Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика пәні 1-сынып " Фигуралар. Нүкте. Сызық " Менің сиқырлы қарындашым

Материал туралы қысқаша түсінік
1.3.1.1 геометриялық фигураларды:нүкте, түзу, қисық және сынықсызықтар, тұйықталған жәнетұйықталмаған сызықтар, кесінді,сәуле, бұрышты бір-бірінен ажырату және атау; 1.3.1.2 жазық фигураларды(үшбұрыш, дөңгелек, шаршы,тіктөртбұрыш)/кеңістік фигураларды(текше, шар, цилиндр, конус, пирамида,тікбұрышты параллелепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Математика

Ортақ тақырып: «Менің мектебім».


Бөлімі: 1В. Геометриялық фигуралар


Педагогтің аты-жөні:

Жағалбай Рысгүл Сүлейменқызы

Күні:

09 10 2021ж

Сынып:

1 «А»


Сабақтың тақырыбы:

Фигуралар. Нүкте. Сызық/ Менің сиқырлы қарындашым

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.3.1.1 геометриялық фигураларды:нүкте, түзу, қисық және сынықсызықтар, тұйықталған жәнетұйықталмаған сызықтар, кесінді,сәуле, бұрышты бір-бірінен ажырату және атау;

1.3.1.2 жазық фигураларды(үшбұрыш, дөңгелек, шаршы,тіктөртбұрыш)/кеңістік фигураларды(текше, шар, цилиндр, конус, пирамида,тікбұрышты параллелепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру;

Сабақтың мақсаты:










Барлық оқушылар:

нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар геометриялық фигураларды атайды.

Оқушылардың көпшілігі:

нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле геометриялық фигураларды бір-бірінен ажыратады,анықтайды.

Кейбір оқушылар:

нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар геометриялық фигуралардың ұзыдынғын салыстырады,әріптермен белгілейді,геометриялық фигуралардан модульдер құрастырады.


Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

1. нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтарды біледі

2.түзу және қисық сызықтарды бір-бірінен ажыратады,салыстырады,анықтайды.


Тілдік мақсат:







Тақырып бойынша терминдер:

Сызық; қисық сызық;сынық сызық,тұйықталған сызық; түзу; нүкте;

тұйықталмаған сызық;

Тақырып бойынша лексика:

Сынық сызық бір түзудің бойында жатпайтын кесінділерден тұрады.Бір кесіндінің аяғы екінші кесіндінің басы болады.Әр кесінді сынық сызықтың буыны

Тұйықталған сызықтың тұйықталмаған сызықтан қандай айырмашылығы бар?

Қандай сызықтарды сызғыштың көмегімен салу ыңғайлы?

Құндылықтарды дарыту


Жауапкершілік, шынайылық, мақсатқа ұмтылу.Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту. Жазылым дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру Топқа бөлу.

1-топ « Нүкте» 2-топ « Сызық» 3-топ «Сәуле»

Білім алушылар топ ережесін атап өтеді.

Ынталандыру Математикада қарындашпен маңызды сызулар орындалатынын білесіңдер ме? Енді қарындаштың құпияларын білетін боламыз.




Топқа бөлініп отырады




Өзектендіру.

Қарындаш пен қағазды пайдаланып практикалық жұмыс жүргіземіз.

Қолдарыңа қарындаш алып, қағазға грифельді тигізіңдер. Із қалды ма? Тағы бірнеше сызық жүргізіңдер. Сен математикада бұл кескіндердің өзінің атаулары бар екенін білесің бе?

Қарындаш пенақ парақты пайдаланып практикалық жұмыс жасайды.



Қарындаш.

Қағаз.


Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

Біз бүгін олардың атауларымен танысамыз.

Мәселелік жағдаятты түсінеді.



Мағынаны тану


Жаңаны ашу. Бейнежазба көрсету

Сырым қағазға геометриялық фигуралардың суретін салды.




Оқушылар суреттегі нүкте, түзу сызық, тұйықталған, тұйықталмаған қисықтар және сынық сызықтарды сызуды түсінеді.





Оқулық, дәптер.

Әртүрлі геометриялық фигуралар.



Жаңаны қолдану әдісі

Дәптердегі №1 тапсырма

Оқушылар сызықтардың түрін атай отырып, сол сызықтарды түрлі түсті қарындашпен бастырып сызады.

Дәптердегі №2 тапсырманы ауызша орындауға ұсынады.

Қандай сызық пайда болды? (қисық сызық)


Оқушылар дәптеріне сызық түрлерін жүргізіп үйренеді.








Өз білімін бағалау үшін дәптердің жиегіндегі бағдаршамды бояйды

Баспа негіздегі жұмыс дәптері

Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру

Оқулықтағы №2 тапсырма

Торкөз парақтың бетіне суретте көрсетілгендей нүктелер сал.Оларды сызып қос. Қандай фигуралар шықты?

Бұл фигураларды сызуда қандай геометриялық фигураларды қолдандың? (нүкте, түзу)


Нүктелерді сызық арқылы қосып, фигуралар сызады. Оларды атайды (төртбұрыш, үшбұрыш).



Оқулық, дәптер.


Фигуралардың қандай қасиеттерін білесіңдер? (Пішіні, түсі, өлшемі)

Талдау әдісі : Жұптық жұмыс

3 тапсырма

Бірінші қорапқа тек үшбұрыштар орналастырылған. Бұл фигуралардың қандай белгісі бойынша орналастырылған (пішіні).

Екінші қорапқа тек көк түсті фигуралар орналастырылған. Бұл фигуралардың қандай белгісі бойынша орналастырылған (түсі).

Фигураларды тағы қалай орналастыруға болады? (көлемі бойынша)

Жинақтау әдісі: Топтық жұмыс

4 зерттеушілік тапсырма

Қандай фигуралар берілген?

(Дөңгелек, тіктөртбұрыш, үшбұрыш.)

Әрбір қатар мен бағандағы фигуралардың орналасу заңдылығын анықтау Оқушылар фигуралардың әрқайсысы қатар мен бағанда бір-бірден орналасқанын аңғарады. Оқушылар енді қандай фигураның қалдырылғанын анықтайды. Ол үшін сұрақ белгісі тұрған үшінші қатарды қарастырады.

Қатар бойынша қандай фигуралар берілген? (Тіктөртбұрыш, дөңгелек.)

Қандай фигура қалдырылған? (Үшбұрыш.)

Енді баған бойынша үшінші бағанды қарастырады.

Қандай фигуралар берілген? (Тіктөртбұрыш, дөңгелек)

Қандай фигура қалдырылған? (Үшбұрыш.)

Қатар және баған бойынша қараса да қалдырылған фигура үшбұрыш екені анықталады.


Оқушылар шартқа сәйкес қораптарға фигураларды орналастырады.






Оқушылар әрбір қатардағы фигураларды және қорапта орналасқан фигураларға

мұқият қарайды. Қораптарға фигуралардың қандай белгісі бойынша орналастырылғанын анықтайды.




Оқушылар әрбір қатар мен бағандағы фигуралардың орналасу заңдылығын анықтайды.

Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі бойынша бағалайды.

Жұлдызша – «Жарайсың»,

Төртбұрыш – Жақсы,

Үшбұрыш – Талпын.

Оқулық, дәптер.

Қима түрлі түсті әртүрлі фигуралар.

«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.




«Миға шабуыл» стратегиясы.


Сабақтың соңы


Рефлексия: «Сұқбат» әдісі бойынша жаңа сабақты пысықтау.

1.Тұйықталған сызықтың тұйықталмаған сызықтан айырмашылығы неде?



«Басбармақ әдісі





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2021
2851
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі