйде кішірейебастайды, біресе аспан денесінен мүлдем жойылып кетіп, кейінірек орақ тәріздес күйде өсуші пішінге айналып отырады. Мұндай барлығына белгілі ай пішіндерінің өзгеріске ұшырауы, ай фазаларының ауысымы деп аталады.

Ай фазасының Қыркүйек және қараша айына күнтізбесі



Айы

Ай фазалары

Уақыт аралығы

Созылған уақыты

Қыркүйек

Өспелі Ай

Толған Ай Кемімелі Ай

Жаңа Ай

1-8 қыркүйек

9 қыркүйек

10-23 қыркүйек

24 қыркүйек

8 күн

1 күн

13 күн

1 күн

Қазан

Өспелі Ай

ТолғанАй Кемімелі Ай

Жаңа Ай

1-7 қазан

8-9 қазан

10-22 қазан

23 қазан

7 күн

2 күн

12

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ